Мазмұнға өту

Ice Bucket Challenge

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
ALS Ice Bucket Challenge қатысушы суреті

The Ice Bucket Challenge, кейде ALS Ice Bucket Challenge, мұзды суды басқа төгу арқылы латерлды амиотрофиялық склероз ауру жайында ақпаратты көпшілікке таныстыру және зерттеуге қажетті қаражатты жинауға бағытталған шара. Акция 2014 жылы шілде тамыз айлары арасында әлеуметтік желілерде вирустық танымалдыққа ие болды.[1][2] АҚШ-та адамдар ALS қауымдастығына, Ұлыбританияда MND (Motor Neurone Disease) қауымдастығына ақша аударды.[3] Қазақстанда Ice Bucket Challenge қаржылары жеке қорлар мен басқа да қайырымдылық мақсаттарына жіберілді.

Акция шарты бойынша адам өз басына мұздай суды құйып видеосын шығару керек. Сонымен қатар акцияға қатысушы басқа адамдарға шақырту жібере алады. Шақыртуға жауап беру үшін 24 сағат беріледі. Сол уақыт ішінде шақырылған адам мұзы бар суды құюы шарт. Одан бас тартқан жағдайда қайырымдылыққа ақша беру тиіс.[4]

Пайда болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Суық суды басқа құя отырып қаражат жинақтау идеясы бірнеше жерде кезігеді. 2013 жылдың ортасы мен 2014 жылы "Cold Water Challenge" шаралары әлеуметтік желілерде АҚШ-тың солтүстік аудандарында кең танымал бола бастады. Шараға қатысушылар суық суға секірулері керек. Одан бас тартқан жағдайда ракты зерттеуге қаржы беру тиіс болатын.[5]

Атланта қырандары ойыншылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері Ice Bucket Challenge-ге қатысуда

Шақырту жіберілгеннен кейін 24 сағат ішінде акцияны жалғастыру үшін, өзі бар видео түсіруі керек. Біріншіден, шақыртуды қабыл алу үшін тұрған шелек суға мұз салады. Кейін қатысушы шелектегі суды басына төгеді. Содан соң басқа адамды шақыру құқығына ие болады. Шақырту жіберілген адам акцияға қатысады, не қайырымдылық жасауды таңдайды. Екі әрекетті де істеуге болады. Акцияның бір нұсқасында, шақырту алынған адам $10 беруі тиіс (басқа су құюмын қатар). Бас тартқан жағдайда $100 қосады.[6]

Оңтүстік Каролина губернаторы Никки Халей ALS Ice Bucket Challenge-ге қатысуда
Мэт Деймонның Ice Bucket Challenge видеосы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Lost Coast of New Zealand Charities benefit from viral ice challenge. TVNZ (9 шілде 2014). Тексерілді, 17 тамыз 2014.
  2. News. Cancer Society Auckland. Тексерілді, 17 тамыз 2014.
  3. MND Association The MND Ice Bucket Challenge | Latest News. MND Association. Тексерілді, 18 тамыз 2014.
  4. Arco, Matt Governor Chris Christie gets in on 'Ice Bucket Challenge', dares Cory Booker. Nj.com (тамыз 13, 2014). Тексерілді, тамыз 13, 2014.
  5. Perez, Iris DNR: Don't rise 'Cold Water Challenge'. MyFox Twin Cities. Fox Television Stations (25 маусым 2014). Тексерілді, 17 тамыз 2014.
  6. Health: Local ALS Researchers Take Ice Bucket Challenge. CBS Philadelphia (тамыз 12, 2014). Тексерілді, тамыз 17, 2014.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]