Toyota Camry

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Toyota Camry
[[Сурет:|300px|Toyota Camry]]
Жалпы мәліметтер

Toyota Camry (жап. トヨタ・カムリ, қаз. Тойота Камри) — Toyota компаниясының жеңіл автокөлігі. Жапония, АҚШ, Аустралия, Ресей және Қытайда өндіріледі. Кейбір мемлекеттерде бұл марка эксклюзивті орындалған «премиум» классына жатқызылады. 2014 жыл бойынша автокөліктің жетінші буыны шығарылуда. Қайнарына және буынына байланысты автокөлік модельдері орта немесе бизнес-классқа жатқызылады.

Еуропада Camry айтарлықтай сұранысқа ие бола алмады, сондықтан 2004 жылы сұраныстың аз болуынан және Toyota Avensis[1] моделін көп шығару ниетімен осы нарыққа бұл модельді шығару тоқтатылды.

«Camry» атауы 冠 (каммури) қытай иероглифінің жапонша фонетикалық айтылуы бойынша жазылған, ол «тәж» деген мағына береді, сол себепті, дұрыс айтылуы — «камри».

Қазақстанда бұл модель, фирманың басқа автокөліктерімен қатар жоғары тұрақты тұтынушы сұранысына ие[1], сол себепті 2005 жылы Ресейде Шушары селосында құрастыру зауыты іске қосылды[2], 2007 жылы 21 желтоқсанда зауыт бірінші автокөлікті іске қосты[3]).

Toyota Camry XV50 шанағында 2011-2019 жылдары арасында шығарылды. Жапонияның ішкі нарығында тек қана гибридті нұсқасы ұсынылды. Дизайн жағынан Жапония мен Ресейде шығарылған Camry Азия нарығына арналған "престиж" моделіне және XV50 шанағындағы Toyota Aurion-ға үқсаса, АҚШ нарығында үсынылған Camry-дің дизайны өзгешелеу болып келеді. 2014 жылы рестайлингтан өткен Camry жарыққа шықты.

Қауіпсіздік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Автомобиль австралиялық тәуелсіз қауымдастығының ANCAP тест сынағынан өткен және барлық өлшемдер бойынша 5 жұлдыз алды(тестілеуден Toyota Camry XV50 өзінің дəлме-дəл үлгіде жасалған Toyota Aurion атауымен өткен). 2012 жылы американдық қауіпсіздікті сақтандыру институты IIHS (Insurance Institute for Highway Safety) көлікті тестілеуден өткізген және 64 км/сағ жылдамдықпен деформацияланатын тосқауылдан, бүйірлік әсер етуде, және шатырын қаттылыққа тексеру кезінде аса жоғары қауіпсіздік көрсеткіштеріне ие болған. Бірақ машина бірінші краш тестте, 25% жабыны бар деформацияланатын тосқауылды 64 км / сағ жылдамдықпен соғу кезінде, өте төмен қауіпсіздік нәтижесін көрсетті: себебі алдыңғы сол жақ дөңгелегі ішке дерлік еніп, манекен аяғы тіпті зардап шеге жазжады, тіпті тізеге қауіпсіздік жастығының өзі көмектеспеді. Жүргізуші маңдай қауіпсіздік жастығына әсер ете алған да жоқ, руль жолаушы орындығына қарай көшті, және алдыңғы сол жақ төбесі деформацияға ұшырады, өз кезегінде бұл жүргізуші қауіпсіздігіне қатер төндірді. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдіктері дұрыс жұмыс істемеді. 2014 жылы, сол институт жаңартылған Camry және Prius 2014 моделдік жылының моделін сынақтан өткізді. Екеуі де «Acceptable» («қолайлы») деген жақсы баға алды. Инженерлермен кейбір әлсіз жақтары жойылды, атап айтқанда, соңғы сынақта дөңгелек Camry кабинасы басып кірген жоқ, ал бағандар неғұрлым берік болды.

Жабдықталуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресей Федерациясында шығарылатын көліктерде, конфигурациясына байланысты, көлік ксенон фараларымен, артқы камера, паркингке арналған датчиктермен, 9 қауіпсіздік жастығымен SRS (екі алдыңғы, төрт жақтаулық, «қоршау» және жаңа екеуі - жүргізуші үшін тізе қауіпсіздік жастықтары), былғары қаптаумен, және т.б. жабдықталған. 2013 жылдан бастап, «Стандарт» конфигурациясында карбонға арналған әрлеу бар.

Қозғалтқыштар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бастапқыдағы 3,5-литрлік V6 қозғалтқыштың 277 а.к. қуаты бар, бірақ 2013 жылы Ресей нарығына 249 а.к бар қозғалтқыш жіберілді. Көлік қуатын төмендетудің себебі - көліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалды. Орнына 148 литр бұрынғы екі литрлік 1AZ-FE қозғалтқыш қуаты бар. 2014 жылғы рестайлинг кейін Ресей нарығына арналған седанды сыйымдылығы 2.0 литр 150 а.к. бар қозғалтқышпен жабдықтау баста��ды, және автоматты төрт кезеңді беріліс қорабы алты кезеңді беріліс қорабына ауыстырылады келді[4].

Қозғалтқыш Қуаты Максималды айналу моменті Аралас циклдегі жанармай шығыны
1,8 литрлік 125 а.к. 120 Н·м 8 л/100км
2 литрлік 148 а.к. 190 Н·м 8.3 л/100км
2,5 литрлік 181 а.к. 231 Н·м 7.8 л/100км
3,5 литрлік 249 а.к. 346 Н·м 9,3 л/100км

Динамикалық көрсетікіштері:

Қозғалтқыш көлемі максималды жылдамдығы 0-100 км/с үдеткіші Қуаты Беріліс қорабы
1,8 литрлік 180 км/с 13 сек 125 а.к автомат 4 сатылы
2 литрлік 190 км/с 12,5 сек 148 а.к автомат 4 сатылы
2,5 литрлік 218 км/с 9 сек 181 а.к автомат 6 сатылы
3,5 литрлік 218 км/с 7,0 сек 249 а.к (бастапқыда 277) автомат 6 сатылы
  1. a b Ciferri, Luca Toyota says ‘No’ to Camry for Europe  (ағыл.). Automotive News Europe (6 ақпан 2006). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қаңтар 2013. Тексерілді, 13 қараша 2007.
  2. Владимир Путин встретился в Санкт-Петербурге с экс-премьером Японии Иосиро Мори. Российская газета (14 маусым 2005). Тексерілді, 13 қараша 2007.
  3. Матвиенко: Завод «Тойота» выпустит первый автомобиль 21 желтоқсан. Росбалт Петербург (20 қазан 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 маусым 2012. Тексерілді, 13 қараша 2007.
  4. Toyota Camry жаңартылған седанына тапсырыстар түсе бастады  (орыс.). Wroom.ru (30 октября 2014). Тексерілді, 7 қараша 2014.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]