Мазмұнға өту

To dråper vann

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«To dråper vann»
Екі тамшы су
Marcus & Martinus синглі
Hei альбомынан
Шығарылды

2012

Түрі

сингл

Жанры

поп

Тілі

норвег

Ұзақтығы

2:44

Marcus & Martinus синглдері хронологиясы
«To dråper vann»
(2012)
«Leah»
(2013)

«To dråper vann» (қаз. Екі тамшы су) — 2012 жылы шығарылған норвегиялық музыкалық дуэт Marcus & Martinus әні. Ән Melodi Grand Prix Junior 2012 балалар ән байқауы үшін жазылып, байқауда жетістікке жетті. 2002 жылдан 2022 жылға дейін жыл сайын Норвегиялық хабар тарату корпорациясымен (NRK) өткізіліп келген Melodi Grand Prix Junior байқауында Marcus және Martinus 2012 жылғы 1 қыркүйек күні өткізілген финалға шығып, жеңіске жетті. Ән VG-lista чартында бір апта ең жоғарғы 8-позицияда болды.[1] Ән 2015 жылы «Hei» альбомының құрамына енді.

Melodi Grand Prix Junior 2012

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2002 жылдан 2012 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келген Melodi Grand Prix Junior балалар ән байқауының 2012 жылғы шығарылымына Норвегиялық хабар тарату корпорациясы (NRK) 513 ән қабылдап, қазылар алқасы ішінен 10 әнді финалға іріктеп алды. Финал 2012 жылғы 1 қыркүйекте, сенбі күні Норвегияның Осло қаласында орналасқан «Oslo Spektrum» аренасында өтті. Байқаудың жүргізушілері Маргрете Рёд пен Туджи болды. Қатысушылардың арасында бір топ, екі ағайынды дуо және жеті соло әншілер болды.[2]

Алдымен он финалист өз әндерін орындады, ал телекөрермендер олардың төртеуіне суперфиналға шығу үшін дауыс берді. Суперфиналға шыққан төрт ән қайтадан орындалды және телекөрермендер жеңімпазды анықтау үшін қайтадан дауыс берді.

Жеңімпаз телекөрермендердің дауысы арқылы анықталды, оған тек SMS немесе MGPjr сайты арқылы дауыс беруге болады. 2012 жылғы байқауда тек жеңімпаз ғана жария етілді, қалған әндер орынсыз қалды және суперфиналист төрт әннің алған ұпайлары да белгісіз болып қалды. Жеңімпаздар Трофорс қаласынан он жасар егіз ағайынды Маркус пен Мартинус болды. Бұл олардың мансабының басталуы болды.[3][1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b VG-lista for Marcus & Martinus. VG Nett. Тексерілді, 16 қараша 2016.
  2. Finalistene 2012. Norsk rikskringkasting. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 мамыр 2017.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 16 қараша 2016.
  3. MGPjr 2012 – finale. Norsk rikskringkasting (1 қыркүйек 2012). Тексерілді, 16 қараша 2016.
Марапаттар мен жетістіктер
Ізашары:
«Trenger deg» әнімен
Sval
Melodi Grand Prix Junior жеңімпазы
2012
Ізбасары:
«Så sur da» әнімен
Unik 4