Жем (қала)
Жем — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала. Қазақстандағы халық саны бойынша ең кіші қала.
Қала | |
Жем | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Әкімі |
Бисенов Жұматай Убайдуллаұлы |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°46′11″ с. е. 58°04′17″ ш. б. / 48.76972° с. е. 58.07139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°46′11″ с. е. 58°04′17″ ш. б. / 48.76972° с. е. 58.07139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1960 |
Бұрынғы атаулары |
Ембі-5 (2000 жылға дейін) |
Қала статусы |
1967 |
Жер аумағы |
20,804 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1 286[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 (71334) |
Пошта индексі |
031300 |
Автомобиль коды |
04 |
Жем шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Жем |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 97 км жерде, Жем өзені жағалауында орналасқан. Атауы Жем өзеніне байланысты аталады. Ембі қаласынан батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан. Қала маныңда Карась әуежайы бар.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1142 адам (579 ер адам және 563 әйел адам) болса, 2009 жылы 1936 адамды (979 ер адам және 957 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1355 адамды (742 ер адам және 613 әйел адам) құрады.[3]
Қала тарихы
Жем қаласы Мұғалжар ауданының құрамына кіреді. Қала Жем өзенінің бойында орналасқан. Жем қаласының (бұрынғы Эмба-5) іргетасы 7 мамыр күні 1960 жылы құрылған. Сол кезде Ресей әскери бөлімі негізінде жабық әскери қалашық болып қалыптасып, ең көрікті әсем әскери шағын қалалардың бірі болған. Сонымен қатар әскери тәртіппен қалыптасып, мектеп, 2 балабақша, музыка мектебі, әскери госпиталь, 17 қонақ үйі, ЦУМ, офицерлер асханасы, үлкен гастроном, банк, қала маңында аэропорт, бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер мен жатақханалар болған. Көшелер асфальтталып, ауыр жүк машиналарының қозғалысына тыйым салынған. Бұл әскери қалашық 1999 жылға дейін өз қызметі шегінде жұмыс жасап келді. Полигон 1999 жылы «Капустин Яр» (Ресей, Астрахан облысы) полигонына ауысып, Ресей әскери бөлімінің ыдырауына байланысты қала иесіз қалып, 2000 жылы Мұғалжар ауданы әкімдігіне берілді. Одан кейін де Ресей әскери бөлімінің 1 ротасы қызмет жасап, 2010 жылдың сәуір айында толық жұмыстарын тоқтатып, Ресей еліне кері қайтты.
2000 жылдың қазан айында Жем қаласы деген статуспен шағын қалалардың қатарына қосылды. Жем қаласының аумағы 20,804 га. Қала аумағы 15 көшеден тұрады. 2017 жылғы 1 қарашадағы статистикалық есеп бойынша халқының саны - 1849 адам. Жем қаласын халқының басым бөлігі № 6655 және № 51809 «Ж» әскери бөлімінің қызметкерлері мен КА 168/5 түзеу мекемесінде жұмыс жасайтындар. Жем қаласы бойынша бір орта мектеп, бір балабақша, «Аула клубы», дәрігерлік отбасылық амбулатория, мәдениет үйі, АТС, почта, бір электр жүйесі бөлімі, «Жемжылу» КМК –ы, ҚАЖ 168/5 мекемесі, кешкі ауысымдық мектебі, колледж, №51809«К» әскери бөлімі, ҚР Ұлттық гвардиясының №6655 әскери бөлімдері және 27 жеке кәсіпкер (1 ресторан, 2 кафе, 1 наубайхана, 3 монша , 1 шаштараз, 1 дәріхана, 1 «Тұлпар» такси тұрағы, 17 дүкен) «Эн джин продакшн» ЖШС, «Е.Төлегенов» 1 шаруа қожалығы бар. Жем қаласында ораласқан «Тұлпар» такси қызметі арқылы Ембі қаласына жолаушылар таксиі қатынайды. Екі қаланың арақашықтығы 9 шақырым.
Галерея
-
Жем
-
Жем
-
Жем
-
Жем
-
Жем