Мазмұнға өту

Теріс-Ащыбұлақ (бөген)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Теріс-Ащыбұлақ бөгені
Морфометрия
Ұзындығы10, 11 км
Ені3, 7 км
Ауданы24 км²
Көлемі158 км³
Жағалық сызықтың ұзындығы40 км
Сипаттамасы
Толтырылған жылы1963
Су алабы
Су жинайтын орынның аумағы1430 км²
Орналасуы
42°41′36″ с. е. 70°53′44″ ш. б. / 42.69333° с. е. 70.89556° ш. б. / 42.69333; 70.89556 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°41′36″ с. е. 70°53′44″ ш. б. / 42.69333° с. е. 70.89556° ш. б. / 42.69333; 70.89556 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
АймақЖамбыл облысы
Теріс-Ащыбұлақ (бөген) (Қазақстан)
Теріс-Ащыбұлақ бөгені
Теріс-Ащыбұлақ (бөген) (Жамбыл облысы)
Теріс-Ащыбұлақ бөгені
 Басқа мағыналар үшін Ащыбұлақ деген бетті қараңыз.

Теріс-Ащыбұлақ бөгеніЖамбыл облысы Жуалы ауданының жеріндегі бөген. Қаратаудан басталатын Теріс өзенінің арнасында 1963 жылы салынған.

Гидрологиялық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданы — 24 км2, ұзындығы — 10–11 км, ені — 3–7 км, тереңдігі — 24–28 м, шарасы әбден толған кездегі су мөлшері — 158 млн. м3, жағасының ұзындығы — 40 км шамасында. Бөгенге 1430 км2 алқаптан су жиналады. Аудан шаруашылықтарының 29,2 мың га егістігі (1985) суарылады, төңірегіндегі шабындық пен жайылым суландырылады.[1]

Теріс өзені көктем шыға арнасынан асып, екі жағалауға еркін жайылып, жағалауды нәрлендіріп жататын өзен. Су қорының молдығын пайымдаған Кеңес өкіметінің мамандары бұл судың жүздеген га алқапты суландыруға мүмкіндігі барын Ұлы Отан соғысына дейін анықтап, 1930-жылдардың аяғына таман үкіметтің арнаулы қаулысын шығартқан. Тек 1948 жылы су қоймасының құрылысының құрылысы қызу қарқынмен қолға алынады. Өзен бойындағы тау жыныстары 10 жыл бойы динамитпен қопарылып, су жинақтайтын қазан шұңқыр әзірленді. Өзеннің алды тас қаланған темір бетонмен шегенделіп, аса үлкен бөгет ��алынды. Оның суымен облыстың Жуалы, Жамбыл және Байзақ аудандарының жүздеген гектар егіс алқабы суғарылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  2. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы