(243) Ида

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
(243) Ида
Ашылу деректері
Кім ашқан: Иоганн Пализа
Ашылған күні: 29.09.1884
Баламалы атаулары:1988 DB1,
A910 CD, A884 SB
Санаты: Негізгі белдеу
Орбиталық сипаттамасы[1]
Дәуірі 31.07.2016
Афелиі: 446,372 млн ш
Перигелиі: 410,084 млн ш
Үлкен жарты осі: 2,861 а. б.
Эксцентриситет: 0,0411
Орбитамен айналу: 4,84 жыл
Орташа орбит. жылд-ғы: 17,596 ш/с
Мағыналы ауытқысы: 38,707°
Орбитаның қиғаштығы: 1,132°
Үдемелі түйін бойлығы: 324,016°
Перигелий аргументі: 110,961°
Физикалық сипаттамалары
Диаметрі: 59,8 × 25,4 × 18,6 шақырым
Массасы: 4,2·1016 кг
Тығыздығы: 2,6 ± 0,5 г/см³
Экватордағы еркін түсу үдеуі: 0,0109 м/с²
жыту жылдамдығы: 18,72 м/с
Альбедо: 0,2383
Спектр түрі: S
Абс. жұлд. шама: 9,94

(243) ИдаНегізгі белдеу тобының астероиды.

Оны 1884 жылы 29 қыркүйекте Иоганн Пализа Вена обсерваториясында ашты.

Грек мифтерінен белгілі болған нимфалардың біреуі Иданың құрметіне орай аталды.

1993 жылы 28 тамызда астероид жанынан Галилео ғарыш кемесі ұшқан. Ол түсірген фотоларды зерттеу кезінде Иданың серігі бар екені анықталды. Бұл астероидтарда ашылған алғашқы табиғи серік болды.

Галилео Иданың алғашқы суретін 240 350 шақырым қашықтықтан түсірді. Астероидқа ең жақын ұшуы 2390 шақырымды құрған.[2]

Астероидтың кратерлері мен шоқылары көп. Құрамы жағынан, негізі, оливин мен пироксендерден тұрады.

Кратерлердің көбісі Жердегі әйгілі үңгірлердің атымен аталған; ең үлкен кратер Ласко 12 шақырымға созылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]