Subway Surfers
Subway Surfers | |
---|---|
Жасаушы | Kiloo және SYBO Games |
Баспагер | Kiloo |
Локализатор | Kiloo |
Шығарылған күні |
Мамыр 2012 - Мамыр 2014 |
Тасымалдайтын құрылғылар |
iTunes, Google Play, Kindle Fire-ға арналған Amazon Appstore және Windows Phone Store |
Платформалар | iOS, Android, Windows Phone 8, Windows XP, Windows 7, Windows 8 |
Ойын режимдері | Бір ойыншы |
Жүйелік талаптар |
iOS, Android, Windows |
Сайт | Ресми сайты |
Subway Surfers (ағылш. Жер астындағы темір жол сёрферлері) — SYBO Games компаниясының Данияда орналасқан Kiloo атты жеке компаниямен бірігіп жасаған шексіз жүгіріс жанрындағы мобильдік ойыны. Android, iOS and Windows Phone платформаларында ойналады. Ойыншы метро қабырғасында граффити салғаны үшін ұсталып қалмау үшін полицей мен оның итінен теміржол бойымен қашып жүретін сотқар жасөспірім (хулиган) рөлінде болады. Хулиган аватарлары жүгірген сайын пойыз вагондары және өзге де нысандармен соқтығысып қалудан қаша отырып, ауадағы алтын тиындарды қағып алып, жинайды.
Subway Surfers тұңғыш рет 2012 ж. мамырда іске қосылды. Алғашында жаңартулар маусымдық мейрамдарға негізделді. 2013 ж. қаңтарын��н бастап жаңартулар ай сайын жаңа қалада орын алатын "Ғаламдық тур" (World Tour) тақырыбындағы ойын желісіне негізделетін болды. 2014 ж. мамырындағы мәліметке сәйкес ойында он бес қала көрініс тапты. Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро, Сидней, Рим, Токио, Майами, Париж, Бейжің, Мәскеу, Жаңа Орлеан, Лондон, Мумбай, Сеул, Мехико, Ванкувер Сан-Паулу ең кемінде бір рет көрінді. Майами, Нью-Йорк, Рим, Токио және Париж екі реттен көрсетілді.
Ойын барысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойынның мақсаты — белгілі бір сотқар кейіпкерді шегі жоқ ойын әлемінде кездейсоқ жасалған кедергілерден өтіп, мүмкіндігінше ұзаққа бару. Кедергілерден сытылып шығу үшін белгілі бір мәнерде әлсін-әлсін пайда болып тұратын power-up'тарды қолдану арқылы сол кедергілерден не секіріп (саусақты алға қарай сырғыту), не астымен домалап өту (саусақты артқа қарай сырғыту) және/немесе келіп қалған вагондардан бұрылып кету (саусақты оң не сол жаққа сырғыту) керек. Ойын барысы 3D перспективада орын алады. Ойыншы таңдаған кейіпкер жүгіре отырып тиын жинайды, арасында ховербордпен қозғалып, нысандардың үстінен секіріп, астымен домалап, вагондардың үстінен қалықтай алады, тіпті көкте сызық бойымен самғай да алады. Ойында арнайы миссиялардың тапсырмаларын орындағаны үшін ойыншыларын бонустар үлестіріледі.
2013 жылғы қаңтардан бастап ойынның ай сайынғы жаңартуларында жаңа қала ұсынылады. Айырмашылық, көбіне, тек графикада ғана, ал ойын барысы сол күйінде. Әрбір жаңа қала жергілікті мекенге таныс өзінің жаңа кейіпкерін және жергілікті мәдениетке сәйкес безендірілген ховербордын таныстырады. Аталған екі элементті де шектеулі уақыт аралығында (бірақ кейін ойыншының жинағында тұра береді) ойын ішіндегі олжаланған алтын тиындар арқылы сатып алуға мүмкіндік бар. Ойын туристік стереотиптерді әдеттегіден өзгеше қолданады. Мысалы, Париждегі нұсқасында жергілікті кейіпкер ретінде көше мим актері таныстырылса, үшжалаулы ховерборд Франция туына негізделіп алынған болатын, сондай-ақ миниатюрлі Эйфель мұнарасы сувенирлік олжалар түрінде көрсетілді.
Басқа да тегін мобильді/планшет ойындары сияқты Subway Surfers те "әдепкіде тегін" боп келеді. Ойыншылар онлайн режимде шынайы ақша төлемей-ақ еркін түрде ойындағы мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Қызығушылық білдірген қолданушылар онлайн режимдегі сатып алу кезінде ойнау тәжірибесін жеңілдетеді және виртуалды қаражатын көбейтеді. Ойынның ішіндегі саудада виртуалды қаражаттың екі түрі қолданылады: алтын тиындар (көп мөлшерде) және көк кілттер (аз мөлшерде).
Кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аватар ретінде қолдануға Subway Surfers күнделікті (кез-келген уақытта алуға болатын) және арнайы кейіпкерлерді (тек шектеулі уақыт аралығында қол жетімді) ұсынады. Барлық кейіпкерлер — векторлық графикада суреттелген, стильді, басы үлкен және денесі шағындау келген мультперсонаждар. Кәмелетке толмаған бұзақылар жас бойынша өтпелі кезеңді енді бастап жатқан жасөспірімнен бозбалалық өмірге аяқ басқалы тұрған жасөспірімге дейінгі аралықтағы ретпен орналасқан (олардың киімдері әрқилы уақыт аралығын көрсетіп тұрса да).
Жастар қызығушылық танытатын бірқатар нәрселер Subway Surfers кейіпкерлерінде көрініс тапқан. Мысалы: сән және ермек саласынан - косплей, брэйк биі, фанк, стимпанк, Готика және хеви-метал; спорт түрлерінен - скейтбординг, серфинг, жеңіл атлетика, баскетбол және футбол; сондай-ақ мәдени дәстүрлерден - көше театры, карнавал костюмі және самба, ұлттық билер және мим.
Джейк (Jake) - әдепкі ойын режиміндегі Subway Surfers кейіпкері және франшизаның негізгі тұлғасы. Джейк ойынның иконаларында тұрады және жаңадан келгендерді қарсы алады. Қалған кейіпкерлердің барлығы "құлыптан босатылуы" керек. Мұны іске асырудың екі жолы бар. Кей кейіпкерлерді құлыптан босату үшін ойынды жүргізу кезінде белгілі бір атрибуттарды жинау керек. Атрибут ретінде киім үлгісі (мысалы, қалпақ) немесе аспап (мысалы, бумбокс) болуы мүмкін. Сондай-ақ басқа кейіпкерлерді блоктан босатуды кез-келген уақытта виртуалды төлем төлеу арқылы да жасауға болады. Барлық арнайы кейіпкерлер осы жолмен блоктан ашылады, сондай-ақ кең қолданылатын кейіпкерлердің қосымша сыртқы киімдері де сол сияқты.
Өзімен бірге итін жетектеп жүретін Полицей экрандағы кейіпкерлердің ізіне түсумен болады. Ол үнемі бір кейіпкер болғасын, оның тек киім формасы ғана жергілікті мекенге байланысты ауысып тұрады. Жаңа Орлеан нұсқасында полицейді жанында қаңқалы иті бар Франкенштейн құбыжығы алмастырған болатын, ал Лондондық нұсқада ол Санта Клаус боп әрленсе, екінші рет болған Рим нұсқасы кезінде ол Пасха қояны (Easter Bunny) боп киініп алады.
Рейтингі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2014 жылғы наурыздағы мәлімет бойынша ойын 400 миллион рет жүктелген.[дереккөзі?]
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми уеб-сайты Мұрағатталған 3 маусымның 2014 жылы. (ағыл.)
- Ойынның YouTube-тағы трейлері (ағыл.)