Көбелей (өзен)
Көрініс
Көбелей | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 55 км |
Су алабының ауданы |
825 км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Мұзбел тауы |
• Координаттары | 49°04′16″N 58°03′14″E / 49.07111°N 58.05389°E |
Сағасы | Көлденеңтемір өзені |
• Координаттары | 49°08′23″N 57°50′09″E / 49.13972°N 57.83583°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы |
Көбелей, Көбелейтемір – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы өзен. Ұзындығы 55 км, су жиналатын алабы 825 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бастауын Мұғалжардың батысындағы Мұзбел тауының солтүстігінен алып, Қаракөл ауылының маңындағы Лаққырған қонысынан 12 км жоғарыда, Көлденеңтемір өзеніне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арнасы тар, жарлы. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Сәуір – мамыр айларында суы тасып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Мал суаруға пайдаланылады.[1]