Мазмұнға өту

Экономикалық ғылымдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Экономикалық ғылымдарқоғамның экономикалық жай-күйі мен дамуының объективті заңдылықтарын зерделеумен‚ шаруашылық өмір құбылыстарын статистикалық өңдеумен және теориялық жүйелеумен‚ материалдық игіліктерді өндіру‚ бөлу‚ тұтыну және оларды айырбастау саласында тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын ғылымдар жүйесі.

Олар бірқатар белгілер бойынша сыныпталады‚ олардың негізгілері – зерттеу объектісінің ортақтығы және іс жүзінде қолданылуы. Зерттеу объектісінің ортақтығы дәрежесіне қарай жалпы және нақты (жеке) экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді.

Жалпы жкономикалық ғылымдарға саяси экономика (экономикалық теория)‚ қоғамдық өндірісті басқару теориясы‚ т.б. жатады. Экономикалық статистикабухгалтерлік есеп‚ шаруашылық қызметті талдау‚ экономикада математикалық әдістерді қолдану‚ т.б. ерекше орын алады.

Нақты экономикалық ғылымдар сала аралық (атқарымдық) белгі бойынша – қаржынесиеақша айналысыбаға белгілеу‚ еңбек экономикасы‚ т.б.; салалық белгі бойынша – өнеркәсіп‚ ауыл шаруашылығы‚ көлік‚ байланыс экономикасы‚ т.б.‚ сондай-ақ өнеркәсіп пен өндірістердің жекелеген салаларының экономикалық мәселелерін зерделейтін пәндер; аумақтық (аймақтық‚ ел танушылық) белгі бойынша – жекелеген елдердің‚ аймақтардың экономикасын зерделеу бойынша ажыратылады. Бұлайша ажырату шартты сипатта болады. Зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуына қарай экономикалық ғылымдар іргелі және қолданбалы Экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді. Іргелі талдамалар қолданбалы талдамалардың негізін құрайды‚ бұларды экономикалық зерттеулерде оңтайлы түрде ұштастыру жекелеген бірлестіктерді (фирмаларды‚ кәсіпорындарды)‚ өнеркәсіп салаларын‚ жалпы халық шаруашылығын дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2