Мазмұнға өту

Целиноград ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Целиноград ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Ақмол

Ауылдық округтер саны

21

Ауыл саны

48

Әкімі

Дарын Сабырғали

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, №34

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°23′35″ с. е. 72°03′55″ ш. б. / 51.39306° с. е. 72.06528° ш. б. / 51.39306; 72.06528 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°23′35″ с. е. 72°03′55″ ш. б. / 51.39306° с. е. 72.06528° ш. б. / 51.39306; 72.06528 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

7,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

81 803[1] адам (2023)

Тығыздығы

10,5 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (81,37%), орыстар (10,32%), немістер (1,68%), украиндар (1,61%), татарлар (1,2%), беларустар (0,84%), поляктар (0,41%), басқалары (2,57%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

010016-010029[3]

Автомобиль коды

03

Целиноград ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Целиноград ауданы

Облыс картасындағы Целиноград ауданы

Целиноград ауданы (1961 жылға дейін Ақмола ауданы) — Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Аудан орталығы — Ақмол ауылы.

Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола уезінің Ақмола және жартылай Ереймен, Есіл болыстарының жерінен Ақмола атауымен Ақмола округінің құрамында құрылған. Әкімшілік орталығы Ақмола қаласы болған. 1940 жылы 30 маусымда аудан орталығы бір-бірінен 2,5 шақырым қашықтықтағы Новоишимка және Семёновка ауылдарына, ал 1949 жылы Кирово ауылына (қазір Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал кенті) көшірілген. 1961 жылы аудан атауы Целиноград ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 243 Жарлығымен аудан орталығы кейін Ақмол болып өзгертілген Малиновка ауылына ауыстырылды.[4]

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан солтүстігінде Шортанды ауданымен, шығысында Ерейментау, Аршалы, батысында Астрахан, Қорғалжын аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Астана қаласы ауданды екі бөлікке бөледі.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жер бедері негізінен жазық. Батысы — борпылдақ жыныстан түзілген сәл белесті жазық, шығысы — ұсақ шоқылы белесті-төбелі жазық. Кен байлықтарынан силикаттық бұйымдар жасайтын құм, кірпіш шикізаты, отқа төзімді саз, минералдық бояу, құм, қиыршықтас, т.б. кездеседі.

Климаты континенттік. Қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың жылдық орташа температурасы –17 — 18°С, қардың орташа қалыңдығы 20 см. Жазы ыстық, құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 мм.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізінен қара және қызғылт қоңыр топырақты. Аудан аумағының көп жері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты жыртылған. Өсімдіктен бөрте жусан, ақ төскейшөп, бидайық, далалық сәлбен, шалғындық атқонақ пен түлкіқұйрық, селеу, бетеге, көде, өзен бойында қайың, көктерек, қарағай, терек, шегіршін, тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Құстардан: дала бүркіті, ұзақ, сауысқан, дала бозторғайы, сары және ақ шақшақай, көкек, шалғын және дала құладыны, барылдауық үйрек, шүрегей, қамыс сұлыкеші, т.б. мекендейді, сүт қо-ректілерден: дала суыры, кіші сарышұнақ, қосаяқ, дала тоқалтісі, қасқыр, борсық, түлкі, қоян, ондатра, күзен кездеседі.

1939 1959 1970 1979 1989[5] 1999 2009[6] 2021
 33726 45855 54250 53322 54367 42068 58451 78806

Тұрғындар саны 76891 адам (2019). Халқы көп ұлтты: қазақтар (79,32%), орыстар (11,42%), немістер (1,93%), украиндар (1,80%), беларустар (1,00%), татарлар (1,31%), поляктар (0,48%), басқалары (2,75,00%)[7][8] Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,0 адамнан келеді.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағындағы 48 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 16 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[9]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 1436 1172 81,6 711 583 82 725 589 81,2
Ақмол ауылдық округі 6143 13851 225,5 2960 6839 231 3183 7012 220,3
Арайлы ауылдық округі 4049 3909 96,5 2012 1996 99,2 2037 1913 93,9
Жаңаесіл ауылдық округі 3431 3145 91,7 1688 1568 92,9 1743 1577 90,5
Жарлыкөл ауылдық округі 2776 2626 94,6 1387 1316 94,9 1389 1310 94,3
Қабанбай батыр ауылдық округі 5937 8939 150,6 2973 4446 149,5 2964 4493 151,6
Қажымұқан ауылдық әкімдігі 683 960 140,6 339 485 143,1 344 475 138,1
Қаражар ауылдық әкімдігі 579 805 139 291 415 142,6 288 390 135,4
Қараөткел ауылдық округі 4655 10125 217,5 2369 5134 216,7 2286 4991 218,3
Қоянды ауылдық әкімдігі 2954 9545 323,1 1537 4762 309,8 1417 4783 337,5
Қызылсуат ауылдық округі 1598 1289 80,7 790 700 88,6 808 589 72,9
Мәншүк Мәметова ауылдық әкімдігі 817 709 86,8 404 356 88,1 413 353 85,5
Нұресіл ауылдық округі 2598 2458 94,6 1306 1230 94,2 1292 1228 95
Оразақ ауылдық округі 1825 2201 120,6 918 1133 123,4 907 1068 117,8
Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі 2516 2069 82,2 1268 1052 83 1248 1017 81,5
Родина ауылдық округі 1721 1650 95,9 821 811 98,8 900 839 93,2
Софиевка ауылдық округі 2106 2565 121,8 1074 1287 119,8 1032 1278 123,8
Талапкер ауылдық әкімдігі 3111 7969 256,2 1625 4027 247,8 1486 3942 265,3
Тасты ауылдық округі 1895 1375 72,6 947 692 73,1 948 683 72
Шалқар ауылдық округі 1260 833 66,1 609 426 70 651 407 62,5
Ыбырай Алтынсарин ауылдық әкімдігі 529 611 115,5 275 308 112 254 303 119,3
ЖАЛПЫ САНЫ 52619 78806 148,1 26707 39730 148,8 26744 39409 147,4

Ауданның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы 2006 жылы 2650,8 млн. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп орындарынан “Цефар” АҚ-ның (1992 жылдан) фарфор зауыты (Фарфоровое а.) жұмыс істейді. Ол 2005 жылы 8,4 мың т фарфордан жасалған асхана және ас үй ыдыстарын шығарды. Бұдан басқа “АРЭК” АҚ мен “АРЭК — энергосбыт” ЖШС-і халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен 55 шағын кәсіпорын, 273 шаруа қожалығы, 11,4 мың жеке шаруашылықтар шұғылданады (2005). Олардың ішінде 2 ААҚ, 17 ЖШС, 1 ӨК, 1 АҚ, 1 мемл. кәсіпорын, 1 ұжымдық серіктестік, т.б. бар. Осылардың қарамағында 7 шұжық цехы, 3 шағын диірмен, 3 макарон цехы, 2 сүт өңдейтін блок, 1 май сығатын цех, 3 наубайхана, т.б. жұмыс істейді. Аудан аумағында ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 834,5 мың га, оның ішінде жыртылған жер 411,6 мың га, шабындығы 33,1 мың га, жайылымы 325,4 мың га, орманы 400 га. 247,8 мың га егістік жердің 229,8 мың гасына дәнді дақылдар егілген; малазықтық дақылдар 16,6 мың га жерге егілді (2006). 2007 жылдың басында ауданда 33,0 мың мүйізді ірі қара, 24,3 мың қой мен ешкі, 7,9 мың жылқы, 7,6 мың шошқа, 515,5 мың құс болды. Олардан 10,0 мың т ет (тірі салмағы), 41,9 мың т сүт, 55,3 млн. жұмыртқа өндірілді. Ауданда 2006 ж. басында 1 балабақша, 26 орта, 14 орталау, 10 бастауыш мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, 1 жоғары оқу орнының бөлімшесі, 1 музыка, 1 спорт мектебі, 62 клуб, 68 кітапхана, 15 отбасылық-дәрігерлік емхана, 31 фельдш.-акушерлік пункт болды. Автомобиль жолы жақсы дамыған, олар Астана, Көкшетау, т.б. елді мекендермен байланыстырады. Аудан аумағы арқылы Астана — Қараталды (Қарталы), Қарағанды — Петропавловск, Астана — Павлодар темір жол өтеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]