Мазмұнға өту

Тунис Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тунис
Логотип
Лақап аты

Les Aigles de Carthage (Карфаген қырандары)

Конфедерация

АФК

Федерация

Тунис футбол федерациясы

Бас бапкері

Тунис Набиль Маалул

Капитаны

Яссин Шихауи

Ең көп
ойын саны

Радхи Жаиди (105)

Үздік
бомбардир

Иссам Джемаа (36)

Үй стадионы

Олимпиада стадионы

ФИФА рейтингі

21 (-7) (7 маусым 2018)[1]

ФИФА коды

TUN

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Тунис 2:1 Алжир
(Тунис; 1 маусым, 1957 жыл)

Тунис 8:1 Тайвань
(Италия; 18 тамыз, 1960 жыл)
Тунис 7:0 Того
(Тунис, Тунис; 7 қаңтар, 2000 жыл)
Тунис 7:0 Малави
(Тунис, Тунис; 26 наурыз, 2005 жыл)
Тунис 8:1 Джибути
(Радес,Тунис; 12 маусым,2015 жыл)

Венгрия 10:1 Тунис
(Будапешт, Мажарстан; 24 шілде, 1960 жыл)


Тунис Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Тунис мемлекетінің намысын қорғайтын Ұлттық құрама. Басқарушы орган - Тунис Футбол Федерациясы. ФИФА және КАФ мүшесі. Әлем чемпионатына қатысқан жылдары: 1978, 1998, 2002, 2006, 2018.

2004 жылғы Африка чемпионы.

Әлем чемпионаттарында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұңғыш рет 1978 жылғы Әлем чемпионатына қатысты. Қарсыластары өте мықты болғанына қарамастан, әуелі 3:1 есебімен Мексиканы ұтып, Қара құрлық құрамаларының әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұдан кейін поляктардан 0:1 есебімен ұтылып, соңғы матчта 1974 жылғы әлем чемпионы ГФР құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Бірақ екінші кезеңге шығуға үш ұпай аздық қылды.

Арада 20 жыл өткен соң Франциядағы әлем чемпионатына қатысты. Бірақ бұл жолы да, 2002, 2006 жылдарғы әлем чемпионаттарында да топтық турнирден аса алмады. 2006 жылы Зиед Жазиридің Сауд Арабиясы қақпасына соққан добы турнирдегі әдемі голдардың үздік ондығына енді.

Құрама жайлы фактілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрамы. ӘЧ-2018

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аты клуб Туған жылы, күні
Қақпашылар
1 Фарук Бен-Мустафа Сауд Арабиясы Аль-Шабаб (Эр-Рияд) 3 маусым 1989
16 Аймен Матлути (к) Сауд Арабиясы Аль-Батин 14 қыркүйек 1984
22 Муэ Ассен Франция Шатору 5 наурыз 1995
Қорғаушылар
2 Сиам Бен-Юссеф Түркия Касымпаша 31 наурыз 1989
3 Йоан Беналуан Англия Лестер Сити 28 наурыз 1987
4 Яссин Мерья Тунис Сфаксьен 2 шілде 1993
5 Уссама Хаддади Франция Дижон 28 қаңтар 1992
6 Рами Бедуи Тунис Этуаль дю Сахель 19 қаңтар 1990
11 Дилан Бронн Бельгия Гент 19 маусым 1995
12 Али Маалул Мысыр Аль-Ахли (Каир) 1 қаңтар 1990
21 Хамди Наггез Тунис Замалек 28 қазан 1992
Жартылай қорғаушылар
7 Саиф-Эддин Кауи Франция Труа 27 сәуір 1995
13 Ферджани Сасси Сауд Арабиясы Ан-Наср (Эр-Рияд) 18 наурыз 1992
14 Мохамед Амин Бен-Амор Сауд Арабиясы Аль-Ахли (Джидда) 3 мамыр 1992
15 Ахмед Халил Тунис Клуб Африкэн 21 желтоқсан 1994
17 Элье Скири Франция Монпелье 10 мамыр 1995
20 Гилан Чаалани Тунис Эсперанс (Тунис) 28 ақпан 1994
Шабуылшылар
8 Фахреддин Бен-Юссеф Сауд Арабиясы Аль-Иттифак 21 маусым 1991
9 Анис Бадри Тунис Эсперанс (Тунис) 18 қыркүйек 1990
10 Вахби Хазри Франция Ренн 8 ақпан 1991
18 Бассем Срарфи Франция Ницца 25 маусым 1997
19 Сабер Хелифа Тунис Клуб Африкэн 14 қазан 1986
23 Наим Слити Франция Дижон 27 шілде 1992
Бапкер
Тунис Набиль Маалул 25 шілде 1962

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. FIFA/Coca-Cola World Ranking  (ағыл.). ФИФА.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]