Пневмония
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол ЖИТС-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
Түрлері мен белгілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиникалық белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 — 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.[1]
Белгілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бірден қалтырау, дене қызуының көтерілуі;
- Демалыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;
- Әр дем алған кезде пневмония дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп пневмония басылып тұрады;
- Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда қызу айтарлықтай кетерілмейді);
- Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан);
- Кеуде ауырады;
- Науқастың халі ауырлайды;
- Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.
Микоплазмалы пневмония
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Микоплазмалар химиялық құрамы бойынша бактерияларға, ал өсіп-өну мүмкіншілігін ескергенде, вирустарға жақын. Ол бұрын атипиялық пневмония деп аталып келген аурудың қоздырушысы болып саналады.
Микоплазмалар эпителий жасушаларының ішінде көбейіп, оларды дистрофиялық өзгерістерге душар етеді, олардың цитоплазмасы бояулармен әлсіз боялып, көбіктеніп тұрады. Осы жасушалар кейінірек альвеола ішіне көшіп түсе бастайды. Олардың айналасында нейтрофилді лейкоциттер, эритроциттер топталып қабыну ошағы пайда болады. Қабыну сіңбесінің аралық ұлпасында көбеюі осы инфекция үшін өте тән құбылыс. Қабыну ошақтары майда, бірақ қоңыр-қызыл түсті болады. Оларды ателектаз және эмфизема ошақтары қоршап жатады. Микроплазмалы пневмонияға әдетте вирусты немесе бактериялы инфекциялар қосылып аралас инфекциялы пневмония дамиды.
Саңырауқұлақтар шақыратын ошақты пневмония (пневмомикоз)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл пневмонияларды негізінен ашытқы саңырауқұлақтар тобына жататын С.albicans қоздырады(кандидамикоз). Кандидамикоздар көбінесе антибиотиктерді өте көп және ретсіз қолдану нәтижесінде пайда болатын дисбактериозға байланысты дамиды. Өкпеде үлкенді-кішілі, қызғылт-сұр түсті, тығыз ошақтар пайда болады. Осы ошақтардың ортасында саңырауқұлақтардың жуан жіпшелерін, олардың айналасында лейкоциттер мен макрофагтар көрінеді. Кейін осы жерде эпителоидты және алып клеткалы грануляциялы ұлпа өседі. Өкпе әдетте ауыз қуысында, өңеште кандидалы процесс болғанда аспирация жолымен дамиды.[2]
Өзге түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абецедирлейтін пневмония — аденовирустар туғызатын интерстициальдық пневмония, әдетте жара некрозды трахеиттермен және күшті байқалатын паренхима некрозымен бірге жүреді.
- Алейкоцитарлық пневмония — бұл жағдайда альвеолярлық экссудат құрамында лейкоциттер болмайды, лейкопениялық күй кезінде, мәселен, сәуле ауруы кезінде байқалады.
- Ареактивтік пневмония (анергиялық пневмония) — әлсіреген адамдардың немесе кәрілік жасындағы адамдардың ағзаның реакциясы төмендеген кезде байқалатын температуралық реакциясы айқын болмайтын аурудың босаң ұзақ барысы.
- Аспирациялық пневмония — бөтен заттармен және сұйықтармен аспирациялау нәтижесінде дамитын жедел пневмония.
- Ателектаздъқ пневмония — өкпе учаскесіне инфекция арқылы пайда болған ауру.
- Өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы — аурудың әдеттегі түрінен ауытқып кетуін сипаттайды.
- Өкпенің ацинозды қабынуы — ацинусты құрайтын альвеола тобын қамтиды.
- Өкпенің ацинозды-нодозды қабынуы — бөлек ацинустарды қалай қамтыса, ацинус тобын да солай қамтиды.
- Өкпенің билиозды қабынуы — өт арқылы асқазан ішіне бөгде заттардың түсуі салдарынан жаңа туған балада дамиды. Ауру жағдайында ас ішектен асқазанға түседі. Өкпедегі ұлпаның тез қорытылуын сипаттайды.
- Өкпенің сырқырамалы сары ауруынан қабынуы — сары ауруымен ауыратын адам өкпесінің қабынуы, құрғақ немесе сұйық заттан болатын сірі қабықтың қабынып және кеңірдек бездеріне салқын тиіп құятын ошақтардың пайда болуымен альвеоланың қабынуы түрінде өтеді.
- Өкпенің іш сүзектен қабынуы — іш сүзек ауруының 3—4 аптасында басталады, регионарлы лимфа түйіндеріндегі өкпе тканінде іш сүзектен тері талаурап іседі.
- Өкпенің вагусты қабынуы — көкірек қуысына зақым келгенде, жылжымалы жүйкелердің тітіркенуден өкпенің қатты қабынуы.
- Өкпенің үстіңгі бөлшек қабынуы — өкпенің жоғарғы жағына жайылмай қабынуы.
- Жаңа туған бала өкпесінің ана құрсағы ішінде қабынуы — ана құрсағы ішінде даму кезінде немесе туар кезінде пайда болған.
- Шіріген пневмония — өкпе шіруімен асқынған пневмония.
- Өкпеге қанның жиналуынан қабынуы — альвеолды сұйық затта және қақырықта көптеген қанның қызыл түйіршіктері байқалады, мысалы, тұмау кезінде, өкпеден тиетін чума түрінде, түйнеменің іріңді түрінде байқалады.
- Өкпенің жансызданып, қанды қабынуы — өкпедегі ұлпаның жансызданып, альвеолды қанды сұйық заттың жиналуы. Тұмау кезінде өкпеден тиетін оба түрінде байқалады.
- Өкпенің аса ірі клеткалық қабынуы — альвеолды сұйық зат құрамында бір ядролы көп клеткалар болады. Цитомегалия кезінде және кейбір басқа вирусты ауруларда байқалады.
- Ауа тазартқыштың жетіспеуінен өкпенің қабынуы — өкпедегі ұлпаның инфицирлі бөліктерінде ауаның төмендеуінен, мысалы өкпедегі ателектаздың толық болмауынан болады.
- Өкпенің гипостатикалық қабынуы — өкпе тканінің кіші күре тамырында қан кернегенде пайда болады, мысалы, ұзақ уақыт шал қасынан жатқан кезде өкпенің артқы бөліктерінде пайда болады.
- Өкпенің тұмауратқаннан қабынуы — 1. Тұмау асқынған кезде, әдетте бактериялы көбіне стафилокок жұқпалы ауру жинақталғанда дамиды, ауру созылмалы түрде өтеді және бейімділікпен іріңді ісікке айналады; 2. өкпенің тұмауратқаннан алғашқы қабынуы — өкпенің қанды қабынуы қан айналымының бұзылуынан қатты өтетін түмаудың пирусын қоздырады.
- Өкпенің бөлік аралық қабынуы — көбінесе бөлік аралығындағы дәнекер болып тұратын ұлпаның ісіп қызару әрекетінің кеңейген өкпенің интерстициальді қабынуы.
- Өкпенің микоплазмадан қабынуы (саңырауқулақ бактериясындағы сұйық бөлік) — өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы, алғашқы түрі — микоплазманы қоздырып өкпе ошағының немесе бір бөлігінің қабынуы.
- Өкпенің миллиарлы қабынуы — көп, ұсақ, диаметрі 1—2 мм ісу, қызару ошақтарының пайда болуы.
- Өкпенің обтурациялы қабынуы — кеңірдек тарамындағы саңылаудың шырышпен немесе бөгде заттармен бітеліп қалуына себепші болатын ауру.
- Өкпенің орнитозды қабынуы — орнитозда өкпенің интерстициальді немесе ұсақ ошақтарының қабынуы ауру белгісі әлсіз көрінеді, ауру ұзақ өтеді және бейімділікпен қайталанады.
- Өкпенің жедел қабынуы — сұйық заты болатын қабыну түрі бойынша өкпе қабынуының тез дамуы.
- Өкпенің ошақты қабынуы — өкпедегі ұлпаның шамалы бөліктерін қамтиды.
- Өкпенің паравертебральді қабынуы — омыртқасымен жатқандардың өкпе бөліктерінің бірінде болады; көбіне жаңа туған балада байқалады.
- Кеңірдек тарамдарындаты ұлпаның талаурап ісуінен өкпенің қабынуы — көбінесе кеңірдек тарамдары айналасында болады: кеңірдек тарамдарында ұлпаның талаурап ісіп, лимфа жолымен өкпедегі ұлпа де ісіп қызару әрекетінің таралуы салдарынан пайда болады.
- Өкпенің перифокальды қабынуы — табиғаты жағынан ісіп қызармайтын өкпенің зақымдану ошағы (мысалы жансыздану ошағы) айналасында дамиды.
- Өкпенің пневмококтан қабынуы — өкпедегі шар тәрізді бактерияны қоздырып, өкпенің ісіп қабынып ауруы немесе өкпе ошағының қабынуы талшықпен және іріңмен жиі араласқан ұйыма альвеолды сұйық заттан тұрады.
- Өкпенің операциядан кейін қабынуы — өкпенің көбінесе орнықпай немесе ауа тазартқыштың жетіспеуінен қабынуы, хирургиялық операциядан кейінгі жақын күндерде дамиды, кәрі адамдарда немесе әлсіз ауруларда жиі болады.
- Өкпенің полифераттық қабынуы өкпенің созылмалы түрде қабынуы, альвеола мен кеңірдек тарамындағы кілегейдің ұлғаюынан болады.
- Өкпенің жалған лобарлы қабынуы өкпе ошағының араласып қабынуы рентген сәулесімен тексергенде және емдегенде өкпе бөлігінің қабынуын мысалы крупозды ісінуін еске салады.
- Өкпенің реаматизмнен (сарнтап) қабынуы ревматизм асқынғанда, өкпе ошағының көбіне бір бөлігінің қатты қабынуы, өкпе қан тамырларындағы бұлшық ет сіңірінің жансыздануы себепші болады.
- Өкпенің бір текті қабынуы — өкпенің сегментін (бар тектестігін) қамтпды.
- Өкпенің септикалық қабынуы — іріңдеткіш мпкробтардың қанға жайылып асқынуы немесе қанды іріңнің организмге жайылуының білінуі.
- Өкпенің сары суланып қанның жиналуынан қабынуы — қанның қызыл түйіршектерінің нашар жағымен араласқан сары сулы альвеолды сұйық заттан болады, мысалы тұмау кезінде, обада байқалады.
- Өкпенің сары суланып фибринді қабынуы — фибринмен араласқан сары сулы альвеолды сұйың заттан болады.
- Өкпенің түйнемеден қабынуы — өкпе ошағының қатты жансызданып, қанның жиналып қабынуы өкпеге түйнеме бацилласының енуінен болады, түйнеменің іріндеткіш микробтары қанға және ұлпаға жайылады.
- Өкпенің араласып қабынуы — жеке, ұсақ ісіп қызару ошақтарының тым ірілеріне келіп қосылуы.
- Өкпенің стафилокктан қабынуы өкпе ошағының кейде араласып қабынуын cтафилококк қоздырады. Өкпедегі ұлпаның жансыздануы және іріңдеуі көбінесе балаларда, кәрі және әлсіз адамдарда байқалады.
- Өкпенің зақымдалудан қабынуы — өкпеге зақым келгенде, мысалы, қабырға сынғанда, өкпе зақымданып қабынады.
- Өкпенің зақымданудан екіншілей қабынуы — қарама-қарсы жарақат жағында дамиды.
- Өкпенің зақымданудан қабынуы, алғашқы түрі — жарақат түскен өкпеде дамиды.
- Қан ұйып тамырдың бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың бітеліп қалуынан немесе оның тарамдарының кішкентай бөлшектерінде қанның ұюынан болады.
- Өкпенің туляремиядан қабынуы — өкпеге туляр��мия таяқшасының енуінен өкпе ошағының сары суланып, фибринді қабынуы, ұзақ уақыт жансызданады және іріңді ісікке айналады. Лимфа бездерінің ауруы және ірі қабықтың қабынуы дамиды. Осының негізінде өкпе туляремиясы дамиды.
- Өкпенің фибринозды — қанды қабынуы — сары сулы альвеолды сұйық затта фибрин мен қанның қызық түйіршіктерінің саны көп болады, мысалы, обада байқалады.
- Өкпенің созылмалы түрде қабынуы — ұзақ уақыт асқынады және өкпедегі ұлпаның зақымдалған бөлімі біртіндеп тыртықтанып тыржиып дәнекер ұлпаға айналып қатаяды.
- Өкпенің орталықта қабынуы — қабыну ошағы өкпе бөлігінің тамырында болады, ал сірі қабық ауру күйінде тартылмайды.
- Өкпенің обадан қабынуы — өкпеге оба таяқшасының енуінен өкпенің сары суланып және қанның жиналып фибринді және қанның жиналып немесе жансызданып қабынуы. Осының кезінде өкпеге оба ауруы тарайды.
- Қан тамырының бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың немесе оның тарамдарының бітеліп қалуынан болады.
- Иллинос өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ ағзалар қоздыратын қатты жұқпалы ауру, өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
- Луизиан өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ ағзаны қоздыратын қатты жұқпалы ауру. Өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.
- Сүйекті қалпына келтіргеннен өкпенің қабынуы — ауру себебі белгісіз, негізінде перфокальды қабынудың пайда болуымен өкпедегі дәнекер болып тұратын ұлпаның сүйектену ошағының тууы жатыр.[3]
Пневмонияғы әкелетін жағдайлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жас балалар:
- құрсақтық гипоксия және асфиксия;
- туу жарақаттары;
- жаңа туған кезедегі пневмопатия ;
- туа біткен жүрек ақаулары;
- өкпенің туа біткен ақаулықтары;
- муковисцидоз;
- тұқым қуалайтын иммунитет тапшылығы;
- аштық;
- гиповитаминоздар.
Мектеп жасындағы балалар:
- жұтқыншақ инфекциясының созылмалы ошақтары;
- қайталанбалы бронхит;
- муковисцидоз;
- Жүрек қақпақшасы аурулары;
- иммундық жетіспеушілік ;
- темекі шегу.
Ересектер:
- темекі шегу және созылмалы бронхит;
- өкпенің созылмалы аурулары;
- эндокриндік аурулары;
- жүрек жеткіліксіздігі;
- иммундық жетіспеушілік;
- кеуде және іштің хирургиясы;
- маскүнемдік;
Емдеу жолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уикипедия медициналық кеңес беретін орын емес, мұндағы кеңестер шындыққа жанаспауы мүмкін (Дереккөздер[4]):
- Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу емір немесе өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.
- Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.
- Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.
- Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады.
- Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Т.,"Ж.Б.Ахметов,Патологиялық анатомия,1993 ж.,34 б.,ISBN 5-630-00264-3
- ↑ Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
- ↑ Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
|
|