Мазмұнға өту

Adam A500

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A500
Adam Aircraft A500, Front Range әуежайы, Денвер, Колорадо, АҚШ
Adam Aircraft A500, Front Range әуежайы, Денвер, Колорадо, АҚШ
Түрі

Жеңіл жолаушы ұшағы

Өндірушісі

Adam Aircraft Indutries

Алғашқы ұшуы

2002 жылдың 11 шілдесі

Статусы

Шығарылуы аяқталған

Өндірілген бірліктері

7

A500 Ортаққорда


Adam A500 - американдық Adam Aircraft Indutries компаниясы шығарған 6 орынды азаматтық бизнес-ұшақ. Adam Aircraft компаниясы 2008 жылы ақпанда өзін банкрот деп жариялағанға дейін тек 7 ұшақты ғана өндірді. 2008 жылы сәуірде банкрот болған Adam Aircraft-ті AAI Acquisition компаниясы сатып алды. Жаңа компания өзінің басты мақсаты A700 ұшағының сертификаттауы екенін және поршеньді ұшақтар рыногының нашарлауына байланысты A500 ұшағының ендігі шығарылмайтынын жариялады. А��айда 2009 жылы сәуірде AAI бизнестен ешбір ұшақсыз шықты. 2009 жылдың маусымында жаңа сатып алушы - Triton America and Thomas Hsueh өзінің A500 ұшағының дизайнын сатып алып ұшақтың шығарылуын қайта жандандыруға қызығушылық танытқандығының белгілері байқалған. 2011 жылы сәуірде Triton Aerospace (Skagit Regional әуежайы, Берлингтон, Вашингтон штаты, АҚШ) өздерінің Adam компаниясын сатып алығандығын және A500 ұшағының өндірісін қайта жандандыратынын жариялады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өндіруші компанияның ресми сайты Мұрағатталған 25 мамырдың 2001 жылы.