Жаман Қайрақты
Көрініс
Жаманқайрақты | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 106 км |
Су алабының ауданы |
1640 км² |
Су алабы | Есілдің төменгі алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Көкшетау қыраты |
• Координаттары | 52°11′40″N 67°42′13″E / 52.19444°N 67.70361°E |
Сағасы | Есіл өзені |
• Координаттары | 51°34′44″N 67°54′26″E / 51.57889°N 67.90722°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы Жақсы және Атбасар аудандары |
Жаманқайрақты – Есілдің төменгі алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмола облысы Жақсы және Атбасар аудандары жерінде. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1640 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көкшетау қыратының оңтүстік-батыс етегінен басталып, Алғабас және Қарақоға ауылдары тұсында Есіл өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы кең, жағалауы жайпақ, орта ағысында жарлы келеді. Шағын жылғалық салалары бар. Жылдық орташа су ағымы 2,4 м3/с. Суымен шабындық және жайылым суландырылады.[1]