Мазмұнға өту

Анастас Иванович Микоян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үлкен Кеңес Энциклопедиясынан алынған Анастас Микоянның суреті

Анастас Микоян Иванович (Mikoyan Anastas Ivanovich) (25 қараша 1895, Санаин, Армения – 25 қазан 1978, Мәскеу) — кеңестік партия және мемлекет, қоғам қайраткері. 1915 жылы РСДЖП-на кіреді, большевик[1]. Кавказда революция жүргізуге қатысқан. 1923 жылы И. В. Сталиннің қолдауымен БКП (б) ОК мүшесі болады. 1926 жылы КСРО-ның ішкі және сыртқы саудасының халық комиссары, 1930 жылдан бастап Халық комиссариатының жабдықтаушысы, 1934-1938 жылдары халық комиссиариатының тамақ өнеркәсібінің комиссары болады. 1935 жылы ЦК саяси бюросының мүшесі, 1937-1955 жылдары КСРО ХКК төрағасының орынбасары (1946 жылдан бастап министрлер кеңесінің), ал 1938-1949 жылдары халық комиссары, кейін cыртқы сауда министрі қызметін атқарады. Н.С.Хрущевті қолдап, оның жақын кеңесшісі болады.

Анастас Микоян мен Джон Кеннеди
Джон Кеннедимен

1955-1965 жылдары КСРО совет министрінің төрағасының бірінші орынбасары, 1964-1965 жылдары КСРО Жоғарғы Совет президиумының төрағасы болады. 1923-1966 жылдары КОКП ОК мүшесі (1922 жылдан кандидат). 1966 жылы КОКП ОК саяси бюросынан шығарылады (1935‐1966 жылдары Саяси бюро мүшесі болған, 1926 жылдан кандидат)[2]. 1—8 сайл. СССР Жоғ. Советінің депутаты.

Микоян 1931 ж. қаңтардың бас кезінде Қазақстанда болды. 21 январьда Алматыда «Жеті жыл Ленин жолымен» деген тақырыпқа баяндама жасады. 1946 жылы болып Микоян Қазақстанда ауыл шаруашылығын өрге бастыру мәселерімен шұғылданды. 5 рет Ленин орденімен т. б. орден, медальдармен марапатталған. Мәскеуде Новодевичий зиратында жерленген[3].

Мәскеуде, Новодевичье зиратындағы Микояндар қабірлері
Микоян әулеті қабірі. Мәскеу, Новодевичье зираты

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Миклос Кун. Stalin: An Unknown Portrait. Будапешт, Орталық Еуропа Университеті, 2003.
  2. Анастас Микоян. Memoirs of Anastas Mikoyan: The Path of Struggle, Vol 1. Медисон, 1988. ISBN 0-943071-04-6.
  3. «Алматы» энциклопедиясы. Алматы, Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясы, 1983