Нарын (Атырау облысы)

НарынАтырау облысы Исатай ауданындағы ауыл, Нарын ауылдық округі орталығы.

Ауыл
Нарын
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Исатай

Ауылдық округі

Нарын

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°02′27″ с. е. 50°31′32″ ш. б. / 47.04083° с. е. 50.52556° ш. б. / 47.04083; 50.52556 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°02′27″ с. е. 50°31′32″ ш. б. / 47.04083° с. е. 50.52556° ш. б. / 47.04083; 50.52556 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

№13 темір жол айрығы

Ауыл статусы

2006[1]

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

812 адам (2021)

Этнохороним

нарындық, нарындықтар

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

06

Нарын картада
Нарын
Нарын
Нарын картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Нарын картада
Нарын
Нарын
 Басқа мағыналар үшін Нарын деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

өңдеу

Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 50, облыс орталығынан 140 шақырым жерде орналасқан.

 

Халқы

өңдеу

1989 жылы елді мекенде 395 адам тұрған.[2] 1999 жылы тұрғындар саны 651 адам (312 ер адам және 339 әйел адам) болса, 2009 жылы 842 адамды (425 ер адам және 417 әйел адам) құрады.[3]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 812 адамды (454 ер адам және 358 әйел адам) құрады.[4]

Тарихы

өңдеу

Атырау- Астрахан теміржолы іске қосылуына байланысты теміржол бойындағы Нарын (№13 бекет) 1971 ж. қаңтар айынан бастап тұрақты түрде пайдалануға берілді. 1971 ж. наурыз айынан бастап Аққыстау стансасында орналасқан №285 құрылыс-монтаж пойызының құрылысшылары құрылыс жұмыстарын бастап, 1972 ж. мамыр айында жұмыстарын тоқтатты. 1974 ж. Ганюшкино стансасында орналасқан №18 құрылыс-монтаж пойыз жұмысшылары кұрылысты бастап, 1975 ж. қыркүйек айында 22 пәтерлік 2 үй, бастауыш мектеп, су айдау стансасы, жылу беру орталығы, балабақша пайдалануға берді.

Елді мекендегі көшелер

өңдеу
  • Ардагер көшесі
  • Болатжол көшесі
  • Достық көшесі
  • Жаңа құрылыс көшесі
  • Мектеп көшесі
  • Сазанқұрақ көшесі
  • Шұғыла көшесі
  • Ынтымақ көшесі

Әлеуметтік және мәдени нысандары

өңдеу

Нарын ауылында орта мектеп, балабақша жұмыс істеуде. Нарын дәрігерлік амбулаториясы, кітапхана, клуб, пошта, «Қазақтелеком» бөлімшесі қызмет көрсетеді. Атырау - Астрахан тас және теміржол желісі өтеді.[5]

Мектеп

өңдеу
  • "Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп" — 1975 жылдың қараша айында №79 бастауыш мектебі болып ашылды. 1994 жылдан бастап жалпы білім беретін орта мектепке айналды.[6]

Мектепке дейінгі балалар мекемесі

өңдеу
  • „Нарын“ балабақшасы — 2014 жылғы қараша айынан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаты 25 орын. Балабақшада 20 қызметкер жұмыс жасайды.

Шаруа қожалықтары

өңдеу

Жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында 01.01.2018 жылға 1441 бас мүйізді ірі қара, 5189 бас қой-ешкі, 1059 бас жылқы, 1009 бас түйе бағылып, ауы-шаруашылық өнімдерімен жергілікті халықты қамтамасыз етуде.

Ауыл суреттері

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу