Көл шөгінділері
Көл шөгінділері — жұқа қабатты саз балшықтар, құмдар, ұсақ малта тастар, мергельдер, кейде темір кендері. Ащы тұзды көлдерде көл шөгінділері гипстен тұрады, фауна болмайды. Ащы көлдерде көбінесе ем есебінде пайдаланылатын өте майда тұнба балшықтар жиналады. Қазіргі және бұрынғы геологиялық кезеңдердегі көлдердің түбінде жиылған шөгінді жыныстар. Жаралу тегіне қарай К. ш. механикалық (малтатас, қиыршықтас, құм, саз, лай), химиялық (көл боры, табиғи сода, мирабилит, гидрогалит, ас тұзы, гипс) және органикалық (шымтезек, сапропель, диатомит) болып бөлінеді. Тұщы көлдерде мех. және органик. шөгінділер, ал ащы көлдерде хим. шөгінділер жинақталады. К. ш-нің сипаты климатқа тәуелді болады. Суық климат және мұздық су аймақтарындағы көлдерде құм, сазды шөгінділер мен таспа саз, ал қоңыржай белдеулердегі көлдерде кесек жыныстар және олармен бірге темір мен кремний оксидтері, кальций карбонаты, шымтезек, сапропель, т.б. органик. заттар тұнады. Құрғақ климатты аймақтардағы көлдерде кесек жыныстармен бірге карбонаттар, ас тұзы, гипс, т.б. тұнбалар шөгеді. Шөгіндіде магний мөлшері едәуір және көл суының булануы мол болса, онда доломитті және әк-доломитті тұнбалар қабаты түзіледі. Мұндай тұнбалар Балқаш к-нің шығыс жағында мол. Құлынды даласының тұйық көлдерінде сода шөгінділері кездеседі. Сарыарқадағы, Арал мен Балқаш маңындағы кейбір тұзды көлдерде ас тұзы, гипс, мирабилит, глаубер тұзы, натрий сульфаты өндіріс қажетіне жарарлықтай мөлшерде шоғырланған. К. ш. девон, пермь, неоген жыныстарында кеңінен тараған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарб��ев.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |