Егіндікөл ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Егіндікөл ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
9 | ||
Ауыл саны |
12 | ||
Әкімі |
Юрий Викторович Курушин | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, №6 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°07′48″ с. е. 70°09′31″ ш. б. / 51.13000° с. е. 70.15861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°07′48″ с. е. 70°09′31″ ш. б. / 51.13000° с. е. 70.15861° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1970 | ||
Жер аумағы |
5,4 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
5 326[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (41,87%), орыстар (33,64%), украиндар (11,02%), беларустар (4,15%), немістер (3,6%), татарлар (1,61%), басқалары (4,11%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
020600-020608[3] | ||
Автомобиль коды |
03 | ||
Егіндікөл ауданы — Ақмола облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,4 мың км². Аудан орталығы – Егіндікөл ауылы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Краснознамен ауданы құрылды. Аудан құрамына Астрахан ауданынан Бесбидайық, Полтава, Атбасар ауданынан Қоржынкөл, Қорғалжын ауданынан Абай, Армавир, Буревестник, Калинин, Коммунар, Ушаков, Краснознамен ауылдық кеңестері енді. Аудан құрылған кезде 15 елді мекенде 16589 адам тұрған. 1980 жылы Жұлдыз ауылдық кеңесі құрылды. 1997 жылғы 14 қарашадағы Президент Жарлығымен Краснознамен ауданының атауы Егіндікөл болып өзгертілді.[4]
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Астрахан ауданымен, батысында Атбасар және Қарағанды облысының Нұра ауданымен, оңтүстігінде Қорғалжын ауданымен шектеседі.
Егіндікөл ауданы Сарыарқаның орталық бөлігінде, Есіл өзені мен Теңіз-Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер бедері негізінен жазық, тек орталығы (бөлігі) сайлы-жыралы, белесті келген (абсолюттік биіктігі 400 м). Жерінің көпшілігін жоғарғы плиоцен мен төменгі антропоген жүйелерінің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –18°С, кейде – 40°С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы 21°С. Кейде оның максимумы 42°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм.
Су жүйесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өзенің саласы – Талдысай өзенінің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым еспелер ғана бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан. Бастылары: Қожакөл, Жалманқұлақ, Егіндікөл, Жосалы, Жарлыкөл, Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 – 100 м тереңдікте жатыр және тұздылығы жоғары болғандықтан (3 – 10 г/л) пайдалануға жарамайды. Сондықтан ауданның барлық елді мекендеріне Нұра өзенінен су құбыры тартылған.
Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан жерінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ кең тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т.б. өседі. Даласында қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан тышқаны, қосаяқ; құстардан кезқұйрық, күйкентай, бозторғай; көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді.
Ірі елді мекендері: Абай, Бауман, Спиридоновка, Қоржынкөл, Буревестник, Жалманқұлақ, Ұзынкөл, Полтавское. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 518,8 мың га, оның 346,2 мың га-сы жыртылған, 1,0 мың га-сы шабындық, 171,5 мың га-сы жайылым. Аудан Егіндікөл – Астраханка – Макинск – Щучинск – Көкшетау автомобиль жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл – Новочеркасское – Астана автомобиль жолы арқылы Астана қаласымен байланысады. Егіндікөл – Атбасар темір жол тармағы арқылы Астана – Қараталды темір жол магистралімен жалғасқан.[5][6]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1979 | 1989[7] | 1999 | 2009[8] | 2021 |
---|---|---|---|---|
14672 | ▲15159 | ▼10050 | ▼6802 | ▼5468 |
1999 жылы тұрғындар саны 10050 адам (5092 ер адам және 4958 әйел адам) болса, 2009 жылы 6802 адамды (3389 ер адам және 3413 әйел адам) құрады.[9]
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудандағы 12 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | 170 | ▼105 | 61,8 | 94 | ▼45 | 47,9 | 76 | ▼60 | 78,9 |
Алакөл ауылдық округі | 620 | ▼439 | 70,8 | 321 | ▼241 | 75,1 | 299 | ▼198 | 66,2 |
Армавир ауылдық округі | 464 | ▼382 | 82,3 | 233 | ▼194 | 83,3 | 231 | ▼188 | 81,4 |
Бауман ауылдық әкімдігі | 778 | ▼529 | 68 | 379 | ▼262 | 69,1 | 399 | ▼267 | 66,9 |
Буревестник ауылдық округі | 227 | ▼161 | 70,9 | 119 | ▼84 | 70,6 | 108 | ▼77 | 71,3 |
Егіндікөл ауылдық округі | 3285 | ▼2820 | 85,8 | 1629 | ▼1403 | 86,1 | 1656 | ▼1417 | 85,6 |
Жалманқұлақ ауылдық округі | 186 | ▼164 | 88,2 | 99 | ▲101 | 102 | 87 | ▼63 | 72,4 |
Қоржынкөл ауылдық округі | 432 | ▼394 | 91,2 | 205 | ▲209 | 102 | 227 | ▼185 | 81,5 |
Ұзынкөл ауылдық округі | 640 | ▼474 | 74,1 | 310 | ▼244 | 78,7 | 330 | ▼230 | 69,7 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 6802 | ▼5468 | 80,4 | 3389 | ▼2783 | 82,1 | 3413 | ▼2685 | 78,7 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы | Халқы (2021) |
---|---|
Егіндікөл | ▼2820 |
Бауман | ▼529 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Қазақстан почталық индекстері
- ↑ Егіндікөл ауданы
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|
|