Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) — ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценариші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик,кинодокументалисші және тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»).[1]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.
Әкесі Әлімжанов Тақан (1921-1996ж) Ұлы Отан соғысының мүгедегі, соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Анасы Әбішева Бәтима (1918-1988ж.). Екеуі де зейнетке шыққанға дейін кеңшарда жұмыс істеген. Б.Әлімжанов Степняк қаласындағы Абай атындағы орта мектепті 1971ж. бітіріп, 1977ж. ҚазМУ-дың қазақ филология факультетін бітірген. 1987 жылға дейін Алматы қаласында тұрған.
Сәбит Мұқановтың мұражайында ғылыми қызметкер, "Лениншіл жас", "Кітап жаршысы", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде тілші, "Қазақфильм" киностудиясында деректі фильмдер мен хроника бөлімінің редакторы, «Балдырған», "Жұлдыз" журналдарында проза, сын бөлімдерінің редакторы болып қызмет еткен.
1987 ж. ата-анасын күту үшін туған ауданының Кеңащы(Ақмола облысы) ауылына жұбайымен (Әлия Бақышқызы Әлімжанова, 1962 т.ж., медицина қызметкері) бірге көшіп келіп, 11 жыл ауылда тұрған. Баянғали облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Еңбекшілдер, Уәлиханов, Щучье аудандары бойынша меншікті тілшісі, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде төкпе ақын болып жұмыс істеген. Ата-анасы қайтқаннан кейін, 1998 ж. Көкшетау қаласына көшіп, 2001 ж. дейін Шахмет Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында сахна шебері болып қызмет атқарған.
2006-2014 жылдары Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі. Қазір зейнеткер. Астана қаласында тұрады.
Балалары:Құралай (1973), Ақмарал (1975), Ақкенже (1980, киноактриса), Нұрлан (1984, әнші, сазгер, киноактер).Немерелері бар.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Поэзия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баянғали Әлімжанов лирикалық, философиялық өлеңдер мен елуге тарта поэма, оқиғалы жырлардың авторы.
- Тәксидегі тағдырлар,
- Қиянатқа қарсылық,
- Ғарыш қазағы - Тоқтар Әубәкіров туралы
- Жұмабек батырдың жұлдызы - Ж.Тәшенов туралы
- Байғозының жебесі.
- Олжабай батырдың өркені
- Керей Ер Жәнібектің көңілі мен көк дөнені.
- Балуан Шолақ пен Иманжүсіп.
- Гүлбанудың биіктігі
- Бекет атаның үйі
- Марал ишанның аманаты
- Өткеннің өнегесі
- Молда мен НКВД
- Әпшу мен аупартком
- Жел сыбырлаған шындық
- Қыр астындағы құлын.
- Манас пен Мұхтар Әуезов.
- Қыз намысы.
- Қорасан қарақшының қолмергені.
- Смағұл ішкен у.
- Әкімнің әкесі.
- Мәшһүр Атаның месі.
- Мұстафаның мұңы,
- Әбілсейіттің көргенділігі.
- Қаһарман мен қыз.
- Шал мен сағат.
- Жусаным, саған жылаймын.
- Қазақ қандай дейсің бе? т.б.
Оның өлең-жырлары жеке кітап болып басылған "Ауылдың ақ самалы", "Аңыз бен аспан", тарихи тұлғалар туралы көптеген жинақтарға енген және республикамыздың беделді журналдары "Аманат", "Жұлдыз", "Таң-Шолпан", "Дарабоз", "Жаңа Сарыарқа", "Көкшетау", "Қазақ тарихы", "География" журналдары, "Жидебай" альманағы мен
"Егемен Қазақстан", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Заман Қазақстан", "Айқын", "Жас қазақ үні", "Алматы ақшамы", "Арқа ажары", "Жас Арай" т.б.газеттерінде жарияланған. Б.Әлімжановтың өлеңдері «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына , «Таксидегі тағдырлар» поэмасы «Қазақтың жүз поэмасы» атты 6 томдық антологияға кірген. Б.Әлімжанов көптеген ән текстерін жазған. «Ғажайып күй», «Өмірлік менің серігім», «Қазақстан», «Өкпелеме, жаным», « Сен ешқашан өзгерме» және басқа да әндері (муз. Нұрлан Әлімжанов\ бүкіл елімізге әйгілі болды. Б. Әлімжановтың балаларға арналған өлең-жырлары да бар. Әсіресе, әліппе және әліппе –жаңылтпаш өлеңдері кеңінен танымал. Б.Әлімжановтың шығармалары орыс, ағылшын, испан,француз, араб, қытай, неміс, жапон, түрік, татар,башқұрт, удмурт, өзбек, монғол,ұйғыр, қарақалпақ және қырғыз тілдеріне аударылған.
Драматургия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баянғали Әлімжанов жиырмадан астам пьесалардың, көптеген шағын сахналық шығармалардың авторы.
Комедиялар — «Құдалық», »Қожанасыр», »Қайран кемпір-шалдар-ай!», »Еркегі бар болғыр», »Қазақы сайлау», » Қаптан шыққан қара қыз»."Суицид алаңынан репортаж", "Нова Лиза", "Балқан байдың айымдары", "Қарыз бен қаспақ", "Әй, әртістер-ай!"
Драмалар—«Жас қазақ», "Ойран"."Біржан салдың шідері" , "Бақытсыз болғың келмесе..." Трагедиялар - "Батыр Баян"\ Мағжан Жұмабаев поэмасы\, "Дариға қыз" Балаларға арналған пьеса — «Жолбарыс пен пони», »Алтын ноқта»." Сырғанақ", "Жалмауызды жеңген бала", "Алпамыс батыр мен алып монстр."
Ол Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын сахнаға лайықтап жазған. Б.Әлімжановтың пьесалары Қазақтың мемлекеттік Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрында, Ақмола, Павлодар, Семей, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстық театрларында, Абай (Абай ауданы, ШҚО), Қорғалжын (Ақмола облысы), Ақжайық (БҚО), Аралағаш (СҚО), Дәнеш Рақышев атындағы Жаркент (Алматы облысы) халық театрларында сахналанған. Пьесалардың біразы автордың «Жынды Қаратайдың қасіреті», »Ауылдың ақ самалы» атты кітаптарына енген. Ал, »Қазақы сайлау», «Алаш үні» газетінің бес номеріне жарияланған. «Құдалық», «Сарыарқа» журналына, »Жас қазақ», «Көкшетау» журналына басылған. «Құдалық» спектаклі Ақмола облыстық театрында 1998 жылдан бастап, үздіксіз он жыл бойы үлкен табыспен жүрген (режиссері Мұратбек Оспанов). «Қайран кемпір-шалдар-ай!» Ақмола театрында 2002 жылдан ( реж. М.Оспанов, »Отыз тістен шыққан сөз» деген атпен), Семей театрында 2005 жылдан бері жүріп жатыр (реж.Қуат Сыздықов). Бұлардың бәрі де ең кассалы қойылым болды. 2016 ж. Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрында "Супер Серкеш" деген атпен "Қаптан шыққан қара қыз" \2016ж.\, Қызылорда облыстық театрында "Ойнайықшы бір, ойлайықшы бір" деген атпен "Суицид алаңынан репортаж" \2018ж.\ комедиялары қойылып, табыспен жүріп жатыр. Баянғали Әлімжановтың пьесаларын Жанат Хаджиев, Нұрқанат Жақыпбаев, Хұсейін Әмір-Темір, Мұратбек Оспанов, Иманәлі Сапаров, Қуаныш Изенаев,Берікхан Төкенов,Г.Бахтиярова, Сафуан Шәймерденов сынды белгілі режиссерлермен қатар, Қуат Сыздықов, Сымбат Әлішерова, Махаббат Оразалина сияқты жас дарындар сахналаған.
Проза
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баянғали Әлімжанов «Қиқыматтың хикаялары» (1982ж), "Қарасай батырдың тұқымының толғауы" ("Жұлдыз" журналы,1983ж.) «Ұя» кітабы (1985ж.), «Қиқыматтың қиссасы» ("Жұлдыз",1989ж.) атты сатиралық повестердің, ауыл өмірі туралы әңгімелердің авторы. Ол әңгімелер республикалық, облыстық газет-журналдарда, "Жынды Қаратайдың қасіреті" кітабында жарияланған. Б.Әлімжанов 1932 жылғы трагедия туралы «Ашаршылық жылғы махаббат» атты киноповестің ("Көкшетау" журналы,2008 ж.), "Жалмауызды жеңген бала" атты ертегі мен балаларға арналған әңгімелердің авторы.
Орыс тілінде жазған " Сказ столетнего степняка" атты романы, "Разрешите жить!", "Аблай хан и его батыры" повестері, "Доброжелательный Аскар", "Мальчик победивший Джалмауз" т.б. ертегілері Мәскеуден, "Художественная литература " баспасынан жарық көрген.\ 2019 ж.\ Осы жылы "Роман-газетаға" \№ 7.\ романы мен повесі жарияланған. «Доброжелательный Аскар» ертегісін «Детская роман –газета» \ Москва, 2019ж. № 9.\ республикалық «Дружные ребята» газеті 6 номерінде жариялаған. \2016 ж. № 24-29.\ Б.Әлімжановтың кітаптары интернетте Литрес, Руслит, КазНЭБ т.б. электрондық кітапханалар жүйесі арқылы кеңінен таралған. Оның прозасы он алты томдық шығармалар жинағының бес томына жинақталған.\2015-2019ж.ж.\
Айтыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Б.Әлімжанов 1984–2005 ж. арасында 216 рет айтысқан, республикалық, облыстық деңгейлерде өткен айтулы тойлардың бәрінде дерлік өнер көрсетіп, жиырма екі рет бас жүлдеге ие болған; талай дүркін жүлдегер атанған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың 300, Шұбыртпалы Ағыбайдың 190 және 200, ақын Сараның 115, Мағжан Жұмабаевтың 100 және 110, Ілияс Омаровтың 80, Көтібар Бәсенұлының 240, Есет Көтібарұлының 190, Тама Есет батырдың 325 жылдығына арналған айтыстардың,Сырым батырдың 250 жылдығына орай Ташкентте өткізілген Қазақстан - Өзбекстан, « Манас» жырының 1000 жылдығына орай Бішкекте өткізілген Қазақстан – Қырғызстан ақындары айтысының, Семей полигонының жабылуына арналған, «Невада-Семей» қозғалысы аясында өткен Халықаралық акция айтысының жеңімпазы. Оның айтыстары республикалық,облыстық теледидар мен радиодан үздіксіз беріліп,шетелге дейін таралды, газет, журналдарда, көптеген айтыс жинақтарында жарияланды. \"Қазіргі айтыс",1-том. Астана.\ «Алаш пен Манас. Қырық айтыс» деген атпен жеке кітап болып шықты.\Новосибирск, 2004 ж. 400 бет.\. Ғалым, әдебиетшілердің зерттеу обьектісіне айналды.
Ақынның өмірдің түрлі жағдайларында тауып айтқан өткір сөздері, әзіл өлеңдері «Әзіл шуағы» \Көкшетау, 2004ж.\, «Деген екен» \Новосибирск, 2005 ж. 10 000 дана.\ кітаптарына топтастырылып, көптеген республикалық, облыстық, аудандық газет, журналдар көшіріп жариялаған.
Б.Әлімжановтың айтыстары «Қазіргі қазақ айтысы» атты жинаққа, « Қазақ өнерінің антологиясына» кірген. Алтын қорда сақтаулы. Ғаламторда, Ютубта бар.
Жыршы-жырау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Б.Әлімжанов «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Тәуке»,« Арқалық батыр», «Жанақ пен Рүстем төре», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Бақтыбай мен Тезек төре», «Әсет пен Кемпірбай», «Өзім туралы» \Қасым Аманжолов\ т.б қазақтың ескі жырларын көп жылдардан бері ел ішінде жырлап келеді. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын ең алғаш XX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап жырлаған. Сонымен қатар өзінің «Байғозының жебесі», «Балуан Шолақ пен Иманжүсіп», «Керей ер Жәнібектің көңілі мен көк дөнені» т.б. толғау, дастандарын жырлайды. 2001 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық «Ғасырлар үні» атты жыраулар конкурсының үшінші, 2003 жылы екінші жүлдегері. 2011 ж. Өскеменде өткен республикалық конкурстың бірінші жүлдегері.
Тарақты Байғозы батырдың 300 жылдық (2005 ж. Қарағанды облыс��), Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдық (Павлодар, 2008 ж.) тойына арналған жыршы – жыраулар конкурсының Бас жүлдегері.
Баянғали орындаған жыр, дастандар Қазақ радиосы мен телеарналардың Алтын қорына жазылып, сақталуда. Аудио, видео дискілерге шыққан.
Манасшы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баянғали Әлімжанов қазақтан шыққан бірден-бір манасшы. Манастың мың жылдығына арналған Халықаралық манасшылар \Қырғызстан, Бішкек 1995 ж.\ конкурсына қатысып, арнайы жүлдеге ие болған. Әлем халықтары эпостарының Бірінші дүниежүзілік фестиваліне (Бішкек, 2006 ж), Түркі тілдес елдердің Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық- музыкалық өнер фестиваліне (Қызылорда 2006 ж), «Эпикалық мұра – Алтай елдерінің байырғы мәдениеті» атты халықаралық ғылыми–мәдени-творчестволық шараға (Талас, Қырғызстан, 2007 ж.), «Әлем халықтарының эпосы – Жаңғар ұрпақтарының жерінде» атты ІІІ Халықарлық фестивальға (Элиста, Қалмақстан, 2009 ж.), Манасшылардың 1-халықаралық фестиваліне \Телекөпір – Бішкек-Талас-Ош, 2013 ж.\, "Ұлы даланың мәңгілік мирасы - Манас" атты қазақ-қырғыз зиялыларының ІІІ форумына \ Талдықорған, Кербұлақ, 2019ж.\ қатысушы.
Мәдени шараларда, түрлі жиындарда көпшіліктің алдында, теле, радиодан Манас жырынан үзінділерді жиі айтады. Баянғали айтқан Манастың тараулары қазақ радиосының Алтын қорына, аудио, видеодискілерге жазылған.
Қырғызстанның Композиторлар одағы мен Мәдениет министрлігінің А.Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты.\1995ж.\ Оған Халықаралық С.Қаралаев қоры тағайындаған "Саяқбай манасшы" медалі \ Бішкек, 2016ж. \, Халықаралық Түркі академиясының "Түркі әлемінің манасшысы" атағы берілген. \ 2019ж.\
Кино
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баянғали Әлімжановтың бастамасымен 2006 жылы Астана-Көкшетауда Паң Нұрмағамбет киностудиясы ашылды. Оның идеясын қалтқысыз, құлшына қолдаған белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Марат Нәбиев киностудияның құрылтайшысы және бас демеушісі болды. Содан бері Паң Нұрмағамбет киностудиясында «Ән мен анаша»\2006-2007 ж.\, «Аран» \2010 ж.\», Айхан» \2011 ж.\ , «Асау толқын» \2012 ж.\ атты толық метражды төрт көркем фильм, «Ұлы даланың қырандары» сериясымен алты деректі фильм түсіріліп шығарылды. \Т.Кәкішев, А.Нұрқатов, И.Сауэр, Т.Елубаев, Көкше өнерпаздары туралы.\ Бұл фильмдердің барлығының да сценарий авторы және қоюшы режиссері — Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі Баянғали Әлімжанов. Киносценарийлерді қазақ және орыс тілдерінде жазады және субтитрлерді орыс тіліне өзі аударады.
Б.Әлімжанов «Аран», "Айхан", "Асау толқын" фильмдерінде басты рольдерде ойнаған.
Сонымен қатар ол «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Жыраулар» \1983 ж. Реж. Ораз Әбішев\, «Палуан» \1984 ж. Реж. Георгий Емельянов.\, «Асылдың сынығы» \198 5жыл, ақын, майдангер Көкен Шәкеев туралы. Реж. Данияр Айманов.\ деректі фильмдердің сценариін жазған.
Әдеби сын, зерттеу мақалалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баянғали Әлімжановтың әдеби сын және зерттеу мақалалары 1970-90 жылдары республикалық баспасөз бен «Уақыт және қаламгер»,»Жастар жастар туралы» сияқты жинақтарда жиі жарияланып тұрды. Әсіресе, оның көшпенділердің шешендік өнері мен Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» және Мұқағали Мақатаевтың «Реквием» жырлары жайындағы мақалалары кеңінен танымал болды. Сол жылдары ол журналист ретінде де белсенді еңбек етті. Қазір де Б.Әлімжанов БАҚ өкілдеріне әдебиет пен өнердің, қоғамның сан алуан мәселелері туралы қазақ және орыс тілдерінде жиі сұхбат беріп тұрады.
Мәдениет қайраткері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Б.Әлімжанов өткен ғасырдың 80-жылдары республикалық телеарнадан \қазіргі «Қазақстан»\ «Халық қазынасы», «Бес ғасыр жырлайды» сияқты хабарларды жүргізіп, қазақтың жыршы-жыраулық өнерін насихаттаған. Ол қазақ тілі мерекесіне \Астана\, Кенесары ханның 200 жылдығына \Көкшетау, 2002 ж.\, Алпамыс батырға \Астана, 2006 ж.\, Қобыланды батырға \Ақтөбе, 2008 ж.\, Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 150 жылдығына \Астана, 2009 ж.\, Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына \Ақтөбе облысы, Темір ауданы, 2010 ж.\ , т.б. арналған республикалық жыршы-жыраулар конкурстарын ұйымдастырушылардың бірі және жүргізушісі болды.
Баянғали Әлімжанов бір эпосты бірнеше жыршы, әр жастағы, әр мектептің өкілдері бірлесіп, бір-бірін қайталамай, жалғастыра жырлау идеясының авторы. Осы ретпен «Алпамыс батыр» жырын Астанада, Қызылордада бес жыршы \семейлік Дүйсенғазы Нығметжанов, алматылық Ақан Әбдуәлиев, қызылордалық Майра Сәрсенбаева, ақтөбелік Перуза Нарман, қарағандылық Дидар Қамиев\ жүргізуші Баянғали Әлімжановтың басшылығымен түгел айтып шыққан. Осыған ұқсас, Ақтөбеде он шақты жыршы «Қобыланды батыр» жырын жырлаған.
Кітаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Б.Әлімжанов қырықтан астам кітаптың және ондаған ұжымдық жинақтардың авторы. Он алты томдық Шығармалар жинағы жарық көрген. \2015-2019жж.\Жеке кітаптары:
- Қиқыматтың хикаялары. \Так случилось.\ — Жалын, Алматы, 1982. — А-217-82-4702230200
- Ұя \Гнездо.\ — Жазушы, Алматы, 1985. — Ә 4702230200-078-2685
- Жынды Қаратайдың қасіреті.\Трагедия буйного Каратая. \— Омск, 2000. — ISBN 5-85540-418-8
- Ауылдың ақ самалы.\ Степной ветерок.\ — Елорда, Астана, 2003. — ISBN 9965-06-309-5
- Әзіл шуағы. \Луч юмора.\ — Кокшетау, 2004. — ISBN 9965-421-13-0
- Алаш пен Манас. Сорок айтысов. — Новосибирск, 2004. — ISBN 5-94023-074-1
- Деген екен.\Так сказал…\ — Новосибирск, 2004.
- Аңыз бен аспан. \Легенды и небо. \— Алматы, 2010. — ISBN 9965-9294-3-2
- Өмірдің өзі.\ Жизнь есть…\ — Фолиант, Астана, 2014. — ISBN 978-601-292-801-3
- Қиянатқа қарсылық.\ Протест.\ Избранные произведения в 3-х томах. — Фолиант, Астана, 2014. — 1072 с. — ISBN 978-601-292-904-1
- Статьи, отзывы. Интервью, факты. На казахском и русском языках. — Келешек, Кокшетау, 2014. — ISBN 978-601-231-752-7
- Қорасан қарақшының қолмергені. \Стрелок разбойника Корасана.\Поэма. — Келешек, Кокшетау, 2014. — ISBN 978-601-231-778-7
- Дариға қыз. Судьба девушки. — Келешек, Кокшетау, 2014.
- Разрешите жить! Повесть.\на рус.яз.\ — Келешек, Кокшетау, 2015. — ISBN 978-601-231-881-4
- Аблай хан и его батыры. Легенды Великой степи. Повесть-легенда для детей и юношества. \на рус.яз.\— Фолиант, Астана, 2015. — ISBN 978-601-302-320-5
- Ғарыш пен қазақ \Космос и казах \ Стихи и поэмы. — Таймас, Алматы, 2015. — ISBN 978-601-264-155-4
- Шыршадағы шытырман.\ Случай на ёлке.\ Стихи для детей. — Таймас, Алматы, 2015. — ISBN 978-601-264-156-1
- Мальчик, победивший Джалмауз. Сказки \ на рус. яз.\ — Көкшетау, 2016. — 54 с.— ISBN 978-601-317-060-2
- Баянғали Әлімжанов. 16 томдық Шығармалар жинағы.
- Произведения. Т. 1. Поэзия. — Фолиант, Астана, 2015. — ISBN 978-601-302-126-3 / ISBN 978-601-302-125-6
- Произведения. Т. 2. Пьесы. — Фолиант, Астана, 2015. — ISBN 978-601-302-127-0 / ISBN 978-601-302-125-6
- Произведения. Т. 3. Проза. Фолиант, Астана, 2015. — ISBN 978-601-302-128-7 \ ISBN 978-601-302-125-6
- 4-12 том.Ә 55 Шығармалары: Көп томдық — Көкшетау: Келешек-2030 баспасы , 2016.— ISBN 978-601-302-125-6
- Произведения. Т. 4. Қорасан қарақшының қолмергені. Өлеңдер мен поэмалар. — 280 б.— ISBN 978-601-317-063-3
- Произведения. Т. 5. Жар мен жарғы. Пьесалар. Сахналық туындылар. — 242 б.—ISBN 978-601-317-064-0
- Произведения. Т. 6. Алаш пен Манас: Айтыс. 324 б. ISBN 978-601-317-066-4
- Произведения. Т. 7. Деген екен: Толғаулар, арнаулар. Айтыстардан шашу. — 282 б.— ISBN 978-601-317-065-7
- Произведения. Т. 8. Жанай мен Ай. Балаларға арналған өлеңдер, әңгімелер, пьесалар. / Б. Әлімжанов. — 274 б.— ISBN 978-601-317-067-1
- Произведения. Т. 9. Ардагер. Әңгімелер, киноповестер. / Б. Әлімжанов. — ISBN 978-601-317-068-8
- Произведения. Т. 10. Разрешите жить! Повести и рассказы. — 246 с.— ISBN 978-601-317-069-5
- Произведения. Т. 11. Туған жер тұнған аңызым: Деректі дүниелер, естеліктер, лебіздер. — 2016. — 324 б.— ISBN 978-601-317-070-1
- Произведения. Т. 12. Ізгі тілек іздері. Мақалалар, лебіздер, деректер. Интервью, статьи, отзывы, факты. — 2016. −310 б. ISBN 978-601-317-071-8
- Произведения Т. 13. Әй, әртістер-ай! Пьесалар, мақалалар. Нұр-Сұлтан, 2019. -336 б. ISBN 978-601-7804-73-2
- Произведения Т. 14. Мейірім шуағы. Өлеңдер, поэмалар.Нұр-Сұлтан, 2019. 242 б. - ISBN 978-601-7804-74-9
- Произведения Т. 15.«Сказ столетнего степняка». Нұр-Сұлтан, Роман и киноповесть. 2019. 252 б.- ISBN 978-601-7804-75-6
- Произведения Т. 16. Жүз жылдық толғау. Роман, повестер. Нұр-Сұлтан, 2019. 314 б . -- ISBN 978-601-7804-76-3
- Bayangali Alimzhanov. Баянгали Алимжанов. Доброжелательный Аскар\ Сказка\ . Мейірімді Асқар \ Ертегі\. Benevolent Askar \ Fairytale\ . Wohlwollender Askar \ Marchen\.Книга на четырёх языках. 76 стр. Астана, 2018 г . ISBN 978-601-7804-52-7
- Баянғали Әлімжанов. Әлем әуендері. Өлеңдер.\ Напевы мира. Стихи.\ 70 стр. Астана, 2018 г. ISBN 978-601-7804-54-1
- Баянғали Әлімжанов. Қырғызым, бірге туғаным. Өлең, жыр, айтыстар.\Кыргызы мои братья…Стихи,поэмы.\ 124 стр. Астана, 2018 г. ISBN 978-601-7804-55-8
- Баянгали Алимжанов. « Сказ столетнего степняка» . Роман -сказание.225 стр. Астана,2018 г. ISBN 978-601-7804-56-5
- Баянғали Әлімжанов. «Деген екен».88 стр. 2016 ж. ISBN 978-601-7804-14-5
- Баянғали Әлімжанов. Түгел түрік баласы.24 стр. 2018ж. ISBN 978-601-7804-57-2
- Баянгали Алимжанов. «Сказ столетнего степняка» Роман, повести, сказки. 432 стр. Москва, изд: « Художественная литература» , 2019 г. ISBN 978-5-280-03840-0
- Баянғали Әлімжанов. « Батыр болмақ сойдан-дүр…» ,64 б. Астана, 2019ж. ISBN 978-601-7804-63-3
- Роман - газета. № 7. 2019г. Москва. Баянгали Алимжанов. "Разрешите жить!" повесть. "Сказ столетнего степняка" роман.
- Детская роман-газета. №9,2019г. Москва. Баянгали Алимжанов. "Доброжелательный Аскар". Сказка.
- Баянгали Алимжанов. « A Hundred Years on the Steppe ». Роман -сказание.225 стр. Лондон, 2020 г. ISBN 978-191-3356-10-1
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000).
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006).
- Қырғызстан Композиторлар одағының және Мәдениет министрлігінің А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының жүлдегері (1995);
- Біржан сал ауданының құрметті азаматы. \2012 ж.\
- «Қызылорда облысына- 70 жыл медалі.» \2009 ж.\
- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. \1988 ж.\
- « Мәдениеттің мықты қызметкері»- Төс белгі. Қырғызстан Мәдениет министрлігі. \ 2013 ж.\
- 22 айтыстың Бас жүлдегері.
- 2 мәрте жыршы-жыраулар конкурсының Бас жүлдегері.
- Манастың 100-жылдығына арналған «Манасшы» халықаралық сайысының арнайы сыйлығының жүлдегері (Қырғызстан Республикасы). Қазақстандағы «Манас» дастанының жалғыз жыршысы.
- Саяқбай манасшы медалі. Халықаралық С.Қаралаев қоры.
- "Түркі әлемінің Манасшысы". Халықаралық Түркі академиясы. 2019ж.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Қазақстан әдебиеті , энциклопедия,»Аруна» баспасы,Алматы,2010ж.
Қазақстан жазушылары,анықтамалық, «Анарыс» баспасы,Алматы,2009ж.
Ақмола облысы,энциклопедия,»Қазақ энциклопедиясы» баспасы,Алматы,2009ж.
Қазақша уикипедия,энциклопедия.
Қазақстан Республикасында кімнің кім екені,энциклопедия,Алматы,2011ж.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|