Роттердам
Көрініс
Роттердам (нидер. Rotterdam) — Нидерландыда орналасқан көлемі жөнінен елде екінші орында тұрған қала және қауымдастық[1]. Оңтүстік Голландия провинциясында орналасқан. Оның тұрғындарының саны – 603 425 адам. Тұрғындарының саны бойынша Амстердамнан кейін екінші орынға жайғасқан.
Роттердам қаласының негізі 1340 жылы қаланған. Ал қала атауы 1260 жылдары Роттердам болып бекітілген. Роттердам порты әлемде контейнерлерді өңдеу бойынша жетінші орында тұр.
Ұлттық құрамы(2006 жылғы көрсеткіш:
- Жалпы халық саны: 588 718 адам.
- Голландықтар: 317 943.
- Суринамдықтар: 52 329.
- Түріктер: 45 415.
- Марокколықтар: 36 831.
- Нидерланд және Антиль аралдарынан/Арубтар келгендер 19 701.
- Оңтүстікеуропалықтар: 17 774.
- Дамымаған елдерден келгендер: 66 464.
- Дамыған елдерден келгендер: 32 261.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|