Жедел пневмония
Жедел пневмониялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жедел пневмониялар - этиологиясы мен патогенезі әр түрлі болып келетін өкпе паренхимасы мен аралық тканьнің экссудативті қабынуы . Процеске тамыр жүйесі жиі қатысады.
Классификациясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Себебіне қарай: 1. Бактериалық пневмониялар. 2. Вирустық пневмониялар . 3. Орнитоздық пневмониялар . 4. Рикетсиалық пневмониялар. 5. Микоплазмалық пневмониялар . 6. Гриптен болған пневмониялар . 7. Аралас себепті пневмониялар . 8. Аллергиялық, инфекциялы-аллергиялық пневмониялар. 9. Себебі белгісіз пневмониялар. Патогенезіне қарай: 1. Бірінші ретті пневмониялар. 2. Екінші ретті пневмониялар. а) қан айналысы өзгерістермен байланысты туындайтын пневмониялар. б) аспирация және бронхтың басылып қалуымен байланысты туындайтын пневмониялар. в) жарақатқа байланысты пневмониялар. г) операциядан кейінгі пневмония. д) уланғаннан кейінгі пневмония. е) температура әсерінен болатын пневмония. ж) басқа табиғи факторлар әсерінен болатын пневмония. з) сепсиске байланысты пневмония . и) басқа екінші ретті дамитын пневмония.
Клиникалық- морфологиялық сипатына қарай: 1 Паренхим��тоздық пневмония. а) крупозды пневмония б) түйінді пневмония 2 . Интерстициялық пневмония. Орны және көлеміне қарай 2 жақты болып бөлінеді. 1. Бір жақты ( сол не оң жақты) а) тұтас пневмония. б) бөлік пневмония. в) сегментарлық пневмония. г) тұтас бөліктік емес пневмония. д) орталық пневмония.
2. Екі жақты пневмония (көлемін көрсету керек).
Ауырлығына қарай: 1. Өте ауыр пневмония. 2. Ауыр пневмония . 3. Орташа ауырлықты пневмония. 4. Жеңіл және абортивті пневмония. Даму барысына қарай: 1. Жедел пневмония. 2. Ұзарған пневмония.
Этиологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Бактериялар (пневмококк -70-96%, алтын сары стафилакокк- 0,5-5 %, Фридлиндер пневмобацилласы -3-8 %, көкшіл- ірің таяқшасы- 3-8 %, стрептакокк -1-4% ). 2. Вирустар ( А2 –грипінің вирусы – 77,1% , Б- грипінің вирусы -16,4%, С- грипінің вирусы 1%, аденовирус – 3,6% , парагрипп вирусы- 1,2% , тыныс синцитий вирусы-1,5%). 3. Орнитоз -0,6% . 4. Микоплазма- 0,5-1,5% . 5. Риккетсиялар, патогендік гриптер . 6. Аллергия. 7. Табиғи және химиялық факторлар: салқын тию, күйік, сәуле, улар.
Патогенезі (басты механизмдері)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Қоздырғыш организмге екі жолмен енеді: а) эндогендік жол: стафилакокк, стрептококк, протей,пневмококк, ішек таяқссссшасы. б) экзогендік жол орнитоз қоздырғышы, микоплазма,пневмококк. 2. Организм реактивтілігінің өзгеруі және шартты патогендік флораның бас көтеруі. 3. Инфекцияның бронх арқылы тарауы 4. Бейімдеуші факторлар әсері 5. Бронхтың секреция бөлу функциясының бұзылуы мен оның кірпікшелі эпителийінің өзгеруі . 6. Мукоцилиарлық клиренстің өзгеруі мен гуморалдық иммунитеттің төмендеуі. 7. Паренхиманың жергілікті қорғаныс механизімдерінің әлсіреуі және қан айналысының бұзылуы. 8. Өкпе тканінің инфильтрациясы пайда болу. 9. Қабыну процесінің тарауы.
Клиникасы (басты синдромдар)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Жай қабыну синдромы: қалтырап тоңу, дененің қызуы, бас ауруы , қан қақыру, қызба, кеуденің ауруы, ЭТЖ өсуі, лейкоцитоз, СРБ,ДФА фибриногеннің көбеюі. 2. Өкпе инфильтрациясы синдромы: кеуденің зақымданған жағының тыныс алуда қалыңқы болуы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі, өкпе дыбысының әлсіреуі, везикула тынысының өзгеруі ,крепитация , рентгенологиялық белгілер. 3. Бронхообструктивті синдром: қақырық қиналып түсетін жөтел, экспираторлық демікпе, қысқырған өкпе дыбысының қорап реңі болуы, құрғақ сырылдардың естілуі. 4. Тыныс жетіспеушілік синдромы: демікпе,цианоз,ӨТС мен Тиффно-Вотчал тестігінің азаюы. 5. Жүрек әлсіздігінің белгілері болуы мүмкін 6. Астения синдромы: делсалдық, әлсіздік, тәбеттің болмауы, тез шаршау. 7. Басқа органдар мен жүйелер зақымдану синдромы:асқазан-ішек жолы, бүйрек, нерв жүйесі өзгерістері.
Емдеу принциптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ауруханаға жатқызу , жатқан орында жеткілікті ауа болу,құнарлы тамақтандыру және тамақтың ішінде белоктің, майдың ,көмірсудің, витаминдердің жеткілікті мөлшерде болуы. - Антибактериалық терапия , антибиотиктерді қосып беру және оларды сульфаниламидтермен беру. Биспецификалық ем: - Дезинтоксикация емі . - Өкпе тканіндегі микроцикуляция жақсарту - Артериалық гипотонияда- тамызғыш арқылы преднизолонның 30-40мг венаға жіберу. - Тыныс аналептиктері - Жүрек гликозидтері (строфантин, корглюкон) - Наркотиктер тобына жатпайтын жөтел дәрілері - Обструктивті синдромда эуфилин, сальбутамол,солутан