Ақ сұңқар (лат. Falco rusticolus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.[1]

Ақ сұңқар

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Кіші табы: Желпіқұйрықты құстар
Ықшам табы: Neognathae
Сабы: Сұңқартәрізділер
Тұқымдасы: Falconidae
Тегі: Falco
Кіші тегі: (Hierofalco)
Түрі: F. rusticolus
Екі-есімді атауы
Falco rusticolus
Карл Линней, 1758
Синонимдері
List
  • Falco arcticus
    Holbøll, 1843
  • Falco candicans
    Gmelin, 1788
  • Falco islandus
    Brünnich, 1764
  • Falco obsoletus
    Gmelin, 1788
  • Falco rusticolus candicans
    Gmelin, 1788
  • Falco rusticolus grebnitzkii
    (Severtzov, 1885)
  • Falco rusticolus intermedius
    Gloger, 1834
  • Falco rusticolus islandus
    Brünnich, 1764 (but see text)
  • Falco rusticolus obsoletus
    Gmelin, 1788
  • Falco rusticolus rusticolus
    Linnaeus, 1758
  • Falco swarthi
    L.H. Miller, 1927
  • Hierofalco grebnitzkii
    Severtzov, 1885)
  • Hierofalco islandus
    (Brünnich, 1764)
  • Hierofalco rusticolus
    (Linnaeus, 1758)
  • Hierofalco rusticolus candicans
    (Gmelin, 1788)
Falco rusticolus


Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды. Қазір Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінде үш Ақ сұңқар бар.[2] Өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. Ұябасарының қанатының ұзындығы 38-42 см, салмағы 2 кг, аталығы кішілеу келеді, оның қанатының ұзындығы 34-37 см, салмағы 1 кг-дай болады. Арқасы көкшіл сұр, шұбар, бауыры, ақшыл, сондай-ақ іштерінде, шымқай ақ түстілері де кездеседі. Басқа сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыштардан айырмашылығы денесі ірі болады. Ұясын жартастың ернеуіне, ағаш басына салады.[3]

Ақ сұңқар жұптасып тіршілік етеді. Қыс айларында сұр шіл, кіші дүркептермен қоректенеді. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген. Құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Ақ сұңқар өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1966). Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Евразияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақстанда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлық, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.[4]

Статусы

өңдеу

3-ші санат. Сирек, Қазақста��да тұрақты түрде қыстамайтын түр. КСРО Қызыл кітабына (1984) тіркелген.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

өңдеу

Туыстың Қазақстан фаунасындағы тоғыз түрінің біреуі.

Таралуы

өңдеу

Солтүстік Америка мен Евразияның арктикалық аудандары. Жылдың салқын кездерінде құстардың бір бөлігі оңтүстікке қарай қонысын аударады. Қазақстанда қыстайтын ақсұңқарлар Көкшетау маңынан, сол сияқты республиканың оңтүстігі мен шығысында байқалған. 1933 жылы Көкшетаудың маңында реңі сұр ересек шәулісі (аталығы) атып алынған, оның тұлыбы Мәскеу университетінің Зоология мұражайының жиынтығында сақтаулы [5]. 1904 ж. желтоқсанда Шу өзенінің аңғарынан аңшы бір ақсұңқарды, екіншісін қай уақытта белгісіз – Талас өзенінің бойында ұстаған, бұл туралы Н.А. Зарудный хабарлаған [6]. Қазақстанның шығысында 1918 ж. наурызда Саурдың бөктерінде, 1974 ж. қарашада Ертістің аңғарында, 2006 ж. ақпанда Қатон-Қарағай маңындағы Бұқтырма аңғарынан кездескені белгілі [7][8][9].[10]

Мекендейтін жерлері

өңдеу

Тундра және орманды тундра. Қыстау кезінде Қазақстанда өзен аңғарлары мен тау бөктерлерінде кездестірілген. Бір ересек ақсұңқар бір ай бойы Алматы қаласында мекендеген.

Саны

өңдеу

Өте аз және Қазақстанда тұрақты қыстамайды. 12 жыл (1976-1988 жж.) ішінде екі рет есепке алынған.

Негізгі әсер ететін факторлар

өңдеу

Белгісіз.

Биологиялық ерекшеліктері

өңдеу

Моногам, сәуір-мамырда 2-5 жұмыртқа салады, 28-30 күн шайқайды, балапандары 46-49 күнде қанатына қонады. Құстар және орташа денелі кеміргіштермен қоректенеді [5][11]. Қазақстанда қыстау кезеңіндегі бақылаулар өте аз: Батыс Алтайдың бөктерінде бақылауға алынған ақсұңқар сұр шілдерді аулаған [7]. Алматы қаласында қыстаған құс бір ай бойы тұрақты аң аулау учаскесіне ие болып, кіші түркептерді аулады [12].

Қолда өсіру

өңдеу

Алматы хайуанаттар паркіндегі сирек сұңқарлар питомнигінде 3 ақсұңқар бар, олар көбеюге қатыспайды.

Қабылданған қорғау шаралары

өңдеу

Қазақстанда қорғау жайында арнайы шаралар қолға алынбаған.

Қажетті қорғау шаралары

өңдеу

Тұрғындар арасында жыртқыш құстарды қорғау қажеттігі жайында үгіт-насихат жүргізу, қолда өсіруді қарқынды түрде қолға алу.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

өңдеу

Республикада ақсұңқарларды бақылау жайындағы барлық деректі мәліметтер құнды болып табылады, оларды қолда өсіру әдістерін дайындау қажет.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
  2. Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты
  3. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  4. Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3
  5. a b Дементьев,1951
  6. Корелов, 1962
  7. a b Березовиков, Самусев, Хроков, 2000
  8. Хахлов, 2007
  9. Стариков, 2006
  10. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
  11. Красная книга КСРО, 1984
  12. Наши данные