Мариновка (Ақмола облысы)
Ауыл | |
Мариновка | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°47′25″ с. е. 69°09′53″ ш. б. / 51.79028° с. е. 69.16472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°47′25″ с. е. 69°09′53″ ш. б. / 51.79028° с. е. 69.16472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1854 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1564 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
03 |
Мариновка шекарасы
|
Мариновка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Мариновка ауылдық округi орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданы орталығы — Атбасар қаласының шығысында 60 км жерде, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде орналасқан, Қалқұтан өзенінің оң жағасында.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1854 —1855 жылдары Амантай шоқысындағы бекеттің орнына қаланған. 1954 жылдан астық кеңшарының, 1973 — 1988 жылдары Мариновка ауданының орталығы болып келді. Соның негізінде 1997 жылдан кейін “Мариновское”, “Амантай” ЖШС-тері, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл аумағында Астана — Қарталы т. ж. ст. (Ирченко), астық қабылдау және автокөлік кәсіпорындары, тігін фабрикасының бөлімшесі, ӨК орналасқан. Ауылда Мариновка көтерілісінің (1919) құрбандарына ескерткіш орнатылған.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
3778 | ▼3024 | ▼1564 | 51,7 | 1467 | ▼819 | 55,8 | 1557 | ▼745 | 47,8 |
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2 орта мектеп, музыкалық мектеп, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория, аймақтық тубдиспансер, тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет үйі, 2 кітапхана, мұрағат, астық қабылдау пункті бар. Мариновкадан 2 км жерден Алматы – Астана автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|