Мазмұнға өту

Уикипедия:Ережелер мен нұсқаулар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Лақап:
УП:ЕРЕЖЕ
УП:НҰСҚАУ

Қазақ Уикипедиясының мақсаты – қазақ тілінде толыққанды, нақты әрі ашық энциклопедия құру болып табылады.

Бұл жерде Уикипедияда көпшілік мойындаған ережелер көрсетілген. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін осы ережелерді сақтаған жөн. Қосымша ережелер мен нұсқауларды Уикипедия:Ережелер мен нұсқаулар санатынан таба аласыз.

Басты принциптер

Уикипедиа тілдер бойынша бөлінгеніне қарамастан, жалпы барлық тілдік бөлімдерге тән ортақ бірнеше ережелер бар.

Уикипедия — бұл энциклопедия. Уикипедия форматына сәйкес келмейтін ақпарат, Уикимедиа қорының басқа жобасына ауыстырылуы немесе тіпті өшірілуі тиіс. Бұдан басқа да жобаның мәнін, сонымен қатар, басқа энциклопедиялардан айырмашылығын анықтайтын ерекшеліктері бар.

Бейтарап болыңыз. Уикипедияда бейтарап көзқарас принципі маңызды болып табылады. Іс жүзінде бұл мақала мүмкіндігінше жан-жақты көзқарастарды қарастырып, оларды белгілі бір жаққа бұрмаламау арқылы баяндалуы тиістігін білдіреді. Қара: Бейтарап көзқарас

Авторлық құқықтарды сақтаңыздар. Уикипедия Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 Unported лицезиясы аясында жасалған, яғни еркін көшіруге және таратуға болатын ашық энциклопедия. Авторлық құқықты бұзатын ақпарат енгізу — Уикипедияның мақсатына сай келмейді. Қара: Авторлық құқықтар

Басқа қатысушыларды құрметтеңіздер. Уикипедияда әртүрлі көзқарастары болуы мүмкін, әртүрлі мемлекеттер мен мәдениет өкілдері бірге өмір сүреді. Өзара құрметтесіп, әрі қарапайым әдептілік ережелерін сақтау – жобаның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қара: Этикет, Сыпайылық

Уикипедияның ережелері басқа кез-келген ережелер сияқты толық жетілмеген, уақыт өте келе өзгереді.[1] Сондықтан, оны ары қарай жетілдіруге кез-келген адам көмектесе алады. Бірақ бір жүйеден екінші жүйеге ауыса беру үлкен пайда әкелмейді: бұрынан келе жатқын ережелер көптеген қатысушылармен жатталған, соның аясында қазіргі кезде бар көптеген мақалалар жазылған. Сондықтан, оларды өзгерту үшін салмақты себептер және өзгерістерді енгізуге біраз еңбек керек.

Түсініктемелер

  1. Жаңа ережелердi енгізу үшін қауым мүшелерінің келісімі қажет. Ұсыныс мүдделi қатысушылар кiрiспелермен олардан таныстырып олардан пікірін біліп, тек қана содан кейiн басқарумен немесе ереже болып есептеле алады. Ережелер туралы ұсыныс форумда құлағдар етуi керек. Ұсынған ережелермен танысуға бекiтiлген мерзiм берiледi: бiр апта, жаңа ереже бекітілгеннен кейiн жаңа ереже бетінің үстiңгі жағына {{ереже}} үлгiсі қойылады. Жаңа ұсынысты талқылауға белгілі бір мерзiм беріледі, егер барлық қатысушылар ортақ шешiмге келген жағдайда жаңа ереже бекітіледі.