Мазмұнға өту

Синъитиро Томонага

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Синъитиро Томонага
жап. 朝永 振一郎
Туған күні

31 наурыз 1906 (1906-03-31)

Туған жері

Токио

Қайтыс болған күні

8 шілде 1979 (1979-07-08) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Токио

Азаматтығы

 Жапония

Ғылыми аясы

физика

Альма-матер

Киото университеті

Марапаттары


Ломоносов атындағы алтын медаль (1964)
Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1965)

Синъитиро Томонага (1906 — 1979) — жапондық физик. Жапония ғылым академиясының мүшесі (1951), АҚШ (1965)[1] пен КСРО (1971)[2] академияларының шетелдік мүшесі. Жапония ғылым кеңесінің президенті (1963—1969).

1965 жылы Ричард Фейнман мен Джулиан Швингермен бірге «Элементар бөлшектер физикасына терең ықпал жасаған кванттық электродинамикадағы іргелі жұмыстары үшін» Нобель сыйлығымен марапатталды.

Әкесі Сандзюро Томонага 1913 жылы Киото университетіндегі философия профессоры кафедрасына тағайындалғанда, жанүясымен сонда көшеді. 1926 жылы Синъитиро осы университетке, атом физикасы мамандығына түседі. Болашақтағы тағы бір Нобель сыйлығының иегері Хидэки Юкава сонымен бірге оқыған. Оқуды бітіргеннен кейін Синъитиро тағы үш жыл бойы университетте ассистент болып істейді.

1932 жылы Физика-химиялық зерттеулер институтында жұмыс істей бастайды. 1937—1939 жылдары Лейпциг университетінде Вернер Гейзенбергтің зерттеу тобында болады. Докторлық диссертациясын Германияда аяқтай алмай, оны Токио университетінде сәтті қорғайды. Отанында Токио педагогикалық унивеситетінде (қазіргі Цукуба университеті) жұмыс жолын жалғастырады.

1949 жылы Роберт Оппенгеймердің шақыруымен Принстондағы Перспективті зерттеулер институтына келеді. Келесі жылы Отанына қайтады, 1955 жылы Токио университетіндегі Ядролық зерттеулер институтының негізін қалауға қатысады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]