Анри Барбюс
Анри Барбюс | |
фр. Henri Barbusse | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Аньер-сюр-Сен, (Франция) |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Мәскеу, (КСРО) |
Азаматтығы |
Франция |
Мансабы |
жазушы |
Анри Барбюс, фр. Henri Barbusse (17 мамыр 1873, Аньер-сюр-Сен, Франция — 30 тамыз 1935, Мәскеу, КСРО) - француз жазушысы, журналист және қоғам қайраткері. 1923 жылдан Франция Коммунистік Партиясының мүшесі. Сорбоннаның әдебиет факультетінде оқып, философиядан диссертация қорғады (1894).
Баспасөзде 90-шы жылдарда көріне бастады. Оның «Жоқтаушылар» (1895) атты өлеңдер жинағы мен «Тамұқ» (1908) романы сары уайымшылдық сарында болды. І-ші дүниежүзілік соғыс кезінде (1914-18) Анри Барбюс өзі тіленіп майданға кетті. Окопта отырып «От» романын (1916 ж.) жазды. Мұнда соғыстың шынайы көріністерін жасап, соғыс тұтандырушыларды әшкерелейді, солдаттарды қырғын соғысты жүргізушілерге қарсы күш біріктіріп күресуге шақырады. Анри Барбюстің «Айқындық» (1919 ж.) романы да осы тақырыпқа арналды. Бұл екі романды да Владимир Ильич Денин жоғары бағалаған. Ресейде болған Октябрь Революциясы Анри Барбюстің өмірі мен творчествосына зор әсер етті. Ол Кеңес республикасын қорғауға белсене күш салды. Анри Барбюс ұйымдастырған «Кларте» тобы капитализмге қарсы ниеттегі интеллигенцияны топтастыруда үлкен роль атқарды.
Анри Барбюс КСРО-на бірнеше рет келіп қайтты. 1925 ж. шыққан «Үзбелер» романында дүние тарихы халық бұқарасының қасіреті мен олардың азаттық, әділдік жолындағы күресінің бірімен-бірі жалғас жатқан үзбелері екенің көрсетеді. 1927 ж. Мәскеуде өткен Кеңес Одағы достарының конференциясына Анри Барбюс белсене ат салысты. «Ресей» атты кітабында Анри Барбюс социализм құрылысын шын жүректен құттықтады[1].
1935 жылы Мәскеуде Сталинның өмірбаяны туралы кітабын жазғанда Барбюс пневмония ауруына шалдықты. Осы дерттен 1935 ж. 30 тамызда Мәскеуде қайтыс болды. Пер-Лашез (Париж) бейітінде жерленген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том