Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 4 қазан 2023 жыл |
Штаб-пәтері | 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты |
Төрағасы | Тайжанов Жәнібек Жұмайұлы |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/kjvt?lang=kk |
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті — теміржол және су көлігі саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2007 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Көлік және қатынас жолдары комитеті болып өзгертілді. 2014 жылы Көлік және қатынас жолдары комитеті мен Көліктік бақылау комитеті біріктіріліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті болып құрылды. 2018 жылы комитет ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне берілді. 2023 жылы Көлік комитеті ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және Теміржол және су көлігі комитеті болып екіге бөлінді.
Міндеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- теміржол және су көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және оны кейіннен іске асыру
- республика экономикасының және халықтың тасымалдарға, жұмыстардың орындалуына және қызмет көрсетулерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ теміржол және су көлігінің тасымалдары мен инфрақұрылымын одан әрі дамыту
- заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде халықаралық тасымалдау саласында[1]
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Комитет 9 басқармадан тұрады:
- Норма шығару қызметі басқармасы
- Теміржол көлігі және тарифтік саясат басқармасы
- Су көлігі басқармасы
- Жолаушылар тасымалы басқармасы
- Қаржы және бюджеттік жоспарлау басқармасы
- Теміржол логистикасы басқармасы
- Салааралық үйлестіру басқармасы
- Теңіз порттары басқармасы
- Теміржол инфрақұрылымы басқармасы
Қарамағындағы мекемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан су жолдары» РМҚК
- «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» РММ
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы