Мазмұнға өту

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті
Қазақстан Елтаңбасы
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Құрылған уақыты 29 сәуір 2020 жыл
Штаб-пәтері 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, №14 кіреберіс
Төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/etnic?lang=kk

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті — мемлекеттік этносаралық саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2020 жылы 29 сәуірде Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрамында құрылды.[1] 2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағына берілді.

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған[2] даму Тұжырымдамасын және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының «Елдегі біртұтас мәдени, ақпараттық кеңістік пен қоғамдық келісімді дамыту» стратегиялық бағытын іске асыру мақсатында «Этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың қанағаттану деңгейі» нысаналы индикаторы (бұдан әрі – нысаналы индикатор) әзірленді. Нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Этносаралық қатынастар саласындағы қолданбалы этносаяси зерттеулер мен іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметтер» («Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС) мемлекеттік тапсырмасын іске асыруда. «Тұрғындардың этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатпен қанағаттану деңгейі» нысаналы индикатордың орындалуы 2021 жылы 89,22%, 2022 жылы 90,98%, 2023 жылы 87,22% құрады. 2024 жылы нысаналы индикаторды орындау үшін 87,23% межеге қол жеткізу жоспарлануда.

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
  2. мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті;
  4. Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
  5. Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  6. азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;
  7. халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;
  8. Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндетті;
  9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.[3]

Төрағалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Комитет басқармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Комитеттің 7 басқармаcы бар:

  • Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасы
  • Әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-т��сіндіру жұмысы басқармасы
  • Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы
  • Өңірлік жұмыс басқармасы
  • Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды іске асыру басқармасы
  • Этносаралық қатынастар мониторингі басқармасы
  • Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы

Қарамағындағы мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Қоғамдық келісім» РММ

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]