Мазмұнға өту

Мыңкісі Байсалұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мыңкісі Байсалұлы
Туған күні

1793 (1793)

Туған жері

Үлек, Маңғыстау облысы

Қайтыс болған күні

1838 (1838)

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

қазақ

Қызметі

сынықшы, емші, шипагер, әруақ

Әкесі

Байсал Мырзаболатұлы

Балалары

Құлшар, Қызықбай, Жауғашты, Өтеу, Бітім

Мыңкісі Байсалұлы (шамамен 17931838, Маңғыстау түбегі) – сынықшы, емші, шипагер ретінде халқына адал қызмет еткен әруақты ата.

Ата қон��сы – Үлек құдығы. Мыңкісі – әкесі Байсалдың егде шағында зарығып көрген, Бекет ата аян берген перзенті. Мыңкісі есімі Бекет атаның өсиетімен қойылған. Оның Құлшар, Қызықбай, Жауғашты, Өтеу, Бітім атты ұлдарының бәрі, немерелері де емшілік, көріпкелдік қасиеттерімен халық жадында сақталған. Бұлардың ұрпақтары қазір Маңғыстау облысында өмір сүреді.

Ал Мыңкісі қайтыс болғанда мүрдесі қазіргі Ақшымырау ауылынан 25 шақырым жердегі Алатөбе басындағы қорымға қойылған. Бұл күндері қорым «Мыңкісі қорымы» деп аталады.