M&M's
M&M's | |
| |
Авторлық | |
---|---|
Пайда болды |
1941 |
M&M's («эм-энд-эмс» деп айтылады) — Mars LLC фирмасында шығарылатын атақты шоколадты кәмпит. Олар алғашында 1941 жылы АҚШ-та шығарылды және қазір 100-ден астам елдерде сатылады. Қысқартылған сөз M&M’s Mars & Murrie’s деген мағынаны білдіреді. Бұлар компанияның негізін салушылардың тегі болып табылады. Кәмпиттердің түсі әртүрлі және сауда таңбасының бірегейлігін көрсету үшін кәмпиттің әрқайсысы "М" деген әріппен таңбаланған. Оның бірнеше дәмі бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1941 жылы 3 наурыз - M&M’s-тің шығуы.
1950 жылы - кәмпитке қара түсті «M» әріпі жазылды.
1954 жылы - кәмпитке ақ түсті «M» әріпі жазылды. M&M’s жержаңғақ дәмімен шықты.
Кейіпкерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сары - ақымақ. Жержаңғақ дәмімен жарнамаға түседі .
Қызыл - арсыз, қысқа бойлы, бірақ ақылды. Сүтті шоколадты кәмпитті жарнамалайды.
Жасыл - жалғыз қыз. Кәмпиттің жалбыз дәмін жарнамалайды.
Қызыл-сары - толығырақ. Жарнамада орман жаңғағымен шығады.
Көк - өзімшіл, сондықтан, қара көзілдірік киеді. Кәмпиттің бадам дәмін жарнамалайды.
Шоколад - өзін жоғары қоятын кейіпкер. Бірақ ол ыстыққа шыдай алмай еріп кетеді. Сонымен қатар 1996 жылы жарнамалардың бірінде кездеседі.
Сұр - жеңілдетілген бағамен сатылатын кәмпиттерді жарнамалады.
Қоңыр - Ms. Brown кәмпиттердің сауда өкілі.
Күлгін - қыздарға арналған кәмпиттерді жарнамалайды.