Мазмұнға өту

Марқакөл (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Марқакөл
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі1449,3 м
Өлшемі38 × 19 км
Ауданы455 км²
Тереңдігі30 м
Орташа тереңдігі14 м
Шығатын өзенҚалжыр
Орналасуы
48°45′ с. е. 85°45′ ш. б. / 48.750° с. е. 85.750° ш. б. / 48.750; 85.750 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°45′ с. е. 85°45′ ш. б. / 48.750° с. е. 85.750° ш. б. / 48.750; 85.750 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақШығыс Қазақстан облысы
АуданКүршім ауданы
Марқакөл (көл) (Қазақстан)
Марқакөл
Марқакөл (көл) (Шығыс Қазақстан облысы)
Марқакөл
Марқакөл Ортаққорда
 Басқа мағыналар үшін Марқакөл деген бетті қараңыз.

МарқакөлШығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазанмамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар.

Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады. Қалыпты климаты континентті, бірақ қысы қатаң, ал жазы жай ғана жылы болып келеді. Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағы болып табылады. Бұл жерде қыс мезгіліндегі ең төменгі температура -55 °С-қа (Орловка елді мекенінде) жетеді. Осы көлде Оңтүстік Алтайдағы ең төменгі ауа температурасы (-41°С) тіркелген. Шілде айының орташа төменгі ауа температурасы 14.1 °С болса, ал қаңтар айындағы орташа ауа температурасы 25.9 °С болып табылады. Көп жағдайда жаз мезгіліндегі ауа температурасы 29 °С-қа дейін көтеріледі, ал қыс мезгілінде -40-44 °С-қа дейін, кей кездері -53 °С-қа дейін төмендейді.

Флорасы мен фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5