Нұрнияз Мұханов
Көрініс
Нұрнияз Мұханов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты |
Қазақ |
Қызметі |
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Нұрнияз Мұханов (1948 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған) — Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1987). Құрмет орденінің иегері (2007). Маңғыстау облысының құрметті азаматы (2017).
Толығырақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нұрнияз Мұханов 1948 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген.
- Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера студиясын және Шымкент қаласындағы мәдениет институтын бітірген.
- Еңбек жолын Маңғыстау облысы халық шығармалық әдістемелік орталықтың директоры (1973), облыстық қуыршақ театры директорының орынбасары, Қарақия ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1989 – 1990), облыс филармонияның директоры (1990 – 1995), облыс мәдениет басқармасының бастығы (1995 – 2005) болды.
- 2006 жылдан Маңғыстау облыстық музыкалы драма театрының директоры
- Ол «Жастар» халық ансамблін, «Кең жайлау», «Ақ желкен» үгіт бригадаларын, «Алтыбақан», «Маңғыстау маржандары», «Ақжарма» ансамблі секілді өнер ұжымдарын ұйымдастыру жұмысына елеулі үлес қосты. Бүкілодақтық халық шығарм. фестивальдарының лауреаты.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1986 - КСРОның үздік мәдениет қызметкері
- 1987 - Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (құрметті атағы);
- 2000 - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы берілді.
- 2001 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
- 2007 - ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды
- 2008 - "Астанаға 10 жыл" медалі
- 2011 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
- 2015 - Қарақия ауданының құрметті азаматы
- 2016 - "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
- 2017 - Нұрмұхан Жантөрин атындағы медалінің иегері.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің жеке алғыс хаттарымен марапатталған.
- 2017 — Маңғыстау облысының құрметті азаматы (құрметті атағы)
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 27 маусымда туғандар
- 1948 жылы туғандар
- Байғанин ауданында туғандар
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мәдениет қайраткерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері
- Маңғыстау облысының құрметті азаматтары