Мұғалжар ауданы

Мұғалжар ауданыАқтөбе облысындағы аудан. Орталығы - Қандыағаш қаласы.

Қазақстан ауданы
Мұғалжар ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Қандыағаш

Ауылдық округтер саны

12

Қалалық әкімдіктер саны

3

Ауыл саны

34

Қала саны

3

Әкімі

Дархан Жанысханұлы Ермағанбетов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, №16

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°09′36″ с. е. 58°04′48″ ш. б. / 49.16000° с. е. 58.08000° ш. б. / 49.16000; 58.08000 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°09′36″ с. е. 58°04′48″ ш. б. / 49.16000° с. е. 58.08000° ш. б. / 49.16000; 58.08000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

29530 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

65 490[1] адам (2023)

Тығыздығы

2,2 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (92,6%), орыстар (5,16%), украиндар (0,68%), татарлар (0,56%), немістер (0,19%), басқалары (0,81%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71333

Пошта индексі

030700, 030701[3]

Автомобиль коды

04

Мұғалжар ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Мұғалжар ауданы

Облыс картасындағы Мұғалжар ауданы

Тарихы

өңдеу

1928 жылдың қаңтар айында Темір ауданы болып құрылды. 1932 жылғы 20 ақпанда 17 ауданнан тұратын Ақтөбе облысы құрылды, оның құрамына Темір ауданы кірді.

1935 жылы 29 желтоқсанда Темір ауданының солтүстік-шығыс бөлігінде Жұрын ауданы құрылды.

1962 жылы 12 желтоқсанда облыста 7 ауыл шаруашылығы ауданы мен бір Қандыағаш өнеркәсіптік ауданы құрылып, 1965 жылы таратылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығымен Темір ауданы Қандыағаш ауданы болып аталды, ал 1967 жылғы 11 қаңтарда Қандыағаш ауданының Қандыағаш кенті аудандық маңыздағы қала санатына енгізіліп, Октябрьск атауы берілді, ал ауданның өзі Октябрь ауданы болып өзгертілді.

1972 жылғы 10 наурызда Октябрь ауданынан Темір ауданы бөлініп шықты.

1997 жылғы 17 маусымда Октябрь ауданына таратылған Мұғалжар ауданы қосылып, біріктірілген аудан Мұғалжар ауданы болып аталды.[4] Октябрьск қаласына бұрынғы Қандыағаш атауы қайтарылды.

Мұғалжар ауданы (1966-1997)

өңдеу

Мұғалжар ауданы 1966 жылы 31 желтоқсанда Темір (қазіргі Мұғалжар) ауданының оңтүстік бөлігінен құрылды. Орталығы Ембі кенті болды. 1967 жылы Ембі кентіне қала мәртебесі берілді. 1986 жылы ауданда Ембі қаласы мен 8 ауылдық кеңес (Алтынды, Бақтыөзен, Егіндібұлақ, Еңбекші, Қайыңды, Құмжарған, Мұғалжар, Орқаш) болды.[5]

1970 1979 1989[6]
 39186 27266 29934

1997 жылы 17 маусымда аудан таратылып, аумағы Октябрь ауданына берілді.[7]

Географиялық орны

өңдеу

Аудан Ақтөбе облысының орталық бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Алға және Хромтау аудандарымен, оңтүстігінде Байғанин және Шалқар аудандарымен, батысында Темір, шығысында Әйтеке би аудандарымен шектеседі.

Әкімшілік бөлінісі

өңдеу
 
Мұғалжар ауданының әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 37 елді мекен 3 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақкемер ауылдық округі Ақкемер ауылы 5 2753
Ащысай ауылдық округі Ащысай ауылы 3 591
Батпақкөл ауылдық округі Жағабұлақ ауылы 5 2519
Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылы 2 418
Ембі қалалық әкімдігі Ембі қаласы 1 12783
Еңбек ауылдық округі Сағашилі ауылы 4 2576
Жем қалалық әкімдігі Жем қаласы 1 1355
Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылы 4 1353
Қайыңды ауылдық округі Қайыңды ауылы 2 1186
Қандыағаш қалалық әкімдігі Қандыағаш қаласы 1 34898
Құдайберген Жұбанов ауылдық округі Қаракөл ауылы 2 641
Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылы 3 967
Құмсай ауылдық округі Құмсай ауылы 1 577
Мұғалжар ауылдық округі Мұғалжар ауылы 1 1623
Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылы 2 751

Ірі елді мекендері

өңдеу
Атауы Статусы Халқы (2021)
Қандыағаш қала 34898
Ембі қала 12783
Мұғалжар ауыл 1615
Жем қала 1355
Ақкемер ауыл 1767
Сағашилі ауыл 1684
Жағабұлақ ауыл 1284
Жұрын ауыл 1188
Бірлік ауыл 721
Қайыңды ауыл 670
Басшилі ауыл 626
Құмсай ауыл 577
Талдысай ауыл 518
Алтынды ауыл 516
Қаракөл ауыл 506

Халқы

өңдеу
1939 1959 1970 1979 1989[8] 1999 2009[9] 2021
 23251 22914 41457 26654 40994 63812 62115 67326

Тұрғындар саны 67416 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (92,13%), орыстар (5,41%), украиндар (0,83%), немістер (0,19%), татарлар (0,59%), басқалары (0,85%).

Экономикасы

өңдеу

Аудан аумағымен “Бұқара-Орал”, “Жаңажол-Ақтөбе” газ құбырлары өтуде. Алыс және жақын шетелдердің 10-ға жуық ірі компанияларының жұмыс істеуі ауданның сауда-экономикалық қызметінің қанат жаюына мүмкіндік беруде. Кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі артты, шетелдік өнімдерді алмастыратын өндірістер даму үстінде. Соның нәтижесінде өнеркәсіп секторында өнім өндіру көлемі 287,4 миллиард теңгені құрады, яғни алдыңғы жылға қарағанда 104 пайызға өсті. Оның ішінде мұнай өндіру 8 991,3 мың тоннаға, газ өндіру 3 млрд. 798 млн. текше метрге жетті.

Республикамыздағы таңдаулы 30 серпінді жобаның алтауы Ақтөбе облысының еншісінде болса, соның бірі – Мұғалжар ауданының аумағында. Ол – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-тың үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысы. Бұл көлемді жобаның жалпы құны 800 миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт толық қуатындағы жұмысқа 2010 жылы қосылады. Тұрғындарының орташа айлық жалақысы 53 мың теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы

өңдеу

Аудан экономикасының дамуына ауыл шаруашылығының да қосып отырған үлесі зор. Мәселен, есепті кезең ішінде 2 млрд. 594 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, ол 2006 жылғыға қарағанда 18,6 пайызға артық. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің үлесі 2 млрд. 84 млн. теңгені құрайды. Ауданның мал шаруашылығының бағыты – етті сиыр, қой және асыл тұқымды жылқы. Мал басы жылдан-жылға өз төлі есебінен көбеюде. Мал шаруашылығының өркендеуіне байланысты ет, сүт, жұмыртқа, жүн өн­діру де алдыңғы жылға қарағанда едәуір артты.

Ауданда егін шаруашылығы да қатар дамуда. Қазір бұрынғыдай емес, жерді ұқыпты пайдалануға, оның құнарлылығын арттыруға, яғни агротехникалық талаптардың сақталуына көңіл бөлінуде. Диқандарды қолдау үшін көктемгі жұмыстар үшін Үкімет тарапынан арзандатылған бағамен 366,3 тонна жанар-жағармай және 719 тонна тұқым бөлінді. Облыстық бюджеттен тұқым, жанар-жағармай үшін 26 млн. 700 мың теңге қаралған.

Өткен жылы мектепке дейінгі мекемелер Бірлік, Қаракөл ауылдарында, Ембі қаласында ашылған балабақшалармен толыққан. Сондай-ақ Жем қаласындағы “Бал­бөбек” балабақшасы 3 есеге кеңейтіліп, 120 орындық болды.

Денсаулық сақтау саласы

өңдеу

Aуданда 3 аурухана, 1 емхана, 13 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 24 медициналық пункт тұрғындарға қызмет етуде. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуда, оларды жаңа аппаратуралармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде біршама жұмыстар жасалды. Өткен жылы Көктөбе және Жаңатұрмыс ауылдарында медициналық пункттер салынып, пай­далануға берілді.[10]

Дереккөздер

өңдеу