Мазмұнға өту

Күршім жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күршім жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Алтай

Пайда болған кезеңі

Девон, палеозой

Ұзындығы

130-135 км

Ені

25-30 км

Ең биік шыңы

Ақсубас тауы

Биіктігі

3305 м

Орналасуы

48°27′ с. е. 84°10′ ш. б. / 48.450° с. е. 84.167° ш. б. / 48.450; 84.167 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°27′ с. е. 84°10′ ш. б. / 48.450° с. е. 84.167° ш. б. / 48.450; 84.167 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде. Нарын, Сарымсақты және Оңтүстік Алтай жоталарының оңтүстігі.

Күршім жотасы (Қазақстан)
Күршім жотасы
Күршім жотасы (Шығыс Қазақстан облысы)
Күршім жотасы

Күршім жотасыАлтай тауларының оңтүстік-батыс сілеміндегі жота.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде. Нарын, Сарымсақты және Оңтүстік Алтай жоталарының оңтүстігінде, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 130 – 135 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Ең биік жері 3305 м (Ақсубас тауы). Шығыс бөлігінің оңтүстігінде Марқакөл көлі жатыр.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жота девонның туфынан және эффузивті жыныстарынан, палеозойдың құмтастарынан түзілген. Гранит интрузивтері де кездеседі.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жотаның сол түстігінде беткейі тік құлама. Күршім жотасы Салқыншоқы (2084 м), Сарытау (2646 м), Ұлтабар (2722 м), т.б. жеке таулар мен тау сілемдерінен тұрады. Тау беткейлерінен Күршім өзенінің сол салалары: Қыстау Күршім, Қойшілік, Сорная, сонымен бірге Марқакөл көлінен ағып шығатын Қалжыр және оның салалары Шұқырқалжыр, Қараағаш, Березовка, т.б. өзендер бастау алады.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тар және терең шатқалдардың сол түстік беткейлерінде қылқан жапырақты, тау шатқалдары мен етегінде жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. Тау етегінде жусан, боз, бұта және жапырақты орман өседі. Тауларда (2000 м-ден жоғары) альпілік шалғын шөптер, астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Жануарлардан қоңыр аю, таутеке, қасқыр, түлкі, борсық, суыр, тиін кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"