Көксор
Көрініс
Көксор | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 222 м |
Өлшемі | 3,4 × 2,5 км |
Ауданы | 6,2 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 12,2 км |
Орташа тереңдігі | 0,5 м |
Орналасуы | |
53°10′28″N 71°7′22″E / 53.17444°N 71.12278°E | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Біржан сал ауданы |
Көксор – Көкшетау қыратының солтүстік бөлігіндегі тұзды тұйық көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмола облысы Біржан сал ауданы Андықожа батыр ауылының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Көксеңгірсор көлі алабында. Теңіз деңгейінен 222 м биіктікте.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аумағы 6,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 12,2 км. Орташа тереңдігі 0,5 м. Жағалауы түйетайлы, қоға аралас қамыс өседі. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Жазда су айдыны тартылып қалады.