Алматы облыстық филармониясы
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы (толық атауы – Алматы облысы әкімінің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны) — Талдықорған қаласындағы концерттік ұйым.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Филармония 1973 жылы құрылды, оның іргетасын «Алматы әуендері» ансамблі қалады.
Филармонияда «Майра» әйелдер вокалды-аспаптық ансамблі, «Әсем» эстрадалық ансамблі, цирк әртістері, домбырашылар тобы жұмыс істеді.
1980 жылдары филармония құрамында «Алтынай» би ансамблі (1985), «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (1985), «Ария» және «Медеу» вокалды-аспаптық ансамбльдері (1985), «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (1981) болды.
Филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген әртістер�� М. Е. Ерәлиева, Н. Қ. Есқалиева, А.Е.Сембин, Т.О.Изимова және т.б. жұмыс істеді.
1990 жылы филармонияға ақын Сүйінбай Аронұлының есімі берілді.
2001 жылы облыс орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілуімен филармония да көшті
Қазіргі уақытта Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында жұмыс істейді.[1]
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Филармония музыкалық-ағартушылық қызметпен айналысады, концерттер, лекциялар өткізеді. Өнерпаздар өз өнерлерін шетелде де көрсетеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|