Мазмұнға өту

Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин(5.8.1942 жылы туған, Қостанай облысы қазіргі Сарыкөл ауданы Воронцовка ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1986), профессор (1987).

Пермь медицина институтын бітірген (1964).

Жұмыс жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) ассистент (1970), доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін (1981) атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері жақ-бет травматологиясы мәселелеріне арналған. Оразалин жақ сүйегі сынығының бітуі (жазылуы) бірнеше кезеңнен (сатыдан) тұратынын дәлелдеп, оны емдеу әдістерін, бет сүйегін таңып, бекітуге арналған шина, құрылғылар ұсынды.

Ғылыми еңбектер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.
  • 14 өнертабыстың иегері.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"