Мазмұнға өту

Талас ауданы (Қырғызстан)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Талас ауданы
Талас району
Әкімшілігі
Кіреді

Талас облысы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1930

Жер аумағы

5051 км²

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

58867 [1] адам (2009)

Ұлттық құрамы

қырғыздар — 99,3 %,
орыстар — 0,3 %

Ресми тілі

Қырғыз тілі

Талас ауданы картада

 Басқа мағыналар үшін Талас ауданы деген бетті қараңыз.

Талас ауданыҚырғызстанның Талас облысындағы аудан. Облыстың батысында орналасқан. Орталығы — Манас ауылы.

2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша қырғыздар 58867 аудан тұрғындарының ішінен 58448 адамды құрайды (немесе 99,3 %), орыстар — 170 адам немесе 0,3 %, басқалары — 249 адам (0,4 %)[1].

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Талас ауданы құрамына 13 ауылдық округ пен 28 ауыл кіреді:

  • Айдаралиев ауылдық округі: Көпірбазар (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Арал ауылдық округі: Арал (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Бекмолдаев ауылдық округі: Сасықбұлақ (әкімшілік орталығы), Қараой, Кеңес, Үлкентоғай ауылдары
  • Бердіке батыр ауылдық округі: Құмарық (әкімшілік орталығы), Қозышақ, Арасан ауылдары
  • Долан ауылдық округі: Тасарық (әкімшілік орталығы), Ақжар, Ортаарық ауылдары
  • Жергетал ауылдық округі: Қызылту (әкімшілік орталығы), Шиыршық, Көкқасат ауылдары
  • Көкой ауылдық округі: Көкой (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Қалба ауылдық округі: Қалба (әкімшілік орталығы), Атай Оғанбаев, Балбал, Бестас ауылдары
  • Қарасу ауылдық округі: Қарасу (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Қуғанды ауылдық округі: Үшемшек (әкімшілік орталығы) ауылы
  • Нұржанов ауылдық округі: Жонарық (әкімшілік орталығы), Көктоғай ауылдары
  • Османқұлов ауылдық округі: Талдыбұлақ (әкімшілік орталығы), Аққорған ауылдары
  • Өміралиев ауылдық округі: Манас (әкімшілік орталығы), Шатбазар ауылдары

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]