Сынықшы
Осы күнге дейін жалғасып және өз ісін дәлелдеп көрсетіп жүрген сирек мамандықтың бірі - осы сынықшылық. Сынықшылар арнайы білім, оқу орындарында оқымай-ақ сүйегі сынған адамарды емдеудің ғажап өнері мен құпиясын толық игерген емсек адамдар екені талай рет дәлелденген. Олар сынған мүшелерді сырттай сипап отырып, уатылып кеткен сүйектерді орны-орнына салып, емдеген. Әрине, ел ішінде дене, сүйек жарақатын алушылар жиі кездеседі. Осындай ауыр жараланғандарды емдеп, жазып шығару жолында Қостанай, Торғай даласына аты кең жайылған сынықшы Назым есімді әйел. Ол 2000 жылдары машина апатынан қайтыс болды. Назым ешқандай дәрі-дәрмек және басқа емдеу құралдарын қолданбай-ақ өте күрделі сынықтарды әп-сәтте жазып шыққан. Марқұмның осы қаблеті мен сынықшылық қасиетін емделушілер де , маедицинаның білікті мамандары да мойындаған. Сынықшылық негізінен тұқым қуалайтын емшілік түрі есептеледі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.