Дэн Сяопин
Дэн Сяопин (Дың Шяупин) қыт. 鄧小平; (Туғаннан Дэн Сяньшэн қыт. 鄧先聖 (1904-1997)) - Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері.[1]
- 1915-1918 жылдары бастауыш мектепте білім алады.
- 1920 жылы Францияға оқуға кетіп, екі жылдан кейін осында құрылған Қытай коммунистік жастар одағына мүше болады.
- 1926 жылы саяси қызметі үшін Франциядан қуылып, Мәскеуге келіп, Сунь Ятсен атындағы университетте оқыды.
- 1927 жылы есімін өзгертіп, Қытайға қайтадан оралып, саяси күреске араласады. Ол Цзянси провинциясында болған котеріліске жетекшілік етті, Қытайдың 7-қызыл армиясын құрды, жапон басқыншылығына қарсы 8 жылға созылған азаттық күрес басшыларының бірі болды. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін (1949) Дэн Сяопин елдің басқару жүйесіндегі әртүрлі қызметтерде болды.
- 1956 жылы Қытай Коммунистік партиясы ОК-нің Бас хатшылығына сайланып, 10 жыл бойы осы қызметті атқара жүріп, Қытай коммунистері кәсемдерінің біріне айналды. "Мәдени төңкеріс" жылдарында (1966-1976) орнынан алынып, саяси қуғынға ұшырады. Дэн Сяопин саяси әміріндегі өрлеулер мен құлдыраулар оның принциптілігіне, батылдығы мен жаңашылдығына тікелей байланысты. Ол мәдени революция аяқталганнан кейін Қытай халқын "екінші төңкеріс" жасауға шақырды.
- 1978 жылы желтоқсан айында өткен Қытай Компартиясы ОК-нің 3-пленумында Дэн Сяопиннің жаңа бағдарламасы қабылданды, онда социализм жайында ел экономикасын нарықтық қарым-қатынастарға көшіру идеясы негізделді. Бағдарламада ел экономикасын дамытудың үш кезеңдік тұжырымдамасы бекітілді. Реформа алдымен ауыл шаруашылығында басталып, шаруаларға үкімет тарапынан қызу қолдау көрсетілді. Кейін ауыл шаруашылығындағы реформаның тәжірибесі қорытындылана келе, қайта құрулар толқыны қалаға қарай ойысты. Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайда экономика тез қарқынмен дами бастады. Д.Сяопин енді елдің шет елдермен қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту мәселесін көтерді. Осы мақсатта арнайы ашық экономикалық аймақтар құрылды. "Ашық есік" саясаты ел экономикасының даму қарқынын одан әрі жеделдетті. Қытайдың тұтастығын қалпына келтіру үшін ол нақты жағдайды ескере отырып, "бір мемлекет - екі құрылым" деген тұжырымдама ұсынды. Бұл саясатта өз жемісін беріп, 1997 жылы жүз жылдан аса ағылшын отары болған Сянган (Гонконг) аралы Қытайға бейбіт түрде қайтарылды.
- 1989 жылы өз өтініші бойынша зейнеткерлікке шыққан Д.Сяопин XX ғасырдағы "Қытай реформасының атасы" болып қалды. Ол өмірінің соңына дейін бас ақылшы ретінде елдегі саяси және қоғамдық істерге араласып отырды.
Дэн Сяопин 邓小平 | |
Дэн Сяопин 1979 жылы | |
Қытай коммунисттік партиясының басқарушысы
| |
---|---|
лауазымына ие болғаны 13 Қыркүйек 1982 – 2 Қараша 1987 | |
Ізашары | New office |
Ізабасары | Chen Yun |
Қытай коммунисттік партиясының
әскери комиссиясының басқарушысы | |
лауазымына ие болғаны 28 Маусым 1981 – 9 Қараша 1989 | |
Ізашары | Hua Guofeng |
Ізабасары | Jiang Zemin |
Ізашары | Zhou Enlai вакантты (1976–1978) |
Ізабасары | Deng Yingchao |
Ұлттық адамдар конгрессінің мүшесі
| |
лауазымына ие болғаны 18 Сәуір1959 – 21 Желтоқсан 1964 26 Ақпан 1978 – 19 Ақпан 1997 | |
Қытай Халық Республикасының бірінші вице-президенті
| |
лауазымына ие болғаны 17 Қнварь1975 – 18 Маусым 1983 | |
Ізашары | Lin Biao |
Ізабасары | Wan Li |
Дүниеге келгені | тамыздың 22 Гуанъань, Сычуань, Қытай првинциясы |
Қайтыс болғаны | 1997 ж. ақпанның 19 (92 жаста) Пекин Қытай |
Ұлты | Қытай |
Саяси партиясы | Қытай коммунисттік партиясы |
Жұбайы | Zhang Xiyuan (张锡瑗) (1928–1929) Jin Weiying (金维映) (1931–1939) Zhuo Lin (卓琳) (1939–1997) |
Балалары | Deng Lin Deng Pufang Deng Nan Deng Rong Deng Zhifang |
Қолтаңбасы | Дэн Сяопин's signature |
Суреттері
өңдеу-
Францияда оқып жүрген кезі
-
Дэн Сяопин 1941 жылы
-
Дэн Сяопиннің Джимми Картермен кездесуі
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |