Мазмұнға өту

Дафна

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аполлон және Дафна

Да́фна (көне грекше Δάφνη «лавр») — ежелгі грек мифологиясындағы кейіпкер, сұлу нимфа. Ең көп онымен біргек Аполлон туралы миф танымал. Аполлон оған өлгенше ғашық болып оны қуады. Пәктіктікке ант берген Дафна, өтініп, Аполлонда киелі саналатын лавр ағашына айналды.

Жердің, яғни Геяның және фессалиялық өзен Құдайы ��енейдің (Элидада) қызы (Овидия нұсқасы), немесе өзен Құдайы Аркадиядағы Ладонның (аркадиялық нұсқасы, Павсанияда мазмұндалды). Немесе Амикланың қызы.

Еркектерден қашып әйелдердің арасында өмір сүрген, Артемиданың серігі. Дафна сол Артемидаға өзінің пәктігі мен тазалығын жоғалтпауға ант берді. Аполлонның Дафнаға махаббаты туралы Овидийдің «Метамфрозаларында» (грек. айналу; I, 452—517) толық айтылған. Оған тағы да ажалды Левкипп Эномайдың баласы ғашық болды. Әйелдің киімін киіп, шашын өріп алған ол, өзін Эномайдың қызы ретінде көрсетіп, аңшы болды. Ол оны құшақтаған Дафнамен бірге аң аулайтын болды. Аполлон, Эротпен болған оқиғаның алдында да Дафнаны жақсы көрді, Левкиппке қызғанды. Қыздар Ладонда суға түсіп жатқанда, олар оның қыз емес екенін көріп, оны өлтіріп таастады. Левкипптің өтірігі Аполлонның қатысуынсыз-ақ шығарылды.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Daphne (mythology)