Алтынай
Алтынай — фольклорлық- этнографиялық би ансамблі. Қазақ өнері тарихындағы халықтық-фольклорлық бағыттағы тұңғыш би ұжымы.
Мақсаты: халық билері үлгілерін жандандырып, сахнаға шығару.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1986 жылы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның жанынан құрылған.
1991 жылы ол Қазақстан мемлекеттік халық би ансамбліне айналды. Оның тұңғыш көркемдік жетекшісі Голушкевич, қазір Талант Қылышбаев.
Репертуары және белгілі ұжым қатысушылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ансамбль репертуарында ежелгі қыпшақ биі "Алқа-қотан", тұрмыстық "Киіз басу", салт-дәстүрлік "Қоштасу", көне әдет-ғұрыптық "Бақсы биі", әзіл-қалжыңды "Келіншек", "Ұтыс", "Аударыспақ", аспаптық "Аса- таяқ", "Домбыра", т.б. көне билер бар. Халықтық үлгідегі бұл билерді қазақ өнерінің ардагері, суретші, әрі биші Ә.Ысмайлов, балетмейстер, ұстаз-хореограф О.В.Всеволодская-Голушкевич, ансамбльдің тұңғыш солисі, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Т.Ізімова сахнаға шығарды.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Алтынай" ұжымы 1999 жылы Бельгияда өткен Халықаралық фольклорлык би фестивалында 1-орынға ие болды. [1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |