Қанат Жолдыбайұлы Құдайбергенов
Қанат Құдайбергенов | ||
Негізгі ақпарат | ||
---|---|---|
Толық аты |
Қанат Жолдыбайұлы Құдайбергенов | |
Туған күні | ||
Туған жері | ||
Белсенділік жылдары | ||
Мемлекет | ||
Мамандығы | ||
Ұжымдары |
Гүлдер ансамбльінің солисті (1983-1989) | |
Марапаттары |
|
Қанат Жолдыбайұлы Құдайбергенов (1956 жылы 26 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) — күйші, әнші, сазгер. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1998). Жұбайы Айткүл Кәкімқызы екеуі домбырамен ең алғаш болып қазақ әндерін дуэтпен орындаған кәсіби әншілер. «Құрмет орденінің» иегері (2015).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнерімен бүкіл республика жұртшылығына танылған Құдайбергенов Қанат 1956 жылы 26 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Қайнар ауылында дүниеге келген. Албан руының Шоған абыз ұрпағы. Әкесі – Жолдыбай Құдайбергенұлы ағаш ұстасы, шешесі – Үміт Шоғанбайқызы ауыз екі айтысқа ойланбай түсе беретін әнші, шежіреші, қарапайым жандар болған. Домбырамен ән айту, күй шерту нағашы атасы Шоғанбайдан дарыған.
Отбасында алты ағайынды. Үйінің үлкені Қанат. Өзінен кейінгі інісі Қайрат Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы ГИТИС-ті театр және киноактер мамандығы бойынша бітірген. Ол да музыкалық аспаптардың бірнеше түрінде ойнайтын сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз. Одан кейінгі қарындасы Бибігүл Қаскелең қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітіріп сонда музыка мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Інісі – Талғат, қарындастары – Бибінұр және Нұргүл мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ балауса талантымен танылған жастар.
Қанат Құдайбергенов 1973 жылы Текес орта мектебін бітіріп, 1975 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясында профессор Құбыш Мұхитовтан домбырашы-күйші мамандығы бойынша тәлім алды. 1976 жылы Айткүлмен отау құрады. 1977 жылы оқуды үздік бітіріп, Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қарағанды облыстық филармониясының жанындағы «Гәкку» жастар эстрадалық ансамблінде қызмет етті.
1983 жылдан мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінде өнер көрсетті. Жұбайы Айткүл екеуі бүкілодақтық жастар творчествосы байқауының лауреаты болды. 1989 жылдан Алматы облыстық филармониясына отбасылық топ болып жұмысқа тұрды. 1998 жылы Елбасының жарлығымен Айткүл екеуіне «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. Қос аққудай жарасып бірге ән айтатын олардың еңбектері жанды.[1]
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Біз әнші ретінде білетін Қанаттың негізгі кәсібі күйшілік. Оның репертуарында көптеген күйлермен қатар классикалық шығармалар - Огинскийдің, Моцарт, Брамстың туындылары бар. Ал, жары Айткүлмен қосылып қос дауыспен шырқайтын: "Әгугай домбыра", "Сырғалым", "Керім-ай" тағы басқа да көптеген әндері бүгінде кеңінен тарап кеткен. Қанаттың шығармашылығына келер болсақ бірнеше әннің авторы. Оның "Аяшы", "Қарлығаш", "Көңіл күйі", "Жарапазан", "60-қа келдіңіздер", "Қара жорға", "Тойға шашу", "Абайға сәлем" сияқты әндері мен "Құралай", "Ерке тотай" күйлері теледидар-радио арқылы көптеп орындалып жүр.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкесі – Құдайбергенов Жолдыбай Құдайбергенұлы
Шешесі – Шоғанбаева Үміт Шоғанбайқызы (1932 ж.)
Іні-қарындастары – Қайрат Жолдыбайұлы Құдайбергенов (1960 ж.), Бибігүл (1964 ж.), Талғат (1966 ж.), Бибінұр (1968 ж.), Нұргүл (1970 ж.).
Жұбайы – Айткүл Кәкімқызы (1957 ж.)
Балалары – Ербол (1977 ж.), Айбол Құдайбергенов (1979 ж.), Ерболат Құдайбергенов (1982 ж.), Салтанат (1991 ж.).
Немерелері – Таңат Ерболұлы (1998 ж.), Салауат Ерболатұлы (2005 ж.), Нұрайым Ерболқызы (2006 ж.), Анель Ерболатқызы (2007 ж.), Сағадат Айболұлы (2008 ж.), Перизат Ерболқызы (2009 ж.), Әмірболат Ерболатұлы (2011 ж.), Азамат Айболұлы (2011 ж.), Алмат Ерболұлы (2012 ж.)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Құсайынов К., Тастанов И., Біржансалұлы Қ. Қ 78 "Хантәңірі етегі – Райымбек баба мекені", Алматы: "Дәуір-Кітап" 2000. – 336-бет. ISBN 9965-465-13-4
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Халықаралық ақпараттық агенттiгі. Kazinform Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2015 жылы.
- Алаш айнасы. Республикалық қоғамдық-саяси портал Мұрағатталған 26 шілденің 2014 жылы.
- Altaynews. Шығыс Қазақстанның басты сайты Мұрағатталған 25 шілденің 2014 жылы.
- Сарыарқа самалы. Павлодар облыстық газетінің сайты Мұрағатталған 26 шілденің 2014 жылы.
- Отбасылық Family Production студиясының сайты Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.