Мазмұнға өту

ZaQ (Ninety One)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
ZaQ (Зак)
Дулат Болатұлы Мұхаметқали
Толық аты

Дулат Болатұлы Мұхаметқали

Туған күні

8 ақпан 1996 (1996-02-08) (28 жас)

Туған жері

Семей, Қазақстан

Белсенділік жылдары

2014 — осы уақытқа дейін

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандықтары

әнші, рэпер ,музыкант ,биші

Дауыс түрі

Тенор

Жанрлары

Q-pop

Лақап аты

ZaQ

Ұжымдары

Ninety One

Лейблдері

JUZ Entertainment

juzent.com

Дулат Болатұлы Мұхаметқали, ZaQ (8 ақпан 1996 жылы туған, Семей, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық рэпер, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.

Дулат 1996 жылдың 8 ақпанында Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында інісі және қарындасы бар. 17 жасына дейін атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген, атасын пір тұтады. 2 сыныптан бастап хип-хоп мәдениетіне қызығушылық танытып, рэп жаза бастаған. Алматыға көшіп келгеннен кейін Raphana Rec андэграунд лейблінің қатысушысы.

Қазіргі кезде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілі пәні бойынша халықаралық пәнаралық олимпиада жеңімпазы.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1996 жылы ақпан айының 8-і жұлдызында Семей қаласында Дулат дүниеге келген болатын.

17 жыл бойы ата-әжесінің қолында өскен Дулаттың 8 жастан бастап рэпке қызығушылығы оянады. Әйгілі әртістерге еліктеп, рэперлер секілді киінуге ынтыға бастайды. Балалық шағында Eminem-нің шығармашылығымен өсіп, әлі күнге дейін шетелдік әріптесін рэп әлеміне жол көрсеткен адам деп құрметтейді.

"Атаммен және музыкамен өстім"

Ұстаздарының мектеп материалын жеткізу тәсілдері іш пыстырарлық деп, ақпаратты музыкадан алуды жөн санайды. Дулаттың ойынша, адамның қандай әуен тыңдағанына байланысты, музыка оның ішкі жан дүниесін де, өзін де өзгеріске ұшырата алады. Соның арқысында адам өзін сындыру арқылы, жаңа заттарды үйрену арқылы өсе бастайды.

"Өзіме керек білімді музыкадан аламын"

Ауылдың топырағын таптап өскен жас рэпер өзінің кішкене аймағында рэп саласын дамытуға тырысып жүреді. Алайда ісі ешкімге керек емес екенін көріп, қалаға аттануды аңсайды. Мақсаты - оқу емес, мүмкіндік қуалау. Алматы қаласындағы КазУМОиМЯ университетіне түскенімен, қолайлы жағдай туса, оқуды тастауға дайын екендігі туралы ата-апасын хабардар етеді.

"Ауыл ыңғайынан қалаға шыққаныма қуанышты болдым. Қозғалыс іздеп келгем. Сөйтсем, қозғалысты өзің істеуің керек екен".[1]

Шығармашылық жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғаш қадамы 4-ші сыныпта Алтын Күз тақырыбына төрт қана жол тақпақ жазу тапсырмасынан бастау алады. Ұйқастыруда, ұйқастыру арқылы ойын жеткізуде аса қиындық көрмеген болашақ рэпер бірден 20 жол қара өлең жазып тастайды. Тапсырма мұғалімнің қалауымен орындалмағандықтан, үздік баға Дулатқа бұйырмайды. Дегенмен, содан бері қолы қаламға ұмтыла бастайды.

Дулат 10-сыныпқа дейін қазақша мәтін жасауды дөрекі санап жүретін. Ақтаулық Домалақ атты рэперден алғаш рет ана тіліндегі рэп естіп, бұлай істеуге болатынына таңданады. Бұған дейін орысша жазып жүрген ZAQ, қазақша текстті ерекше әдемі етіп көреді. Ninety one тобының мүшесі болмай тұрып рэпердің өнер көрсетіп жүрген лақабаты Smile Slim болатын.

ZAQ мектептің соңғы жылдарында SM Entertainment Корей продюсерлік агенттігінің кастингіне қатысады. Орысша қазақшаға ауысып, жалпы рэпті уақытша қоя тұрған кезең болғандықтан, байқауда өзін биші ретінде сынап көрмекші болады. Қазылар алқасы оны би жанры бойынша басқалардан бөліп, фаворит етіп алады. Бірақ ауылға оралуымен, оқуды үлкен басымдылықпен жоғары қойып, байқауды жалғастырудан бас тартады. "Мектепте ҰБТ-ны керемет нәрсе қып көрсетеді, ол да бір жүк болды" дейді рэпер.

Қазір өткенге ешқандай өкінішсіз қарайды. Сол жарыстан өткеннің өзінде, SM-нің концепциясы өзіне жақпайтындығын айтты.

"Керемет дәрежеге жетсем де, менікі емес. Қазіргі кезім ұнайды".

Студенттік кезде де Дулат шығармашылығын тастамай, Raphana Records лэйблінің құрамында өнер көрсетіп жүрді.[1]

Өзінің сөздік қоры туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халық ауызында жүрген әндердің авторы сөздік қорын аса бай деп есептемейді. Тіпті, оның сөйлесу мәнерінде атқарар рөлі аз дейді. Тыңдаушылар ZAQ-тың сөздік қорына таңдай қақса да, рэпер кітап оқығанды ұнатпаймын деп сыр ашты. "Пайдалы екенін білсем де, зейінім жетпейді" деп бөліседі әртіс.

Мектеп қабырғасында Дулат орыс тілі олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып жүреді. Алайда әдебиетті нашар білгендіктен, қазақ тілінен жарыстарға қатысу қиынға соғатын.

"Қаншалықты көп сөз білгенің маңызды емес. Сол сөздерді құрасытырып, қалай жеткізе білуің маңызды".

Дулат 2-ші сыныптан бері Eminem тыңдап жүріп, одан енді шыққым келеді деп бөліседі. Кей сарындары соған ұқсап кетендігін де жасырмайды. Рэптен бөлек джаз, рок, хаус тыңдап, жиналған тәжірбисінен өз жолын табатынына сенімді.

Отандық рэперлерден Скриптонитті ерекше құрметтейді, қазіргі кезде шығармашылығын басқаша түсінемін дейді. Скрипиді әлемдік деңгейдегі рэперлерден біршама озық тұр деп те айтты.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ZAQ Жас Отан Орталық кеңес мүшелігіне енді. Саясатқа араласу оны Ninety One шығармашылығынан еш алаңдатпайды. Өзінің айтуы бойынша, жоғарыдан келген ұсынысқа ойланбастан келісті. Өйткені бұл жаңалыққа жауапкершілік сияқты емес, халыққа қажетті серпілісті жеткізе алу мүмкіндігі сияқты қарады. Сол мүмкіндіктің арқасында ойын барша мемлекетке естірткісі келеді.

"Дауыс енді естіледі. Алайда бәрібір бірінші орынға музыканы қоямын"[1]

2014 жылы ORDA Brothers құрған «K-TOP Idols» атты Қазақстандағы идолдар мен идол-топтарды құрумен айналысатын алғашқы, әрі бірегей жобаның жеңімпазы. 2014 жылдың наурыз айынан кәсіби әділқазылар бүткіл Қазақстаннан 24 дарынды жігіттер мен қыздарды таңдап алып, осы жобаны жүргізді. Жоба нәтижесінде жеңіске жеткендердің бірі ZaQ және A.Z..

Толық мақаласы: Ninety One

Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының рэпері. Топтың хореографиясын қоятын өзі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. «K-TOP Idols» жобасының жеңімпазы ретінде топтың алғашқы мүшелерінің бірі. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Қызықты мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
N I N E T Y    O N E
A.Z. · ALEM · ACE · ZaQ · BALA
Альбомдар: Айыптама (мини-альбом), Qarangy Zharyq, DOPAMINE
Синглдер: «Айыптама», «Қайтадан», «Қалай қарайсың?», «Қайырлы түн», «Ұмытпа», «Lady», «Бүгінгі күннен», «У (o_O)», «Айыптама мені», «Ля», «M.B.B.A.B.B.D», «Su Asty», «Yeski Taspa Bii'», «Bayau», «Mooz», «Sau», «Ah!Yah!Mah!», «E.YEAH», «ALL I NEED», «BOYMAN»,

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Кейіпкер
2017 Қағаз кеме Алай
2017 Ninety one Дулат
2018 91 TV Дулат
2018 Qara beri Дулат

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]