Мазмұнға өту

Уикипедия:Жиі қойылатын сұрақтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(УП:ЖҚС бетінен бағытталды)

Уикипедия дегеніміз не?


Толық мақаласы: Уикипедия

Уикипедия дегеніміз — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған. Уикипедияның мақалаларында қолданушыны қосымша мәліметтер бар парақшаларға айдайтын сілтемелер бар.
«Уикимедия қоры» мекемесі арқасында құпталған. Аты «уики» (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған.
Уики (ағыл. Wiki) — веб-сайт, арнайы құралдармен сайт құрылымын әр тұтынушыға өзгертуге мүмкіндік береді. Ең алғаш «уики» термині сайттарды сипаттау үшін 1995 жылы Уорд Каннингем қолданды, бірінші уики-жүйе Wikiwikiweb, гавай тілінде «жылдам» деген мағынаны білдіреді.
Уорд Корннингем және оның көмекшісі Бо Леуф өздерінің «The Wiki Way: Quick collaboration on the web» кітабінде «Уики» концепциясын былай тұжырымдаған:

  • Уики кез келген қолданушыға сайтты өзгертуге және жаңа парақтар құруға мүмкіндік береді және бұл үшін қарапайым веб браузер жарайды
  • Уики жүйесі парақтар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді
  • Уики сайты кездейсоқ қолданушыларға арналмай қайта сайт құру процессіне үзіліссіз ынтымақтасатын қолданушыларды жұмылдыру үшін арналған

Уики жүйесінің қасиеттер сипаттамасы:

  • Бір мәтінді бірнеше рет өзгертуге беретін мүмкіндік.
  • Ерекше тіл белгілері - «уики белгілер» деп аталады, мәтін құрылымын элементтер мен еренсілтемелермен, әр түрлі көркемдеу мүмкіндігі.
  • Өзгерісін есепке алу - жаңа өзгертулер мен ескі өзгертулерді салыстыру және ескі ақпаратты қайта орнына келтіру мүмкіндігі.
  • Көп авторлар - сайтқа барлық кірген тұтынушылар өзгерте беретін мүмкіндігі.

Және де...
Уикипедия тілдер бойынша бөлінгеніне қарамастан, жалпы барлық тілдік бөлімдерге тән ортақ бірнеше ережелер бар.

  1. Уикипедия — бұл энциклопедия. Уикипедия форматына сәйкес келмейтін ақпарат, Уикимедия қорының басқа жобасына ауыстырылуы немесе тіпті өшірілуі тиіс. Бұдан басқа да жобаның мәнін, сонымен қатар, басқа энциклопедиялардан айырмашылығын анықтайтын ерекшеліктері бар. Қара: Уикипедия — бұл энциклопедия
  2. Бейтарап болыңыз. Уикипедияда бейтарап көзқарас принципі маңызды болып табылады. Іс-жүзінде бұл мақала мүмкіндігінше жан-жақты көзқарастарды қарастырып, оларды белгілі бір жаққа бұрмаламау арқылы баяндалуы тиістігін білдіреді. Қара: Бейтарап көзқарас
  3. Авторлық құқықтарды сақтаңыздар. Уикипедия Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 Unported лицезиясы аясында жасалған, яғни еркін көшіруге және таратуға болатын ашық энциклопедия. Авторлық құқықты бұзатын ақпарат енгізу — Уикипедияның мақсатына сай келмейді. Қара: Авторлық құқықтар
  4. Басқа қатысушыларды құрметтеңіздер. Уикипедияда әртүрлі көзқарастары болуы мүмкін, әртүрлі мемлекеттер мен мәдениет өкілдері бірге өмір сүреді. Өзара құрметтесіп, әрі қарапайым әдептілік ережелерін сақтау – жобаның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қара: Этикет, Сыпайылық

Қатысушы құқықтары деген не?


Уикипедия қатысушылары бітікшілер, админдер, қатысушылар және анонимды (тіркелмеген) қатысушылар деп бөлінеді. Уики-сайттың негізгі идеялогиясы — қатысушылар мен анонимды пайдаланушылардың контентті жасауы мен құрылымдауы. Админдер бетті қорғай, жоя алады және қатысушыларды бұғаттай алады. Бітікшілер тек админдерге техникалық құқығын береді.

Бітікшілер, админдер, қатысушылар және анонимды қолданушылар бір-бірінен тек техникалық мүмкіндіктері жағынан ажыратылады.

Мақала қалай жаза аламын?

Мақаланы өңдеу үшін суреттегі көрсетілген батырманы басыңыз
Мақаланы өңдеу үшін суреттегі көрсетілген батырманы басыңыз
Уикипедияны өңдеу саласындағы басшылық

Ең алдымен жобада бар мақалаларды өңдеп үйреніңіз. Содан кейін ғана жаңа мақала бастауыңызды сұраймыз. Біз үшін мақаланың шынайы және мүмкіндігінше толық әрі бейтарап болуы маңызды, қайнаркөзі көрсетілмеген еңбектер жойылатын болады. Негізгі бас ережелерді түсіну арқылы уикиәлеміндегі қабілеттеріңіз бен біліктігіңіздің артатыны сөзсіз. Сондықтан Уикипедия ережелерін қарап шығуға және оларды түсініп алуға кеңес береміз.

Мақала жазуда талаптарды қатаң сақтаңыз. Ол туралы мына беттен қарауға болады: Уикипедия:Мақалаға қойылатын минималды талаптар

Мақала тақырыбын қою

Жазатын мақала тақырыбын және бағытын әр қатысушы өзі анықтайды. Мақала тақырыбына қойылатын негізгі талаптар келесідей: мақала қоғам үшін маңызды мәселеге арналуы қажет (белгілі тұлғалар, құбылыстар мен оқиғалар, компаниялар, елді мекендер және т.б.), мақаланың аты қысқа әрі тиянақты, мақаланын түйінін көрсетіп тұруы керек.

  • Тұлғаларға арналған тақырып келесідей болады: Аты, әкесінің аты, тегі немесе Аты, тегі, әкесінің аты (Аты, тегі мен әкесінің аты арасында үтір қойылмайды!).
  • Егер бір атауға қатысты бірнеше нысан болса, мысалы: Астана деп аталатын, онда Астана (қала), Астана (газет), Астана (клуб) деп белгіленуі керек. (Егер бұл тақырыпқа қатысты мақалалар болса, онда оларды айрық бетке орналастыру керек)
  • Кейбір мақалалар осындай жақша ішінде қосалқы түсіндірмесімен жүреді, бірақ тақырып бұндай айыруды қажет етпесе негізгі атауымен жазған дұрыс.

Мақаланы өңдеу

Мақала өңдеуді үйрену үшін Мақала шеберханасына кіріңіз! Мақала өңдеуге қорықпаңыз, беттің оң жақтағы үстіңгі бөлігінде "Өңдеу" батырмасын басыңыз. Содан соң керек өңдемелеріңізді жасаңыз.

Кез-келген мақаланы өңдей алмайсыз, егер ол әкімшілермен қорғалған болса. Ондай беттерді қатысушылар деңгейіне байланысты қорғалады (мысалы бұл беттерді түзете алады: тек әкімішілер; тек қатысушылар; ал анонимды қатысушылар бұл бетті өңдей алмайды).

Санатты қалай қоя аламын?


Санат қою үшін мақаланы тікелей өңдеу үстінде, немесе арнайы "HotCat" гаджетімен де қоюға болады. Мақалаға санат қояр кезде оның мақалаға қатысы болу керек. Егер мақалаға қандай санат қоярыңызды білмесеңіз, "Іздеу" бөлімі арқылы осы мақалаға ұқсас тағы басқа мақалаларды іздеп көріңіз және оның санат қарап көріңіз. Санат мақалаға сәйкес келуіне мән беріңіз. Оны былай қоюға болады (мақаланы тікелей өңдеу кезінде):

[[Санат:Уикипедия басқарылуы]]
тақырыпқа сай, осы тақырып аясында бірнеше мақала болуына байланысты санатталады
[[Санат:Сайттар]]  мақаланың қатыстылығы 

Немесе "HotCat" гаджеті арқылы қоюға болады. (Егер толығырақ мәлімет алғыңыз келсе мына беттен (орыс.) қараңыз)

Санат қою үлгісі (HotCat)

Мақаланы ертеректегі нұсқасына қалай қайтара аламын?


Тарихын қарау батырмасы
Толық мақаласы: Уикипедия:Жоққа шығару

Жоққа шығару, көбіне, вандализмдік өңдемелерді жою үшін қолданылады, мұны Уикипедияның кез келген қатысушысы жасай алады.

Ең алдымен беттің өңдеу тарихына өту керек, нұсқаларды салыстыру үшін «соң.» сілтемесін қолдана отырып, дәл қандай өңдеу вандалды болғанын анықтап алу қажет.

Егер вандалды өңдеу тек бір ғана болса, онда жай ғана жанында тұрған сілтемені (жоққа шығару) шертіңіз:
  • (ағым.) (соң.) о о 15:25, 2011 ж. қазанның 10 Вандал (Талқылауы | үлесі) (102 байт) (жоққа шығару)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:21, 2011 ж. қазанның 10 Қатысушы (Талқылауы | үлесі) (5024 байт) (жоққа шығару)
Егер бірнеше вандалды өңдеу болса, онда радиотүйменің сол жақ бағанасын белгілеп — соңғы жақсы нұсқасын, оң жақтағысын белгілеп – соңғы жарамсыз нұсқасын анықтап, «Таңдалған нұсқаларды салыстыру» басқышын басыңыз:
  • (ағым.) (соң.) о о 15:27, 2011 ж. қазанның 10 Вандал2 (Талқылауы | үлесі) (85 байт)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:25, 2011 ж. қазанның 10 Вандал (Талқылауы | үлесі) (102 байт)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:21, 2011 ж. қазанның 10 Қатысушы (Талқылауы | үлесі) (5024 байт)

Кейін нұсқаларды салыстыру бетінде кестенің оң жақ жоғарғы бұрышындағы сілтемені (жоққа шығару) шертіңіз.

(Жоққа шығару) сілтемесін басқаннан кейін екі жағдайда да сіз өңдеу бетінде мынадай хабарламаны көресіз:

Бұл өңдеме жоққа шығарылуы мүмкін. Талабыңызды құптау үшін алдын ала төмендегі салыстыруды тексеріп шығыңыз да, өңдемені жоққа шығаруын бітіру үшін төмендегі өзгерістерді сақтаңыз.


Алайда егер сіз өңдеу тарихында соңғысы болып табылмайтын өңдеуді жоққа шығарсаңыз, онда МедиаУики беттің мазмұнынан жоққа шығарылған өңдеуді өшіре алмауы мүмкін, бұл жағдайда келесі хабарламаны көресіз:

Бұл өңдеме жоққа шығарылмайды, себебі арада қақтығысты өңдемелер бар.

Бұл жағдайда «бастапқы нұсқасына оралуға» тура келеді.

Ертеректегі нұсқасына қайтару үшін соңғы жақсы нұсқасына оралыңыз:
  • (ағым.) (соң.) о о 15:25, 2011 ж. қазанның 10 Вандал (Талқылауы | үлесі) (102 байт)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:21, 2011 ж. қазанның 10 Қатысушы (Талқылауы | үлесі) (5024 байт)

Сонан соң сол беттегі «өңдеу» сілтемесін басыңыз. Пайда болған өңдеу бетінің жоғары жағында беттің ескі нұсқасын өңдеп отырғаныңыз жайлы ескерту көрсетіліп тұрады. Қалауыңыз бойынша тағы өзгерістер енгізіп, бетті сақтаңыз.

Өңдемелерді жоққа шығару сілтемесі

Сілтемелерді қалай қоямын?

Сілтеменің Уикипедияда екі түрі бар. Олар: ішкі, сыртқы және төменгі сілтеме. Төменгі сілтеме дегеніміз "Дереккөздерге" апаратын сілтемені айтады. Оны мына жерден қараңыз

Ішкі сілтеме

Сілтемелер және жаңа беттер
Сіздің енгізетініңіз Нәтижесі
Тағы да «Өңдеу» батырмасын шертіп, ашылған терезеде тік жақшаға бір сөз жазыңыз. Мысалы, [[Сана]]. «Қарап шығу» батырмасын шертіңіз. Терезенің үстіңгі жағында «Сана» мақаласына сілтемені көре аласыз.
Сілтемені сөйлемнің ортасына орналастыру үшін, келесі мысалға назар аударыңыз: «Адамзат тіршілігінің басты мақсаты — [[Сана|сана-сезімін]] дамыту болып табылады.» Яғни алдымен мақала сілтемесі жазылып, тік сызықшадан (|) кейін сөйлемдегі сөз жазылады.

«Қарап шығу» батырмасын шертуді ұмытпаңыз.

Енді терезенің үстіңгі жағында сілтемесі бар сөйлемді көре аласыз: «Адамзат тіршілігінің басты мақсаты — сана-сезімін дамыту болып табылады».
Екі тік жақшаның арасына [[Бұл бет Уикипедияда жоқ]] деп жазыңыз. Бұл бет Уикипедияда жоқ сілтемесін көресіз. Сілтеменің қызыл түске боялуы, мұндай тақырыптағы мақаланың Уикипедияда жоқ екендігінің белгісі.
Осы сілтемеге шертіңіз. Жаңа мақала жасау үшін арнайы бет ашылады.

Сыртқы сілтеме

Мысалы бұлар былай жазылады:

; Тақырып асты 1
* [http://example.com/link_1 Сілтеме 1]
* [http://example.com/link_2 Сілтеме 2]
; Тақырып асты 2
* [http://example.com/link_3 Сілтеме 3]
* [http://example.com/link_4 Сілтеме 4]

Келесідегідей болады:

Тақырып асты 1
Тақырып асты 2

Жаңа абзацты қалай қоя аламын?

Жаңа абзацты негізі екі рет  Enter басу арқылы қояды:

Энциклопедия құрылымы жүйелі түрде жасалады.

Энциклопедия шығару ісінің жүйелі түрде дамуына философ Д.Дидро шығарған француз энциклопедиясының ықпалы зор болды.

немесе <br/> тегін жазуға болады.

Тізімдерді қалай жаза аламын?


Тізімді * және # таңбалары арқылы қояды.

Жұлдызша таңба қоюдың мысалы:

* Тұңғыш '''“Қазақ совет энциклопедиясы”''' (12 т., 1968 – 78) 
* '''“Қазақ ССР” қысқаша энциклопедиясы''' (4 т. 1984, 1987, 1988 – 89), 
* '''“Қазақстан” ықшам энциклопедиялық сөздігі''' (2005), 

Нәтижесінде:

  • Тұңғыш “Қазақ совет энциклопедиясы” (12 т., 1968 – 78)
  • “Қазақ ССР” қысқаша энциклопедиясы (4 т. 1984, 1987, 1988 – 89),
  • “Қазақстан” ықшам энциклопедиялық сөздігі (2005),


Тор белгішесін қоюдың мысалы:

# “Алматы” (1983), 
# "Қарағанды” (1990), 
# "Тараз” (2003),  
# “Оңтүстік Қазақстан” (2005), 
# “Сыр елі” (2006)

Нәтижесінде:

  1. “Алматы” (1983),
  2. "Қарағанды” (1990),
  3. "Тараз” (2003),
  4. “Оңтүстік Қазақстан” (2005),
  5. “Сыр елі” (2006)

Мақала атын қалай өзгерте аламын?


Бетті жаңа атауға жылжыту батырмасы

Мақала атын өзгертпес бұрын, себебін нақтылап алыңыз.

Атауын өзгертудің негізгі себептері:

  • Мақала атауының дұрыс болмауы;
  • Атаудың ережелерге сай жазылмауы;
  •  Caps Lock пернесімен жазылып кетуі;
  • Кирилица мен латын әліпбиінің араласып жазылып кету;
  • Немесе, атаудың мақалаға сәйкес келмеуі.

Мақала атын өзгерту үшін мақала бетінің оң жақ үстіңгі бөлігіндегі таңбадағы "Атауын өзгерту" пернесін басыңыз. Ары қарай нақты жаңа атауға айдаңыз.

Мәтін форматын қалай өзгертуге болады?


Шрифттерін өзгерту

Сөздің шрифтін өзгерту үшін <span style=.....</span> кодында font-family:Calibri, Verdana, Arial, sans-serif; деген және тағы басқа шрифт түрлерін таңдауға болады.

Мысалы былай жазсақ:

<span style="font-size:20px;">шрифт</span> немесе <span style="font-size:10px;">шрифт</span>

Нәтижесінде:

"20px" пикселдегі көрініс «шрифт» немесе "10px" пикселдегі көрініс «шрифт»

Түсін өзгерту

Мәтін немесе сөз түсін өзгерту үшін түс таңдауда арнайы HTML тілдегі түс кодтарын пайдаланасыз. Кодтарды мына беттен ала аласыз: {{HTML түстері}}

Мысалы былай жазсақ:

<span style="color:green;">мәтін</span> немесе <span style="color:#008000;">мәтін</span> 

Нәтижесінде:

мәтін немесе мәтін

Бірге қолдану

Мысалы былай жазсақ:

<span style="color:green; font-size:20px;">мәтін</span> немесе <span style="color:#008000; font-size:10px;">мәтін</span> 

Нәтижесінде:

мәтін немесе мәтін

Көмекші белгілерді қалай қоямын?


Көмекші белгілер мен арнайы таңбаларды қою үшін өңдеу бетіннің төменгі бөлігін қараңыз не өңдеу құралдары үстелінен көмекші белгілер дегенді басыңыз!

Арнайы таңбаларды қою

Суретті қалай енгізе аламын?


Уикипедияға тек тіркелгеніне 14 күн болған, кем дегенде 20 өңдеу жасағандар ғана сурет жүктей алады. Сурет енгізгенде суреттің атауына мұқият болу керек. Тақырып суреттегі бейнені сипаттап, мазмұндап және түйіндеп тұруы қажет. Суретті енгізбес бұрын оның авторлық құқығын тексеру қажет. Егер авторлық құқық бұзылса, енгізілген файл дереу жойылады.

Скриншоттар арқылы да қарап көріңіз. Анық қарау үшін суреттің үстін басып бөлек бетте үлкейтіп немесе өзіңізге түсіріп алып қарауыңызға болады

Сурет енгізгенде оның мән-жайын білдіріп тұратын мәлімет салу керек, яғни оны {{Еркін сурет}} үлгісін қолдана отырып жазады:

{{Еркін сурет
|сипаттамасы= Азияның этнографиялық картасы
|қайнары= Қазақ Совет Энциклопедиясы, ІІІ том
|жасалған уақыты = 1970-ші жылдар 
|авторы= Энциклопедия
}}

Нәтижесінде:

Сипаттамасы Азияның этнографиялық картасы
Қайнары Қазақ Совет Энциклопедиясы, ІІІ том
Жасалған уақыты 1970-ші жылдар
Авторы Энциклопедия

Суретті қалай орналастырамын?


Суреттерді орналастыру үшін мына мысалдарды қарап көріңіз.

[[Сурет:New coat of arms of Astana.svg|border|Астана қаласының жаңа елтаңбасы]]

Астана қаласының жаңа елтаңбасы

Суретке түсіндермелі сөзді енгізу үшін "frame" немесе "thumb"(көп жерде осыны пайдаланады) атрибутын пайдаланыңыз. Бұл атрибуттар суретті жақтау ішіне орналастырады.

Түсіндірмелі мәлімет


Түсіндірмелі мәлімет
[[Сурет:Broom icon.png|thumb|Түсіндірмелі мәлімет]]

Суретке "thumb" атрибутын енгізген кезде автоматты түрде сурет көлемі сол күйнше сақталып (кей жағдайда кішірейеді), бірден беттің оң жақ бөлігіне орналасады. "Түсіндірмелі мәліметке" уики-таңбаларды да қолдануға болады: ішкі және сыртқы сілтеме, дереккөздер және т.б.

Есіңізде болсын! "Түсіндірмелі мәліметті тек соңына "|" таңбаны қойып барып жазу керек"

Көлемін өзгерту


Астана қаласының жаңа елтаңбасы

"thumb" атрибутын сурет атауы мен түсіндірмелі мәлімет ортасына жазғанда көлемі кішірейіп (бұл қатысушының жазғанына байланысты және өз қалауы бойынша мөлшерді өзгерте алады — 100px-ден 300px-ге; көлем пропорционалді түрде өзгереді, ), беттің оң жағына барып жақтаудың ішіне орналасады.

[[Сурет:New coat of arms of Astana.svg|thumb|100px|Астана қаласының жаңа елтаңбасы]]

Немесе:

[[Сурет:New coat of arms of Astana.svg|100px|Астана қаласының жаңа елтаңбасы]]

Және сурет жақтауасының ұындығы мен енін көрсете отырып төртбұрышын өзгертуге болады:

[[Сурет:New coat of arms of Astana.svg|thumb|100x120px|Астана қаласының жаңа елтаңбасы]]

Мақалаға сурет енгізген кезде оның көлеміне, мақала бөліміне салатын болсаңыз бөлім көлеміне қараңыз, тым үлкен қылып жібермеңіз және тым кішкене де қылмаңыз, әйтпесе бұлар мақаланы жұтып немесе мақалада жұтылып кетеді!

Орналастыру

Үстіде көрсетілген "frame" және "thumb" атрибуттарынан басқа бетке орналастыру үшін "right", "left" және "center" атрибуттар бар. Мысалы:

"right" = суретті жақтаушасымен бірге оң жаққа орналастырады;

[[Сурет:WikiBilim.png|thumb|100px|right|[[WikiBilim Қоғамдық Қоры]]ның логотипі]]

"left" = суретті жақтаушасымен бірге сол жаққа орналастырады;

[[Сурет:WikiBilim.png|thumb|100px|left|[[WikiBilim Қоғамдық Қоры]]ның логотипі]]

"center" = суретті жақтаушасымен бірге ортаға орналастырады;

[[Сурет:WikiBilim.png|thumb|100px|center|[[WikiBilim Қоғамдық Қоры]]ның логотипі]]
WikiBilim Қоғамдық Қорының логотипі

Дереккөздерді қалай көрсетемін?


Келтірілген әрбір дәйек немесе дерек (факт) соңында сол ақпараттың қайдан алынғандығын көрсету міндетті. Уикипедия жеке пікірлер мен ойлар жазылатын орын емес. Басты талап - келтірілген ақпарат сенімді дереккөздерге сүйенуі керек. Егер сенімді дереккөздеріңіз бар болса, онда оларға сілтеме жасаңыз. Ол үшін мақала ішінде дерек келтірілген сөйлемнен кейін <ref> Дереккөз </ref> белгісін қою қажет. Осы екі белгінің арасына дереккөздің толық атауын беру міндетті.

Сілтеме мысалы:


Зерттеулер нәтижесі бойынша Күн үлкен екен<ref>''Түгеншиев П. П.'' Күн. — М.: Ғылым, 2005. — С. 23.</ref>.

Ал Ай онша үлкен емес екен<ref>''Пәленшиев Т. Т.'' Ай көлемі. // Ғылым және өмір. — 1973. — № 5.</ref>.


== Дереккөздер ==

{{Дереккөздер}}

Нәтижесі:

Зерттеулер нәтижесі бойынша Күн үлкен екен[1]

Ал Ай онша үлкен емес екен[2]..


Дереккөздер
  1. Түгеншиев П. П. Күн. — М.: Ғылым, 2005. — С. 23.
  2. Пәленшиев Т. Т. Ай көлемі. // Ғылым және өмір. — 1973. — № 5.
  • кітап үшін: {{кітап}} үлгісін қолдану керек.
  • сайт үшін: {{веб сайт}} үлгісін қолдану керек.

Интеруикиді қалай енгізе аламын?


Толық мақаласы: Уикипедия:Интеруики
Интеруикилер

ИнтеруикиУикипедия сияқты уики сайттарды байланыстыру үшін жасалған сілтеме. Мақаланың басқа да тілдердегі нұсқаларымен еркін байланысып тұру үшін тиімді, және де Уикимедианың бауырлас уики-жобаларыменде байланыса алады.

Мақала бетінің сол жақ бөлігінде (кей кезде оң жақта, тілдердің жазылуына байланысты) Уикипедия сайттарында атауы мен мағынасы жағынан жақын, тіпті бірдей мақалалар байланыстырылады.