Мазмұнға өту

Теріс (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Теріс өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 51 км
Су алабының
ауданы
485 км²
Су алабы Аса өзені
Су ағысы
Бастауы Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайы
 • Координаттары 42°51′05″ с. е. 70°30′47″ ш. б. / 42.85139° с. е. 70.51306° ш. б. / 42.85139; 70.51306 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Аса өзені
 • Координаттары 42°40′20″ с. е. 71°10′41″ ш. б. / 42.67222° с. е. 71.17806° ш. б. / 42.67222; 71.17806 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°40′20″ с. е. 71°10′41″ ш. б. / 42.67222° с. е. 71.17806° ш. б. / 42.67222; 71.17806 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Жамбыл облысы Жуалы ауданы

ТерісАса өзенінің алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жамбыл облысы Жуалы ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 485 км².

Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен өткен соң, Күркіреусу өзенімен қосылып, Аса өзені басталады. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы және оншақты ұсақ салалары бар. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Аңғары жоғары ағысында 60-110 м, жазықта 300-450 м. Өзен егістікті суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық.[1] Теріс өзенінің бұрынғы атауы - Мыңбұлақ болған. Ол жөнінде 630 жылдар шамасында Қытай жиһангері Сюань-Цзяньнан жазған сапарнама баян етеді. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тараз энциклопедиясы
  2. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]