Мазмұнға өту

Польша Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Польша
Логотип
Лақап аты

ақ-қызылдар
(Biało-czerwoni)
ақ қырандар
(Białe Orły)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Польша Футбол Одағы

Бас бапкері

Польша Адам Навалка

Капитаны

Роберт Левандовский

Ең көп
ойын саны

Роберт Левандовский (148)
Якуб Блащиковски (108)
Михал Жевлаков (102)

Үздік
бомбардир

Роберт Левандовский (82)

Үй стадионы

Казимеж Гурский стадионы

ФИФА рейтингі

7 (18 қаңтар 2018)

ФИФА коды

POL

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік

Венгрия Мажарстан 1:0Польша Польша
(Будапешт, Мажарстан; 18 желтоқсан 1921)

Польша  Польша 10:0  Сан-Марино
(Кельце, Польша; 1 сәуір 2009)

[ Дания 8:0  Польша Польша
(Копенгаген, Дания; 26 маусым 1948)

Польша Ұлттық футбол құрама командасы (пол. Reprezentacja Polski w piłce nożnej) — Футболдан Халықаралық жарыстарда Польша мемлекетінің намысын қорғайтын құрама. УЕФА және ФИФА мүшесі. 1974, 1982 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Алғашқы кездесуін 1921 жылы 18 желтоқсанда Венгрияға қарсы өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алғаш қатысқан ең ірі турнирі — 1938 жылғы әлем чемпионаты. Бұдан соң Звигнев Бонек, Гжегож Лято, Анджей Шармах секілді мықты футболшылары жетілгенше әлемдік немесе құрлықтық ірі додаға қатыса алмады. 1974 жылы аталған футболшылардың көмегімен бірнеше атақты құрамаларды, атап айтқанда, Италия, Аргентина, Бразилия, Швеция секілді мықтылардан басым түсіп, әлемнің қола жүлдегері атанды.

1978 жылы Аргентинада өткен әлем чемпионатында екінші кезеңнен аса алмады. Ал төрт жылдан соң тағы да керемет ойын көрсетіп, 1974 жылғы табысын қайталады. Мұнан соң алтын буынның дәуірі бітті де, құрама көп жылдарға дейін жарқырай алмады. Тек жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығында ғана шамалы көзге түсе бастады. 2002, 2006 жылдарғы әлемдік додаға қатысқанымен, топтан шыға алған жоқ. 2008 жылғы Еуропа чемпионатында да, 2012 жылы өз елдерінде өткен бәсекеде де топтық турнирде қалып қойды.

Әлем чемпионаттарындағы мергендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Гжегож Лято (сол жақта)
Ойыншы Гол саны 1930 1974 1978 1982 1986 2002 2006
Лято, ГжегожГжегож Лято 10 7 2 1
Шармах, АнджейАнджей Шармах 7 5 1 1
Бонек, ЗбигневЗбигнев Бонек 6 2 4
Дейна, КазимежКазимеж Дейна 4 3 1
Вилимовски, ЭрнестЭрнест Вилимовски 4 4
Босацкий, БартошБартош Босацкий 2 2
Смолярек, ВлодзимежВлодзимеж Смолярек 2 1 1
Бунцоль, АнджейАнджей Бунцоль 1 1
Циолек, ВлодзимежВлодзимеж Циолек 1 1
Горгонь, ЕжиЕжи Горгонь 1 1
Крыщалович, ПавелПавел Крыщалович 1 1
Купцевич, ЯнушЯнуш Купцевич 1 1
Маевский, СтефанСтефан Маевский 1 1
Олисадебе, ЭммануэльЭммануэль Олисадебе 1 1
Шерфке, ФридерикФридерик Шерфке 1 1
Жевлаков, МарцинМарцин Жевлаков 1 1
Бары 44 5 16 6 11 1 3 2

Еуропа чемпионатттарындағы мергендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Футболшы Гол саны 2008 2012 2016
Блащиковски, ЯкубЯкуб Блащиковски 3 1 2
Левандовский, РобертРоберт Левандовский 2 1 1
Геррейро, РожерРожер Геррейро 1 1
Милик, АркадиушАркадиуш Милик 1 1
Бары 7 1 2 4

Атақты ойыншылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Роберт Левандовский
Якуб Блащиковски

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]