Шатқал ауданы
Аудан | |
Шатқал ауданы | |
Чаткал району | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді | |
Әкімшілік орталығы |
Қаныш-Қия ауылы |
Тарихы мен географиясы | |
Жер аумағы |
4608 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
22 490 [1] адам (2009) |
Ұлттық құрамы | |
Ресми тілі | |
Автомобиль коды |
D және 04 |
Шатқал ауданы (қыр. Чаткал району) — Қырғызстан Республикасының Жалалабат облысындағы аудан.
Әкімшілік орталығы — Қаныш-Қия ауылы.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан облыстың солтүстік-батысында, Қырғызстанның Талас облысының Өзбекстанның Ташкент облысымен шектесетін жерінде орналасқан.
Негізгі су артериясы — Шатқал өзені.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шатқал ауданы (орталығы - Янги-Базар ауылы) 1935 жылы 8 қаңтарда Қырғыз АКСР-і құрамында құрылды[2]. 1936 жылдың желтоқсанынан бастап Қырғыз КСР-і құрамында болды. 1938-1939 жылдары Жалал-Абад округінің, 1939 жылдың 21 желтоқсанынан бастап — Қырғыз КСР Жалал-Абад облысының құрамына кірді.
1944 жылы 22 маусымда Шатқал ауданы жаңадан құрылған Талас облысының құрамына берілді. 1956-1980 және 1988-1990 жылдары Талас облысының таратылуына байланысты аудан Жалал-Абад облысына қайтарылып отырды, ал 1959 жылдан — Ош облысы Жанги-жол ауданына ауысты.
1990 жылы 14 желтоқсанда Жалалабат облысының қалпына келуіне байланысты (1959 жылы таратылған болатын) Шатқал ауданы қайтадан оның құрамына кірді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 22 490 аудан тұрғындарының 21 890 адамын құрайды (немесе 97,3 %), өзбектер — 304 адам немесе 1,4 %, тәжіктер — 125 адам немесе 0,6 %.
Әкімшілік бөлінуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шатқал ауданының құрамына 4 айылдық (ауылдық) округ кіреді Жалалабат облысының айылдық округтері мен ауылдары:
- Сумсар айылдық округі — Сумсар а.
- Терек-Сай айылдық округі — Терек-Сай а.
- Қаныш-Қыя айылдық округі — Қаныш-Қия
- Шатқал айылдық округі — Жаны-Базар ауылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Перепись населения Киргизии 2009. Джалал-Абадская область (орыс.)
- ↑ Қырғыз КСР. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі 1 қаңтар 1949 жылы. — Фрунзе: Киргизгосиздат, 1949.
Бұл — Қырғызстан географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |