Темір өзені
Көрініс
Темір өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 213 км |
Су алабының ауданы |
8200 км² |
Су алабы | Жем алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Бұрма ауылының жеріндегі бұлақтар |
• Координаттары | 49°38′54″ с. е. 56°56′29″ ш. б. / 49.64833° с. е. 56.94139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Жем өзені |
• Координаттары | 48°31′06″ с. е. 57°26′59″ ш. б. / 48.51833° с. е. 57.44972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°31′06″ с. е. 57°26′59″ ш. б. / 48.51833° с. е. 57.44972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы Мұғалжар және Темір аудандары |
Темір өзені – Жем алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақтөбе облысының Мұғалжар және Темір аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 213 км, су жиналатын алабы 8200 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақтөбе облысындағы Бұрма ауылының жеріндегі бұлақтардан басталып, Шеңгелші ауылы тұсында Жем өзеніне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ірі салалары – Көлденеңтемір, Көбелей, Толғанай. Аңғарының ені 3 – 10 км, жайылмасы 0,2 – 6 км. Арнасы жоғарғы бөлігінде 30 – 50 м, төменгі бөлігінде 150 – 200 м. Жауын-шашын, ішінара ыза суымен толысады. Жылдық орташа су ағымы Қопа ауылы тұсында секундына 6,55 м3. Сағасынан 34 км-ден 209 км-ге дейінгі аралықта 5 тоған салынған. Суы көктемде – тұщы, жазда – кермек татиды. Суы егістік, шабындық, мал суаруға, Темір қаласының, басқа да елді мекендердің мұқтажына пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том