Виктор Алексеевич Ефимов
Виктор Алексеевич Ефимов | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
2002 — 2004 | ||||
Президент | Константин Павлович Петров | |||
| ||||
12 қазан 1989 — 5 мамыр 1990 | ||||
Ізашары | Татьяна Васильевна Захарова | |||
Ізбасары | Лауазымы ыдыратылды | |||
| ||||
29 қаңтар 1986 — 12 қазан 1989 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | КОКП (1991 жылға дейін) ЕТП (2000-2007) | |||
Білімі | Экономикалық ғылымдарының докторы Техникалық ғылымдарының кандидаты | |||
Дүниеге келуі | 18 мамыр 1948 (76 жас) КСРО, Псков облысы | |||
Әкесі | Алексей Ефимов | |||
Сайты | СПбМАУ негізіндегі В.А.Ефимовтың сайты | |||
өңдеу |
Виктор Алексеевич Ефимов (18 мамыр 1948 жыл, Псков облысы) — кеңестік және ресейлік қоғамдық, мемлекеттік және партиялық қайраткер, ғалым, көсемсөзші, шаруагер. Профессор, экономикалық ғылымдарының докторы, техникалық ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетінің (СПбМАУ) бұрынғы ректоры (2005-2016), Санкт-Петербург ЖОО-дарының ректорлар кеңесінің мүшесі.
Тұжырымдамалық билік мәселелері жайлы дәрістер оқуымен күллі Ресейге және Ресейден тыс жаққа танымал[1].
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Виктор Алексеевич Ефимов 18 мамыр 1948 жылы қазіргі Псков облысында дүниеге келді. Мектепті алтын медальмен бітірді. Кейін Ленинградтық мемлекеттік университетінің (ЛМУ) физикалық факультетіне түсіп, 1971 жылы техникалық жоғары білімді алды. Жан-жақты білімін жетілдіруіне байланысты ол Жоғары партиялық мектепте (ЖПМ) 1985 жылы саяси жоғары білімді, Н.А.Вознесенский атындағы Ленинградтық қаржы-экономикалық институтында (ЛҚЭИ) 1994 жылы қаржы-экономикалық жоғары білімді иеленді. Қиыр Солтүстікте взвод командирі болып қызмет етті. Д.И.Менделеев атындағы Метрологияның жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институтында (МЖҒЗИ) инженерлік және ғылыми қызмет атқарып, сол жерде аспирантураны бітіріп, диссертацияны қорғады.
1990 жылдан бастап Жалгерлер мен кәсіпкерлердің одағының халықаралық білім беретін бағдарламаларының жетекшісі. Ал 1991-1993 жылдары "Шағын кәсіпорындар дамуының халықаралық оқу-зерттеу орталығы" шағын кәсіпорнының бас директоры және президенті болып жұмыс істеді.
В.А.Ефимовтың 16 жылдан астам уақыт Ресейдің аграрлық өндірісі мен өңдеуші өнеркәсібімен тығыз байланыста. 1993-2005 жылдары Ефимов басқарған кәсіпорындар ауқымды дамуға түсті. "Птицефабрика "Заводская"" ЖАҚ-ның, "Псковский хлебокомбинат" ААҚ-ның, "Петербургский мельничный комбинат" ААҚ-ның, "Каменногорское карьероуправление" ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы, "Банк развития пищевой промышленности "Вита-банк"" ААҚ-ның басқарма төрағасы, "1-я Петербургская макаронная фабрика" ААҚ-ның бас директоры болды. 1993 жылы "Текобанк" КБ инвестициялары директорының орынбасары болып, ал 1993-1994 жылдары "Лэндбанк" АЖБ-нің вице-президенті болып қызмет атқарды.
2002-2004 жылдары "Бірлесу" тұжырымдамалық партиясы (БТП) төрағасының 1-ші хатшысы болды. 21 қыркүйек 2003 жылы БТП атынан Санкт-Петербург губернаторы лауазымының кандидаты ретінде сайлауға қатысты. Бірінші айналымында 0.83% сайлаушылар дауысын алып, екінші айналымға өтпеді.
2005 жылы Ефимов Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетінің (СПбМАУ) ректоры болып тағайындалды. Оның тұсында университет дағдарыстық жағдайдан шығып, белсенді дамуға біржолата шықты. Ол үшін Ефимов университет құрылымын жетілдірді, басқару есебін және қаржылау жүйесін енгізді.
Ефимов жастардың тәрбиесіне, салауатты өмір салтына көп назар аударады. Соған байланысты оның жетекшілігімен 2006 жылы Зерделі-дүниетанымдық жастар орталығы (ЗДЖО) ашылды. Сонымен қатар Ефимов жастар алдында дүниетанымға байланысты көп дәрістер оқиды.
В.А.Ефимов "Құрмет белгісі" орденімен, II дәрежелі "Отан алдындағы қызмет үшін" медалімен, еңбек үзділігінің алтын белгісімен, "Стандарттаудағы еңбек үшін" омырау белгісімен (1985), "2006 жылдың Бүкілресейлік ауылшаруашылықтық санағын өткізудегі қызметі үшін" медалімен (2006), "Ресейдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін" РФ АШМ-нің алтын медалімен және т.б. марапаттарға ие.
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Тұжырымдамалық билік. Аңыз ба, шындық па?" (2003);
- "Экономикалық әліппе" (2003);
- "Көз ашу" (2004);
- "Жаһандық басқару және адам. Матрицадан қалай шығу керек" (бұрыңғы атауы: "Суқұйғыш заманының бағыты. Ақырзаман немесе кейіп өзгерісі") (2011)[2].